Сенімді сертификат

Qaznet сенімді сертификатын орнату

«Кселл» АҚ Kcell және аctiv абоненттеріне Интернетке қолжетімділігі бар дербес құрылғыларға «Қауіпсіздік сертификатын» орнату қажеттілігі туралы хабарлайды

Дербес және есептік деректердің, сондай-ақ қазақстандықтардың банктік шоттарынан ақшаның ұрлану жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты, ақпараттық кеңістікті хакерлерден, интернет-алаяқтардан және түрлі киберқауіптерден қорғаудың тиімді құралы болатын қауіпсіздік сертификатын енгізді.

Қауіпсіздік сертификатын енгізу ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғауға, сондай-ақ еліміздің ақпараттық кеңістігі жүйесіне, жеке, соның ішінде банктік секторға интернет-алаяқтардың хакерлік, кибершабуылдарын зиян келтіргенге дейін анықтауға көмектеседі.

Қауіпсіздік сертификаты — бұл шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы. Осылайша, ол Интернет желісінің қазақстандық пайдаланушыларын хакерлік шабуылдардан және заңға қайшы контентті көруден қорғауға мүмкіндік береді.

Компания абоненттерге ҚР «Байланыс туралы» Заңына және «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларының» 11-тармағына сәйкес Интернетке қолжетімділігі бар дербес құрылғыларға «Қауіпсіздік сертификатын» орнату қажеттілігі туралы хабарлайды Заңнаманың талаптарына сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан абоненттері арасында қауіпсіздік сертификатын таратуды қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік сертификатын орнату Интернетке кіру үшін қолданылатын әрбір құрылғыдан (iOS/Android негізіндегі мобильді телефондар және планшеттер, Windows / MacOS негізіндегі дербес компьютерлер және ноутбуктер) орындалуы қажет екеніне назарыңызды аударамыз.

Абоненттік құрылғыларда қауіпсіздік сертификаты болмаған жағдайда, жекелеген интернет-ресурстарға қол жеткізуде техникалық шектеулер туындауы мүмкін.

Мобильді құрылғылар үшін
нұсқаулық

Сертификатты жүктеу

iOS үшін

2

«Баптаулар» → «Негізгі» → «Профиль» → Qaznet Trust Network: «Орнату» басыңыз, содан кейін тағы да «Орнату»-ды басыңыз

3

«Баптаулар» → «Негізгі» → «Осы құрылғы туралы» → «сенім сертификатын баптаулар»: Qaznet Trust Network үшін ажыратып қосқышты қосып, «Жалғастыру»-ды басыңыз.

Android үшін

2

«Баптаулар» → «Қауіпсіздік және орналасқан жері» → Шифрлау және есептік деректер → Есептік деректер сақтайтын орын → «Орнату»

3

Сертификатты табыңыз. Файлды таңдаңыз. Қажет болғанда кілттерді сақтайтын орынға құпиясөзді енгізіңіз. «ОК» басыңыз

4

Qaznet Trust Network сертификатының атауын енгізіңіз. VPN мен қолданбаны таңдаңыз. «ОК» басыңыз.


Веб-браузерлер үшін
нұсқаулық

Сертификатты жүктеу

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Қауіпсіздік сертификаты — бұл Интернет желісін пайдаланушыларды ҚР заңнамасымен тыйым салынған контенттен, сондай-ақ зиянды және ықтимал қауіпті контенттен қорғауға мүмкіндік беретін электрондық сертификат. Қауіпсіздік сертификаты Қазақстанның ұялы байланыс абоненттеріне Интернетке ең қауіпсіз режимде кіруді ұсынуға бағытталған.

Бұл қауіпсіздік сертификаты Қазақстанда әзірленген және оны ақпараттық жүйелер және құзырлы мемлекеттік орган ұсынған.

Қауіпсіздік сертификаты Сізге Интернет желісінде өзіңізді алаяқтардан, хакерлік шабуылдардан және заңға қайшы контенттен қорғауға мүмкіндік береді. ҚР Заңнамасының талаптары бойынша Қауіпсіздік сертификатын орнату қажет. ҚР «Байланыс туралы» Заңына және «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларының» 11-тармағына сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан өз абоненттері арасында қауіпсіздік сертификатын таратуды қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік сертификаты ДК-ге, смартфондарға, планшеттерге және Интернет желісіне кіру үшін қолданылатын басқа құрылғыларға орнатылуы керек.

Қауіпсіздік сертификатын орнатпайтын болсаңыз, Интернет желісіне қолжетімділікке қатысты қиындықтар болуы мүмкін.

Cіздің дербес деректеріңізге Қауіпсіздік сертификатының қолжетімділігі жоқ.

activ.kz kcell.lz сайттарының тиісті бөлімдерінен немесе қауіпсіздік сертификаты орналасқан qca.kz ресми сайтынан жүктеуге болады.

аctiv абоненттері үшін 3030 және Kcell абоненттері үшін 9090 нөмірі арқылы қоңырау шалу орталығына немесе Нұр-Сұлтан қаласының барлық абоненттік бөлімдеріне хабарласыңыз.

Қауіпсіздік сертификатының көлемі — 2 Кб.