Танымал сұрақтар

Менде қандай тариф тұр?

Сіз өзіңізде қандай тариф тұрғанын телефоныңыздан *166*2# USSD пәрменін теру арқылы біле аласыз. Жауабына Сізге тариф атауы мен сипаттамасы бар SMS жолданады.


Нөмірдегі тарифтік жоспарды қалай өзгертуге болады?

Егер нөмір жеке тұлға атына ресімделген болса, тарифтік жоспарды төмендегідей ретте өзгертуге болады:

  • өз бетіңізше USSD *166# пәрменін теру арқылы (ары қарай мәзір ішінде «жауап беру» және «жолдау» функциялары арқылы жылжи отырып, Сіз өзіңізде қандай тарифтік жоспардың тұрғандығын, басқа тарифтік жоспарлар бойынша ақпаратпен танысып, тарифтік жоспарыңызды өзгерте аласыз);
  • жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі тіркелген өтінішті қызмет көрсету орындарына әкеліп беру немесе 8 (727) 258 89 14 факсіне немесе e-mail арқылы: ccmail@kcell.kz жолдай аласыз. Өтінішті осы нөмір иегері ұсынуы тиіс.

Тарифті қанша рет ауыстыруға болады?

Сіз тарифтік жоспарыңызды кез келген уақытта ауыстыра аласыз. Алайда оны айына бір реттен артық ауыстырмағаныңыз жөн. Айына бір рет абоненттік төлем алынатын тарифтік жоспарға міндетті түрде айдың тек 1нен бастап қана ауысқаныңыз жөн.

Нөмір иегерінің тіркеу мәліметтерін өзгерту үшін қандай құжаттар қажет? 

Байланыс қызметтерін көрсету туралы жария шарттың 3.2.9 тармағына сәйкес, егер Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың нөмірі, тұрғылықты мекен-жайыңыз, тегіңіз, байланыс телефоныңыз, электрондық мекен-жайыңыз немесе шот-фактуралар мен шот деректерін жеткізу амалы, компанияның банк немесе пошта деректемелері, ЖСН / БСН нөмірі өзгерсе, Сіз растаушы құжаттарды тіркей отырып, Kcell center немесе дилерлік кеңселерге хатпен хабарласуыңыз қажет.

  • жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік немесе төлқұжат тіркелуі тиіс;
  • заңды тұлғалар үшін – басшы қолы мен ұйым мөрі қойылған ұйымның фирмалық бланкісінде.

Нөмірді басқа тұлғаға пайдалануға берген кезде оны қайта тіркеу қажет пе?

Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жалпыға ортақ келісімшартқа сәйкес Абоненттік нөмірді қайта сатқанда/бергенде абонент келісімшартты міндетті түрде жаңа Абонент атына қайта ресімдейді. Егер Сіз бұрын басқа бір адамның пайдалануындағы нөмірді сатып алатын болсаңыз, оны өз атыңызға аудармаған жағдайда Сіз деректерді салыстыруды талап ететін ұялы байланыс қызметтерінің көбісін (мысалы Kcell Сenterдетализациясын алу, SIM-карта ауыстыру, қызмет көрсетудің несиелік шарттары және басқа да нөмір иесінің өтініші негізінде көрсетілетін қызметтер) пайдалана алмайтыныңыз есіңізде болсын. Қайта ресімдеу барысында жеке тұлғалар үшін нөмірдің ескі және жаңа иегерлері келулері тиіс және заңды тұлғалар үшін сәйкесінше ресімделген жазбаша сұранымдар ұсынылады.


Нөмірді қай жерде қайта тіркеуге болады?

Нөмірлер Kcell кеңселерінде қайта тіркеледі.


Нөмірді қалай қайта тіркеуге болады?

Нөмірді жеке тұлғадан заңды тұлғаға қайта тіркеу төмендегідей ретте жүргізіледі:

  • Нөмірдің ағымдағы иегеріне (жеке тұлға) қызмет көрсету орындарына жеке куәлікпен немесе төлқұжатпен өзі хабарласып, нөмірді қайта тіркеуге өтініш ұсынуы қажет. Егер ол өзі келе алмаса, оның атынан келетін адамға нотариалды түрде расталған сенімхат ұсыну қажет. Егер ол өзі келе алмайтын бола, оның атынан келетін адам атына сенімхат ұсыну қажет.
  • Заңды тұлға атынан фирмалық бланкте ұсынылған ұйымның телефон нөмірін өз атына ресімдеуге қарсы еместігі көрсетілген мөр басылған және өкілетті тұлға қолы қойылған хат ұсыну қажет.
  • Қайта ресімдеу барысында жаңа тіркеу парағы толтырылып, оған өкілетті тұлға қол қойып, ұйым мөрін басады. Тіркеу парағына қол қою ұйымның Жалпыға ортақ келісімшарт талаптарымен келісетіндігін білдіреді.

