Press-center
27th February 2017

Он бірінші Kcell Store Алматыда есігін ашты

2017 жылы «Кселл» өзінің ритейл желісін Қазақстанда кеңейтуді жалғастыруда.

Алматыда «Кселл» компаниясының ритейл-желісінде он бірінші Kcell Store ашылды. Дүкен «АDК» сауда ойын-сауық кешенінде орналасқан және оңтүстік астанадағы алтыншы болып табылады. Жаңа дүкеннің ашылуына байланысты 24-нен бастап 27-ші қаңтар аралығында  Samsung және LG телефондарының кейбір үлгілеріне жеңілдік жасалады. 

«Осы жылдың наурызында Kcell Store эксклюзивті бөлшектеп сату желісінің бірінші дүкенінің ашылғанына 2 жыл толады. Компания қазірдің өзінде Қазақстанның 6 қаласында жұмыс істейтін өзінің желісін кеңейтуді жалғастыруда. Біз бүгін он бірінші дүкенді іске қостық. Біздің Kcell Store үлкен танымалдылыққа ие: бүкіл Қазақстан бойынша оларда 1,3 миллионнан аса адам болған. Біздің кеңесшілер iPhone өнімі бойынша Apple компаниясымен сертификатталған. Біздің дүкенде Samsung смартфондары мен планшеттерін пайдаланушылар тегін кеңес ала алады және өздерінің дейвайстерін баптау жасата алады. Біз біздің дүкендеріміздің санын кеңейту мақсатында белсенді жұмыс істейміз. Қазір смартфондардан, роутерлер мен аксессуарлардан басқа біз аты аңызға айналған «Marshall» акустика брендінің құлаққаптарын және ықшам колонкаларын ұсынамыз. Осының бәрі дәстүрлі жоғары деңгейлі қызмет көрсетумен бірге біздің желіні қазақстандықтар арасында осындай танымал етеді. Абоненттерге біздің жаңа нүктемізде қызмет алуға өте ыңғайлы болады деп үміттенеміз», – деп «Кселл» АҚ-ның бас атқарушы директоры Арти Отс пікір айтты. 

Kcell Store-де келушілер кеңесшілерден әртүрлі смартфондардың артықшылықтары туралы біле алады, сол жерде сатып алар алдында сынақтамадан өткізе алады және қалыпты қызметтер шоғырын ала алады, мысалы, нөмірді қосу, тарифті таңдау, теңгерімді толтыру сияқты қызметтер. 

Соңғы мәліметтер бойынша компания дүкендерінде ең көп сатып алынатын смартфондар үлгілері iPhone 7, Samsung А топтамасы, Huawei Y5II болып табылады. Ал ең жиі көрсетілетін қызмет – бұл кеңес беру және «келісім-шарттық телефондарды» сату. Осы дүкенде сатып алуға болатын жаңа өнімдердің арасында «Oppo» смартфондары көрсетілген. Kcell Store супервайзерлерінің айтуы бойынша дүкенге мобильді технологиялардың алдыңғы қатарында болуға ұмтылатын адамдар келеді және «мобильді» жаңа өнімді бірінші сынақтамадан өткізуге асығады. 

Kcell Store мекен-жайы: Алматы қ., Сәтбаев көшесі 90/28, «АDK» СОК, дүкен күнделікті 10.00 бастап 22.00 дейін жұмыс істейді.