«Бонустық 5GB» бастапқы топтамасы

«Alser»/Sulpak/iPoint/"Белый Ветер"/"Эврика" / "Fora Trade"/ "Мир БТ"/"RKTel"дүкендер желісінде смартфон немесе планшет сатып алған кезде activ бонустарының тұтастай топтамасын алыңыз

Activ бонустарының топтамасына не кіреді:

  • activ сим-картасы бар «Бонустық 5ГБ» бастапқы топтамасы
  • Берілген сәттен бастап 30 күн бойы жарамды 5 ГБ интернет трафик көлеміндегі Welcome bonus.
  • Vkontakte және Facebook әлеуметтік желілерінің мобильді нұсқаларына тарифтелмейтін қолжеткізім.
  • 2 ай бойы желі ішніде 0 теңге
  • Kcell/аctiv желісі ішінде қоңырау шалу үшін +200 науқандық бірлік*

Бастапқы тарифтік жоспар ретінде БТ-ға «Актив 7» тарифтік жоспары немесе сәйкес аймақ үшін жарамды кез келген аймақтық тарифтік жоспар** (бұдан былай – Тарифтік жоспар) орнатылады.

Құрылғыны сатып алмай-ақ сіз сондай-ақ «Alser»/iPoint/"Эврика" дүкендерінде 5000 теңгеге қосылған бонустар топтамасына ие activ сим-картасы бар «Бонустық 5ГБ» бастапқы топтамасын бөлек сатып ала аласыз.

Сим-картаны және бастапқы тарифтік жоспарды іске қосу үшін *110#ok теріңіз.
Теңгерімді және бонустарды тексеру үшін *111*3#ok пәрменін теріңіз.

Бонустарды ұсыну шарттары:

Welcome Bonus абоненттік құрылғыда осы Науқан бойынша 1 ғана сим-картаның іске қосылған жағдайында беріледі. Кейіннен сол абоненттік құрылғыда Науқан бойынша сим-карталар іске қосылған жағдайда мұндай нөмірлерге Welcome Bonus берілмейді. Әрекет ету мерзімі – берілген сәттен бастап 30 күн.

- Тегін қолжеткізім VKontakte және Facebook әлеуметтік желілеріне мобильді нұсқаларына ғана жарамды. Бейнежазбаларды қарау, аудио тыңдау және VoIP пайдалану, сондай-ақ жоғарыда аталған әлеуметтік желілердің сайтына шеткі ресурстардан қосылған трафик, мысалы, Youtube, Vimeo, Яндекс және Mapbox карталары т.б. тарифтік жоспар шарттарына сәйкес тарифтеледі. Жоғарыда аталған әлеуметтік желілерге тарифтелмейтін қосылыс Opera Mini, Nokia Browser, UCWeb Browser және Internet Explorer Mobile сияқты трафикті сығатын мобильді браузерлер арқылы ұсынылмайды.

- Сим-картаның 31.12.2016 дейін қосылған жағдайында іске қосу күнінен бастап 7 күн ішінде activ/Kcell желісі ішінде тегін қоңыраулар беріледі, 7 күн өткеннен кейін 60 күн ішінде Абонент теңгерімінде =>100 теңге көлеміндегі соманың болған жағдайында activ/Kcell желісі ішінде 60 күн бойы тегін қоңырау шалу мүмкіндігі беріледі. Егер теңгерім <100 p="">

*Теңгерімді 200 бірлік және одан астам сомаға толтырғандағы Kcell/activ желісі ішінде қоңырау шалуға арналған +200 науқандық бірлік. Науқандық бірліктер сим-картаны іске қосқаннан кейінгі 12 ай бойы теңгерім толтырулар бойынша арасы кем дегенде 7 күн сайын беріліп тұрады, бірақ 5000 бірліктен асырылмайды. Науқандық бірліктер берілген сәттен бастап 30 күн бойы жарамды, роумингте әрекет етпейді. Теңгерімді «Мобильді көмек», «Экстра Теңгерім», «Авто Экстра Теңгерім», «Мен үшін төле» қызметтері арқылы толтыру бонустарды  алу үшін есептелмейді.

**Қолданыстағы аймақтық тарифтік жоспарлардың тізімі компанияның корпоративтік www.activ.kz сайтында Тарифтер – Аймақтық тарифтер бөлімінде келтірілген.

Қызметтердің үйлесімдік шарттары:

1. Абоненттің «Жылдық интернет+», «Мобильді интернет плюс», «Интернет»+, «Бонустық интернет», «Байланыс бар!», «Интернет топтамалар» қызметтерінің бірін қосқан жағдайда алдымен әрекет ету мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады. Бонус бойынша да, қосымша интернет қызмет бойынша да интернет-трафик таусылған жағдайда мобильді интернет Абонентте әрекет ететін тарифтік жоспардағы интернет қызметердің үйлесімдік шарттарына сәйкес әрекет етеді.

2. «Лимитсіз интернет», «Жылдық интернет», «Жартыжылдық интернет» немесе «Тоқсандық интернет» қосымша интернет-қызметтерінің бірі қосылған жағдайда БТ бойынша Welcome бонустың интернет-трафигін қосымша интернет қызметі өшірілгеннен кейін ғана пайдалануға болады.

3. Егер Абонентте «Жеңіл интернет» қызметі қосылған болса, БТ бойынша интернет-трафиктің Welcome бонусы таусылған жағдайда қолданыстағы мобильді интернет «Лимитсіз интернет» қызметіне сәйкес есептеледі.

4. Егер Абонентте «Лимитсіз түнгі интернет» қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынып, «Лимитсіз түнгі интернет» қызметімен ескерілген трафик Астана қ. уақытымен сағат 01:00 – таңғы 09:00 аралығында қызмет шарттарына сәйкес жұмсалады, қалған уақытта БТ бойынша Welcome бонустың интернет-трафигін пайдалануға болады (оған қолжеткізім болған жағдайда).

5. Егер Абонентте «Бейне Сервис» қызметі қосылған болса, «Бейне Сервис»  қызметі бойынша Бейне хостингтердің пайдаланылған жағдайында алдымен «Бейне Сервис» қызметі бойынша трафик жұмсалады.

Абоненттің activ/Kcell желісі ішінде 0 теңге қолдану туралы шартпен тарифтік жоспарды немесе қосымша қызметтерді қосқан жағдайында осындай тарифтік жоспарлар мен қосымша қызметтер бойынша төлемақы қалыпты шарттарда алынып, осындай тарифтік жоспарлар бойынша 0 теңге тарифі БТ Бонустық қоңырауларына қолжеткізімнің болмаған жағдайында абоненттік төлем табысты алынса, әрекет етеді.