Жеке тұлғадан жеке тұлғаға:

  • Екі жеке тұлға да жеке куәліктерінің немесе төлқұжаттарының түпнұсқаларымен қызмет көрсету орындарына өздері келулері керек.
  • Жаңа иегер қосымша СТН, ЖСН көрсету қажет болатын тіркеу парағын толтыру керек. Тіркеу парағына қол қою абоненттің Жалпыға ортақ келісімшарт талаптарымен келісетіндігін білдіреді. Егер нөмір иегері өзі келе алмайтын болса, хабарласқан тұлғаға телефон иегерінің басқа адамға телефон нөмірін (нөмірдің көрсетілуі тиіс) қайта ресімдеуді сеніп тапсыратыны көрсетілген нотариалды тұрғыдан расталған сенімхат алып келу қажет.

Заңды тұлғадан заңды тұлғаға:

  • Бірінші ұйымнан осы ұйымның абоненттік нөмірді өз атына тіркеуге қарсы еместігі көрсетілген, басшы қолы мен ұйым мөрі басылған фирмалық бланкіге жазылған өтініш ұсыну қажет.
  • Нөмірді өз атына тіркегісі келетін ұйым атынан – осы ұйымның нөмірді өз атына қайта ресімдеуге келісетіні көрсетілген, басшы қолы мен ұйым мөрі басылған фирмалық бланкіге жазылған қарсы өтініш ұсыну қажет. Нөмірді қайта тіркеу барысында жаңа иегер тіркеу парағын толтырып, оған бірінші басшы қол қойып, ұйым мөрін басады. Тіркеу парағына қол қою ұйымның Жалпыға ортақ келісімшарт талаптарымен келісетіндігін білдіреді.

Заңды тұлғадан жеке тұлғаға:

  • Ұйымға осы ұйымның нөмірді жеке тұлға атына (нөмірдің жаңа иегерінің аты-жөнін көрсете отырып) тіркеуге қарсы еместігі көрсетілген, басшы қолы мен ұйым мөрі қойылған фирмалық бланкіге жазылған өтініш ұсыну қажет.
  • Жеке тұлғаға тіркеу процедурасын аяқтау үшін қызмет көрсету орындарына қажет құжаттар топтамасымен (жеке куәлік/ төлқұжат түпнұсқасы, ЖСН және СТН) жолығу қажет. Нөмір қайта тіркелген уақытта жаңа тіркеу парағы толтырылып, оған қол қою абоненттің Жалпыға ортақ келісімшарт талаптарымен келісетінін білдіреді.

Қайта ресімдеуге өтінішті факс немесе e-mail арқылы жолдауға бола ма?

Факс немесе e-mail арқылы жолданған қайта ресімдеуге өтініштер қаралмайды.


Егер иегерлер әр түрлі қалада болса немесе екеуі бірдей бір уақытта келе алмаса?

Егер нөмірдің екі иесі де (ағымдағы және жаңа) кеңсеге бірге келе алмайтын болса, нөмірдің ағымдағы иегері өзінің жеке куәлігінің/төлқұжатының көшірмесімен бірге нөмірді қайта тіркеуге өтініш қалдырып кете алады. Содан кейін нөмірдің жаңа иесі тіркеу процедурасын аяқтау үшін қызмет көрсету орындарына жолыға алады.


Нөмірді басқа тұлға атына ресімдеуге бола ма?

Егер нөмір иегері нөмірді қайта ресімдеу үшін қызмет көрсету орындарына келе алмаса, ол нөмірді үшінші тұлға арқылы қайта ресімдеу үшін оған нөмірді көрсете отырып, нөмірді басқа тұлға атына қайта тіркеу процедурасын жүргізуге нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бере алады.


Нөмірді жүргізуші куәлігі бойынша ресімдеуге бола ма?

Нөмірді қайта ресімдеу жеке тұлғалар үшін тек жеке басын растайтын құжаттардың (жеке куәлік немесе төлқұжат) түпнұсқаларының және заңды тұлғалар үшін ұйым бланкісіне жазылған өкілетті тұлға қолы мен осы ұйым мөрі қойылған хат түпнұсқасы ұсынылған жағдайдында ғана жүргізіледі.


Нөмірді кәмелет жасқа толмаған тұлға атына ресімдеуге бола ма?

Нөмірді кәмелет жасқа толмаған тұлға атына тек ата-анасының бірінің рұқсатымен ғана ресімдеуге болады.


Нөмір иегері қайтыс болған жағдайда нөмірді қалай қайта ресімдеуге болады?

