«Бонустық 10GB» бастапқы топтамасы

Sulpak, Alser, iPoint, Fora Trade, Мир БТ, RKTel, MobilPlus, Эврика дүкендерінде смартфон,планшет,роутер немесе SIM-карта қолдайтын кез келген девайсты сатып алғанда, activ-тен толық БОНУСТАР ТОПТАМАСЫН алыңыз: 100 ГБ дейін және астам интернет-трафик, музыка және ТВ!


«Бонустық 10 ГБ» бастапқы топтамасы бар SIM-картаны іске қосқанда, Сіз келесіні аласыз:

  • Welcome БОНУС – берілген сәттен бастап, 30 күн жарамдылық мерзімімен 10 ГБ интернет- трафик.
  • SIM-картаны іске қосқан күннен бастап, келесі 90 күн төлем жүйесінің комиссиясын ескермегенде, 1 000 тг басталатын сомаға теңгерімді әр толтырғаныңыз үшін Сізге 10 ГБ Бонустық интернет трафик беріледі («Мобильді көмек» қызметін пайдаланып, теңгерімді толтыру Бонустық интернет трафикті алу үшін ескерілмейді).
30.06.2017 дейін қолданыста болған Mobi music, Mobi TV қызметтері бойынша науқандық ұсыныс.

Маңызды:

  • Берілетін 10Гб Бонустық интернет-трафиктің жарамдылық мерзімі – берілген сәттен бастап, 30 күн. 10Гб мөлшеріндегі келесі Бонустық интернет-трафик берілгенде, пайдаланылмаған трафик жинақталады және бонустық интернет-трафиктің жиынтық көлемінің жарамдылық мерзімі соңғы рет берілген сәттен бастап, 30 күн жарамды. Берілген Бонустық интернет-трафик пен Welcome бонустың жарамдылық мерзімі біткеннен кейін, интернет-трафиктің пайдаланылған көлемі жойылады.
  • Белсенді интернет-сессия кезінде берілген бонустық интернет-трафик жарамсыз. Мұндай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып (құрылғыда мобильді деректерді беруді сөндіріп, қосып), трафик берілгеннен кейін, интернетті пайдалануды жаңартуға кеңес береміз.
  • «Мобильді көмек» қосымша қызметі SIM-картаны іске қосқан сәттен бастап, 90 күн ішінде қолжетімсіз.
  • Бонустық интернет-трафик пен Welcome бонусты роумингте пайдалануға болмайды.
  • Welcome Bonus осы Науқан бойынша және Бонустық 5 ГБ науқаны бойынша бір абоненттік құрылғыда тек қана 1 SIM-картаны іске қосқанда ғана, беріледі. Сол абоненттік құрылғыда SIM-карталарды әрі қарай іске қосқанда, осы нөмірлерге Welcome Bonus берілмейді. Жарамдылық мерзімі  - берілген сәттен бастап, 30 күн. 


Welcome бонус пен Бонустық интернет трафиктің басқа қызметтермен үйлесімділік шарттары:

  • Абонент «Жылдық интернет+», «Мобильді интернет плюс», «Интернет+», «Бонустық интернет», «Онлайн» қосымша интернет қызметтерінің бірін қосқанда, ең алдымен жарамдылық мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады. Бонустық интернет-трафик бойынша да, қосымша интернет-қызмет бойынша да интернет-трафик біткенде, мобильді интернет қосымша интернет-қызметтердің Абоненттің қолданыстағы тарифтік жоспарымен үйлесімділік шарттарына сәйкес тарифтеледі.
  • «Жылдық интернет», «Жарты жылдық интернет» немесе «Тоқсандық интернет» қосымша интернет-қызметтерінің бірін қосқанда, БТ бойынша науқан аясында Welcome бонустың интернет-трафигі қосымша интернет-қызметті сөндіргеннен кейін ғана, қолжетімді болады.

Бонустықты қоса, теңгерімді тексеру *111*3# USSD-пәрмені арқылы жүргізіледі

 

Науқан аясында Welcome бонустың интернет-трафигі немесе Бонустық интернет трафик біткеннен кейін, интернет трафик қосылған тарифтік жоспардың шарттарына сәйкес тарифтеледі.

Сондай-ақ, Sulpak, Alser, iPoint, Fora Trade,  Мир БТ, RKTel, MobilPlus, Эврика дүкендер желісінде Сіз девайсты сатып алмай, 9000 тг бағаға «Бонустық 10ГБ» бастапқы топтамасын сатып ала аласыз.

БТ-да бастапқы тарифтік жоспар ретінде «Активті Boom +» тарифтік жоспары белгіленеді:

Абоненттік төлем - 2 090 тг / ай

25 ГБ интернет-трафик (10 GB күндіз+15 GB түнде)

activ/kcell желісі ішінде шексіз қоңыраулар

ҚР басқа ұялы операторларына 220 минут

Тарифтік жоспар туралы толығырақ осында

Сіз тарифтік жоспарды Жеке кабинетте немесе USSD пәрмен көмегімен кез келген уақытта өзгерте аласыз, сонымен бірге, бонустық Интернет-трафик беру шарттары өз күшін жояды, бұрын берілген бонустық интернет-трафик жарамдылық мерзімінің (берілген сәттен бастап 30 күн) аяғына дейін жарамды.