Абоненттік нөмір иегері қайтыс болған жағдайда бұл нөмірді өлім туралы анықтама түпнұсқасын, SIM-картаны және өз құжаттарының (жеке куәлік, СТН және ЖСН) түпнұсқаларын ұсынған тұлға атына тіркеуге болады.

SIM-картаны қалай қалпына келтіруге/ауыстыруға болады?

SIM-картаны қалпына келтіру үшін бізбен хабарласып SIM-карта ауыстыру қызметін пайдалану қажет. Солай бола тұра телефон нөмірі, тарифтік жоспар, сондай-ақ қызмет көрсету шарттары бұрынғыдай болып қалады, бірақ бұрынғы SIM-картадағы байланыс мәліметтері қалпына келтірілмейді. SIM-картаны қалпына келтіру үшін нөмір иегері өзі келуі тиіс және ол өзімен бірге жеке куәлігінің, төлқұжатының немесе жүргізуші куәлігінің түпнұсқасын алып келуі қажет. Заңды тұлғалар үшін басшы қолымен және ұйым мөрімен бекітілген фирмалық бланкіге жазылған, ұйымның жаңа SIM-картаны алуды кімге табыстайтыны көрсетілген өтініш түпнұсқасын ұсыну қажет.


Нөмірдің тұрақты пайдаланушысы SIM-картаны ауыстыра алады ма?

Егер Сіз нөмір иегері болсаңыз (нөмір Сіздің атыңызға тіркелген болса), онда SIM-картаны ауыстыру мүмкіндігі осы нөмір иегерінің өтініші бойынша тек оператор сұраған деректердің (мысалы, шығыс қоңыраулар туралы ақпарат, PIN/PUK кодтары, жүргізілген төлем т.б. туралы ақпарат) расталғанынан кейін ғана жүргізіледі.


SIM-картаны қалпына келтіріп, алып кету үшін менің орныма басқа адам келе ала ма?

Қалпына келтірілген SIM-карта нөмірдің иегері болып табылмайтын тұлғаға осы нөмір иегерінің атынан ұсынылған нотариспен куәландырылған сенімхат пен осы сенімхатта көрсетілген алушының жеке куәлігінің немесе төлқұжатының болған жағдайда ғана беріледі.

Kcell нөмірін қалай бұғаттауға/бұғаттан шығаруға болады?

Егер Сіз телефоныңызды жоғалтып алсаңыз Сізге бірден Call Center хабарласып, нөміріңізді уақытша бұғаттаған жөн.

Бұғаттауды оператор тіркеу мәліметтерін салыстырып, тексергеннен кейін немесе нөмірде орнатылған жағдайда бұғаттау/бұғаттан шығару паролі бойынша жүргізеді.

Ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге жалпыға ортақ келісімшарт талаптарына сәйкес Абонент Оператордың SIM-карта жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы хабарлама алғанына дейін көрсетілген қызметтерін толық төлейді. Бұғаттаудан кейін сіз өзіңізге жақын орналасқан Kcell кеңсесіне жолығып SIM-картаңызды қалпына келтіре аласыз.


Нөмірді бұғаттау/бұғаттан шығару паролін қалай орнатуға болады?

Сіз нөміріңізді бұғаттауға немесе бұғаттан шығаруға арнайы пароль орната аласыз. Осы парольді орнатқаннан кейін Сіз тәулік бойғы Call Center хабарласып, кез келген уақытта парольді атау арқылы телефоныңызды өшіре/қоса аласыз. Пароль иегер өтініші бойынша орнатылады.

Жеке тұлғалар үшін өтінішке жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесін тіркеу қажет. Егер нөмір заңды тұлға атына тіркелсе, өтінішті басшының қолымен (мөрмен) куәландырылған ұйым бланкісінде ұсынылған хат түрінде ұсыну қажет.

Өтінішті 8 (727) 258 89 14 факсіне, сканерден өткізілген көшірмесін - e-mail арқылы: ccmail@kcell.kz немесе түпнұсқасын қызмет көрсету орындарына әкеліп беру қажет.


Нөмірді белгілі бір уақытқа қалай бұғаттауға болады?

Егер Сіз нөміріңізді белгілі бір уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, Сіз белгілі бір мерзімге нөміріңізге қызмет көрсетуді уақытша тоқтата немесе бұғаттай аласыз. Бұл үшін өтініште бұғаттау себебіне қоса бұғаттау күні мен бұғаттың аяқталу күнін көрсету қажет. Өтінішті осы нөмір иегері ұсынуы қажет.

Жеке тұлғалар үшін өтінішке нөмір иесінің жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесін тіркеу қажет. Егер нөмір заңды тұлға атына тіркелсе, өтінішті басшының қолымен (мөрмен) куәландырылған ұйым бланкісінде ұсынылған хат түрінде ұсыну қажет.

Өтінішті 8 (727) 258 89 14 факсіне, сканерден өткізілген көшірмесін - e-mail арқылы: ccmail@kcell.kz немесе түпнұсқасын қызмет көрсету орындарына әкеліп беру қажет.

Мен теңгерімімді қалай бақылай аламын?

Кез келген уақытта Сіз төмендегі пәрмендер арқылы өз теңгеріміңіз туралы автоматты ақпаратты ала аласыз:

  • телефоныңыздағы activ Info мәзірі арқылы (тегін);
  • *123*3*1# (тегін);
  • *100# (тегін);
  • 100 нөміріне «bal» деген мәтіні бар SMS жолдау (тегін);
  • 100 нөміріне қоңырау шалу (құны сұхбат минутына 26 теңге 54 тиын).

Теңгерімде ақша жоқ, бірақ дереу қоңырау шалу қажет

Егер теңгерімдегі қаржыңыз таусылса, Сіз әрдайым абоненттен өзіңізге қоңырау шалуды сұрауға мүмкіндік беретін Маған қоңырау шал қызметін пайдалана аласыз. Ол үшін телефоныңыздан келесі пәрменді теріңіз: *130* өтініш жолданатын Kcell немесе Activ абонентінің нөмірі #.

Сіз сондай-ақ абоненттен шотыңызды толтыруды сұрау үшін Мен үшін төле қызметін пайдалана аласыз. Ол үшін телефоныңыздан келесі пәрменді теріңіз: *131* өтініш жолданатын Kcell немесе Activ абонентінің нөмірі #.


Мен қоңырау шалу үшін Компаниядан белгілі бір соманы қарызға сұрай аламын ба?

Егер теңгерімдегі қаржыңыз таусылса, Сіз әрдайым Экстра баланс - 3 (үш) күнге 250 теңге аралыңындағы сома көлемінде қарыз алып, байланыста қала беріңіз.


Неліктен мен «Экстра баланс» ала алмаймын?

Егер Сіз «экстра баланс» ала алмасаңыз, Сізге төмендегілерді орындау қажет:

  • нөміріңіз Экстра баланс қызметін көрсету шарттарына сәйкес келетінін тексеріңіз;
  • USSD пәрмені дұрыс терілгенін тексеріңіз: *911#.

Егер нөміріңіз шарттарға толық жауап беріп, бірақ «экстра баланс» алу мүмкін болмаса, дәл қазір online консультантқа сұрақ қойыңыз.

Қолма-қол ақшасыз төленген соманың жылдам түсуі үшін не істеу қажет?

Сіз төлеген қаржының абоненттік нөмірлердің теңгерімдеріне қолма-қол ақшасыз уақтылы түсулері үшін төлем тапсырмасында келесі деректерді дұрыс көрсету қажет: «Кселл» АҚ деректемелері , БеК* – 17, ТТК** – 852, банктің төлемді орындауға қабылдаған күні. Төлем тапсырмасына төлеуші мөрі мен банк мөрі қойылуы тиіс. Төлемді тағайындау жиегін он таңбалы нөмірді, мысалы 701 ХХХ ХХ ХХ немесе шот-фактура нөмірін көрсете отырып, міндетті түрде толтыру қажет.

Төлеген қаржыңыздың түсуін жылдамдату үшін төлем жүргізе салысымен дұрыс ресімделген төлем құжаттарының көшірмелері мен абоненттік нөмірлердің тізілімін (егер нөмірлер төлем тағайындау жиегінде көрсетілмесе) vpa@kcell.kz электрондық мекенжайына жолдағаныңыз жөн.

Маңызды! Тізілім мөр мен өкілетті тұлғаның қолы бар Компанияның фирмалық бланкісінде ресімделіп, төлем тапсырмасының нөміріне сілтемені және төлем күнін, 701 ХХХ ХХ ХХ форматындағы төлем жүргізілетін әрекеттегі абоненттік нөмірлерді ғана қамтуы тиіс. Тізілімдердің бастапқы файлын тіркеулеріңізді сұраймыз(Word, Excel)!

* БеК – Бенефициар коды;

** ТТК – төлем тағайындау коды.


Сома сол күні түсуі үшін тізімдеме қажет пе?

Егер нөмірлер көп болса, соманың сол күні енгізілуі үшін төлем тапсырмасын ғана ұсыну жеткіліксіз. Тізімдемеде төлем күнін, төлем тапсырмасының нөмірін, әр нөмір бойынша енгізілетін сомаларды көрсетумен нөмір тізімін көрсету қажет. Тізімдемені ұйымның мөрімен, бірінші басшының немесе бухгалтердің қолымен бекіту керек.

Егер төлем бір нөмірге енгізілсе, төлем тапсырмасын көрсетіп, бізге банк немесе ұйымыңыздың мөрімен бекітілген төлем тапсырмасының көшірмесін жолдау жеткілікті.

Сома толықтай шартты түрде 1 ғана нөмірге жүктелген, ал оны барлық нөмірлер бойынша бөлу қажет еді. ұл жағдайда фирмалық бланкіге жазылған, ұйым мөрімен расталған және басшы немесе бухгалтер қолы қойылған түзету хатын жолдау қажет. Түзету хатында төлем күнін, төлем тапсырмасының нөмірін, сомаларын анықтай отырып нөмірлер тізімін көрсету қажет. Құжаттарды 8 (727) 2581013, 8 (727) 2588914 факсына, ccmail@kcell.kz немесе vpa@kcell.kz электрондық мекенжайларына жолдауға болады.

activ қызметтерін қай жерден және қалай қолма-қол ақшалай төлеуге болады?

Сіз activ қызметтерін төмендегідей тәсілдермен қолма-қол ақшалай төлей аласыз:

  • activ Office кеңселеріндегі төлем кассаларында;
  • Қызмет көрсету орындарының төлем кассаларында немесе өкілетті дилерлердің кеңсесінде;
  • «Kazkom», «Банк Позитив», «АТФ Банк», «БТА Банк», «БанкЦентрКредит», «Сбербанк России» банктерінің кассаларында;
  • Лезде төлеу карталары арқылы;
  • Электрондық төлем порталдары арқылы;
  • Интернет-банкинг порталдары мен Компанияның серіктес банктерінің банкоматтары арқылы;
  • мультикассалар, мультикиоскілер арқылы;
  • төлем терминалдары арқылы.

Төлем түспеді?

Төлем түспеген жағдайда кідірістің себебін білу үшін фискалды чекті алып, төлеген орныңызға хабарласу немесе төлемді жүргізген кассирге келу қажет. Егер төлеген орныңызға жеке барып хабарласа алмасаңыз, компанияның Call Center хабарласып, операторға төлем туралы ақпаратты (чек бойынша) толық ақпарат беру қажет:

  • төлемнің күні мен уақытын (минутқа дейінгі дәлдікпен);
  • төлем сомасын;
  • чек нөмірін;
  • касса нөмірін (10-таңбалы) және төлем жүргізілген телефон нөмірін.

Егер төлем енгізілгеннен кейінгі 24 сағат ішінде түспесе, Сізге чек пен жеке басыңызды растайтын құжат көшірмесін факс 8(727) 2588-914 немесе e-mail арқылы: ccmail@kcell.kz жолдау қажет.


Ақшаны басқа нөмірге салыппын. Не істеуге болады?

Егер Сіз қателесіп, төлемді басқа нөмірге енгізсеңіз, 8(727) 2588-914 факсына немесе: ccmail@kcell.kz e-mail арқылы чек пен жеке басыңызды растайтын құжат көшірмесін жолдау қажет.


Төлеу барысында нөмірдегі бір санды қате көрсетіппін. Төлемді менің нөміріме ауыстыру мүмкін бе?

Төлемді дұрыс нөмірге ауыстыру үшін Сізге чек көшірмесі мен жеке басыңызды растайтын құжатты бізге 8(727) 2588914 факсына немесе ccmail@kcell.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет.


Төлемді енгізгенде комиссия алынады ма

Қызмет көрсету орындарының кассалары арқылы енгізгенде комиссия алынбайды.

Лезде төлеу картасында жүктеуге арналған құпия код бүлінген немесе көрінбейді

Егер лезде төлеу картасындағы құпия код бүлінсе немесе оны оқу мүмкін болмаса, осы картаны жүктеу үшін Сізге төмендегідей құжаттарды 8 (727) 258 89 14 факсіне немесе e-mail арқылы: ccmail@kcell.kz жолдау қажет:

Жеке тұлғалар үшін:

  • өтініш;
  • жеке басын растайтын құжат көшірмесі;
  • екі жақтан да түсірілген лезде төлеу картасының көшірмесі.

Заңды тұлғалар үшін:

  • өкілетті тұлға қолымен және осы ұйым мөрімен бекітілген ұйым бланкісінде жазылған хат түріндегі өтініш;
  • лезде төлеу картасының екі жақтан түсірілген көшірмесі.

Егер нөмір заңды тұлға атына ресімделсе, бірақ абонент осы ұйым атынан фирмалық бланкіге жазылған өтініш ұсына алмаса, ол құжаттарды өз атынан ресімдеп, өтініште міндетті түрде оның өтінішті ұйым бланкісінде ұсынбау себебін көрсетіп, өзінің жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады.


Лезде төлеу картасын жүктеу барысында оның бұрын жүктелгені немесе пайдаланылғаны туралы мәлімдеме шықты

Егер Сіз лезде төлеу картасын сатып алып, оны жүктеу барысында осы картаның бұрын жүктелгені/пайдаланылғаны туралы мәлімдеме шықса, Сізге лезде жүктеу картасы сатып алынған орынға хабарласу керек.


Карта жүктеу барысында қателесіп, қаражатты басқа нөмірге аударыппын

Егер лезде төлеу картасын жүктеу барысында Сіз қателесіп, басқа нөмір көрсетсеңіз, қаражатты қайтару үшін Сізге төмендегі құжаттарды факске 8 (727) 258 89 14 немесе e-mail арқылы ccmail@kcell.kz жолдау қажет:

Жеке тұлғалар үшін:

  • Теңгерім толтырылған күн, қате нөмір, төлем сомасы, XXX-XX-XX форматындағы дұрыс нөмір көрсетілген теңгерім аудару туралы өтініш;
  • Екі жақтан түсірілген лезде төлеу картасының көшірмесі;
  • Жеке басын растайтын құжат көшірмесі.

Заңды тұлға:

  • Дұрыс нөмір тіркелген компания атынан қате әрекет жағдайлары сипатталған және төлемді қайда қайтару қажеттігі көрсетілген, өкілетті тұлға қолымен және ұйым мөрімен расталған, ұйым атынан фирмалық бланкіге жазылған хат;
  • Екі жақтан түсірілген лезде төлеу картасының көшірмесі.

Маңызды! Дұрыс нөмір өтініш беруші атына тіркелуі тиіс!


Лезде төлеу картасын жүктейін десем, карта бұғаттаулы, операторға хабарласыңыз деген мәлімдеме шығады

Карта оның 13-таңбалы коды қате енгізілген жағдайда бұғатталады. Осы картаны бұғаттан шығару үшін Сіз Call Center немесе қызмет көрсету орындарына хабарласа аласыз.

Онлайн төлем үшін қандай карталарды пайдалануға болады?

Сіз теңгерімді төмендегі кез келген банктің карталарын пайдалану арқылы толтыра аласыз: Visa International, MasterCard International, American Express и Cirrus Maestro Cards, Visa Electron.

Ескерту:

  • Cirrus Maestro карточкалары төлемге олардың тек "Казкоммерцбанк" АҚ-да шығарылған жағдайында ғана қабылданады;
  • Visa Electron дебиттік карточкалары төлемге олардың тек «Казкоммерцбанк», «Казинвестбанк», «Сбербанк Росия», «Citibank» банктерімен шығарылған жағдайында ғана қабылданады.

Төлемнің ең аз және ең көп сомалары қандай?

Онлайн төлемнің ең аз сомасы 200 теңге. Бір Абоненттік нөмірге күніне төленетін «Онлайн төлемнің» барынша көп сомасы 50 000 теңге.


Мен Онлайн төлем қызметін пайдаландым, бірақ сома түспеді

Егер төлем түпесе, Сізге 8 (727) 2588914 факсына немесе ccmail@kcell.kz электрондық мекенжайына төмендегілер көрсетілген электрондық почтаңызға келген төлем мәлімдемесін жолдау қажет:

  • төлем референсі;
  • авторизация коды;
  • транзакция күні;
  • тапсырыс нөмірі;
  • сома;
  • төлеуші;
  • алушы.

Нөміріңіздегі ақшалай қаражаттың неге және қалай жұмсалғанын детализация арқылы тексеруге болады.

Детализация – бұл белгілі бір мерзімде алынған қызметтер туралы толық мәлімет. Яғни детализацияда Сізге қандай нөмірлерден және қашан қоңырау шалынғандығын, қандай нөмірлерге және қашан SMS хабарламалардың жолданғандығын және таңдалған мерзімде қанша интернет трафик жұмсағаныңызды тексеруге болады. Қоңыраулар детализациясында абоненттік төлем, бір реттік төлемдер, жабдық ақысы туралы ақпарат болмайды. Бұл орайда детализация сомасы шот-фактурада көрсетілген сомадан ерекшеленуі мүмкін. Сондай-ақ детализация алынған сәтінде толық болмауы немесе кейін толықтырылуы, оның ішінде оған роуминг қызметтеріне қатысты ақпараттың қосылуы мүмкін. Қорытынды детализация 30 күннен кейін қалыптастырылады.

Детализацияны төмендегідей ретте алуға болады:

  • Жеке кабинетте. Детализацияны жеке кабинетте өткен 90 күнге тегін алуға болады. Оны онлайн тексеруге немесе PDF не XLS форматында жүктеп алуға болады.
  • Kcell Center хабарласу арқылы.

Қызмет Құны, теңгемен, ҚҚС есебімен
Шоттың ағымдағы мерзімге берілетін детализациясы тегін
Шоттың 1 айға берілетін детализациясы 644,25
Шоттың 3 айға берілетін детализациясы 1437,17
Шоттың 6 айға берілетін детализациясы 2923,89

Нөмірдегі ұялы байланыс қызметтерін қай банктердің банкоматтары арқылы төлеуге болады?

Сіз ұялы байланыс қызметтерін Казкоммерцбанк, Халық банкі, АТФ Банк, БТА Банк, БанкЦентрКредит, Сбербанк Россия банкоматтары арқылы төлей аласыз.


Абоненттердің терминалдар мен банкоматтар арқылы төлем жасау барысында жиі жіберетін қателері

Сома қате көрсетілді

Қаржының қайтару үшін Сізге жақын орналасқан Kcell Center-ге хабарласып, алдын ала қажет құжаттардың барлығын 8(727) 2588-914 факсіне немесе ccmail@kcell.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет.

Қажет құжаттар:

  • өтініш;
  • чек/банк анықтамасының көшірмесі;
  • жеке куәлік/төлқұжат көшірмесі;
  • СТН;
  • IBAN.

Нөмір қате көрсетілді

Егер төлем жүргізу барысында Сіз телефон нөмірін қате көрсетсеңіз, Сізге чекте көрсетілген байланыс телефондары бойынша терминалға қолдау көрсету қызметіне хабарласу қажет.

Қосымша төлем сомасын дұрыс нөмірге аудару мүмкіндігін қарастыру үшін 8(727) 2588-914 факсіне немесе ccmail@kcell.kz электрондық мекенжайына өтініш, чек көшірмесі мен жеке куәлік көшірмесін жодау немесе Kcell Center кеңсесіне хабарласу керек.

Ұялы байланыс операторы қате көрсетілді

Егер терминал/мультикассалар арқылы төлем жүргізу барысында ұялы байланыс операторын қате көрсетсеңіз, Сізге төлем орнына немесе чекте көрсетілген байланыс телефондарына хабарласу қажет.


Төлем терминалдары арқылы енгізілгенде сома қаншалықты ұзақ түсуі мүмкін?

Терминалдар төлемді бірден жүргізеді, бірақ техникалық себептермен төлем 24 сағат ішінде түсуі мүмкін. Сома осы мерзімде түспесе, чекте көрсетілген Терминалдың қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз.


Чекте Терминалдың қолдау көрсету қызметінің нөмірлері жоқ, осы ақпаратты қайдан алуға болады?

Терминалға қолдау көрсету қызметінің нөмірлеріне қатысты ақпаратты әрдайым Компанияның Call Center алуға болады.


Неліктен терминалдар арқылы жүргізілетін төлем электрондық төлем деп аталады?

Терминалдар арқылы жүргізілетін төлем электрондық төлем депаталу себебі төлем Интернет арқылы, онлайн қалпында жүргізіледі.


Терминал немесе банкомат арқылы төлегенде комиссия көлемін қалай білуге болады?

Сату нүктелерінде Абоненттерден алынатын комиссия көлемі толтыру сомасының 10% құрауы тиіс (бірақ 100 теңгеден асырылмайды). Осы шектеу абоненттің төлемге енгізетін кез келген сомасына қатысты.


Қандай да бір терминалдың activ нөміріне төлем қабылдайтынын қалай білуге болады?

Терминалдың өзінде төлем қабылданатын операторлар мен брендтер көрсетілген. Төлеу барысында брендердің тізімінің ішінен activ брендін таңдау қажет.

Simfonia қызметінқалай қосуға болады?

Simfonia қызметіне қосылғыңыз келсе, төмендегі тәсілдердің бірін таңдай аласыз:

  • 2010 нөміріне қоңырау шалу
  • 2010 қысқа нөміріне келесі форматта әуен коды бар хабарлама жолдау
  • www.simfonia.kz WEB-порталы арқылы
  • wap.sim-fonia.kz WAP-порталы арқылы
  • *125# USSD мәзірі арқылы

Қызметті өз бетімше қалай өшіре аламын?

Егер Сіз Simfonia қызметінен бас тартқыңыз келсе, төмендегі тәсілдердің бірін таңдай аласыз:

  • 2010 нөміріне қоңырау шалу
  • www.simfonia.kz WEB-порталы арқылы
  • wap.sim-fonia.kz WAP-порталы арқылы
  • 2010 нөміріне «стоп» (тырнақшасыз) сөзін жіберу

Simfonia қызметінің құны қандай?

Simfonia қызметін алғаш рет қосқан кезде – бір ай қызмет тегін көрсетіледі, яғни қызметті пайдаланудың алғашқы айында абоненттік төлем алынбайды. Екінші айдан бастап қызмет үшін абоненттік төлем автоматты түрде есептеле бастайды. Әр орнатылған әуен, музыкалық топтама, музыкалық диск үшін ақы бір реттік төлеммен алынады. Әуендердің, музыкалық қобдишалардың құны бағалық категорияға байланысты. Қызмет құнына қатысты ақпаратпен www.simfonia.kz сайтынан таныса аласыз.


Шотта қаржы болмау себебімен абоненттік төлем алынбаса қызмет көрсетіле ме?

Simfonia қызметінің абоненттік ақысы алынбаса, қызмет автоматты түрде өшіріледі. Егер абоненттік ақы 30 күн бойы алынбаса, әуендердің барлығы автоматты түрде жойылады.


Егер мен парольді ұмытып қалсам, не істеуім керек?

Егер www.simfonia.kz сайтындағы жеке кабинетіңізге қол жеткізу кодын білмесеңіз немесе ұмытып қалсаңыз, 245 нөміріне кез келген бос емес SMS жолдау керек. Жауабына тіркеу коды келеді.


Белгілі бір абонент үшін әуенді қалай орнатуға болады?

Егер Сіз белгілі бір абонентке әуен орнатқыңыз келсе, әуен сатып алынғаннан кейін әуеннің оң жағындағы ИНФО пернесін басу қажет. Пайда болған мәзірден әуеннің кім үшін ойналатынын абонент нөмірін теру арқылы орнатуға болады.


Досымның әуенін қалай көшіруге болады?

Әуенді төмендегі тәсілдердің бірімен көшіруге болады:

- www.simfonia.kz сайтындағы өз кабинетіңізге кіріп, содан кейін «әуендер тізімін» көшіру пернесін басып, абонент нөмірі мен әуенді таңдауға болады.

- Абонент нөміріне қоңырау шалғанда әуен ұнаса * пернесін басу, содан кейін растау SMS-ін жолдау қажет және әуен Сіздің нөміріңізге көшіріледі.

Бағыттаудың қандай түрлері бар?

Бағыттаудың төмендегідей түрлері бар:

  • Kcell/activ желісіндегі кез келген басқа ұялы телефонға
  • Дауыстық поштаға (2000)
  • 2050 нөміріне (Жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімдеме)
  • ҚР бойынша кез келген қалалық нөмірге

Бағыттауды қалай орнатуға болады?

Бағыттау орнату үшін төмендегідей комбинацияны теріңіз: **[бағыттау коды]*[бағыттау жүргізілетін телефон нөмірі]#.

Сіз бағыттаудың келесі түрлерін орната аласыз:

  • «шартсыз» (код 21) - барлық кіріс қоңырауларды бағыттау (бұл жағдайда бағыттаудың басқа барлық түрлері жарамсыз болады); бұл ақылы қызмет, желі ішіндегі немесе қалалық нөмірге шалынған қоңырау ретінде тарифтеледі;
  • «бос емес» (код 67) - Сіз ұялы телефоныңызбен сөйлескен уақыттағы қоңырауды бағыттау;
  • «жауап жоқ» (код 61) - Сіз қоңырауға жауап бермеген кездегі бағыттау;
  • «байланыс аясынан тыс жерде» (код 62) - Сіз қамту аясынан тыс жерде болғанда немесе телефоныңыз өшірулі қалпында бағыттау.

Мысалы, +7701ХХХХХХХ нөмірінде «байланыс аясынан тыс жерде» бағыттауын орнату үшін **62*+7701ХХХХХХХ# комбинациясын теру қажет.


Бағыттауды қалай алып тастауға болады?

Бағыттауды өшіру үшін төмендегі комбинацияны теріңіз: ##[бағыттау коды]#.

Мысалы, +7701ХХХХХХХ нөміріндегі «байланыс аясынан тыс жерде» бағыттауын алып тастау үшін: ##62# комбинациясын теру керек.

Нөмірге орнатылған бағыттаулардың барлығын өшіру үшін ##002# комбинациясын теріңіз.


Нөмірдегі қоңыраулардың бағытталатынын немесе бағытталмайтынын қалай тексеруге болады?

Нөмірде бағыттаудың орнатылған-орнатылмағанын тексеру үшін төмендегі комбинацияны теру қажет: *#[бағыттау коды]#.

Мысалы, +7701ХХХХХХХ нөміріндегі «байланыс аясынан тыс жерде» бағыттауын тексеру үшін: *#62# комбинациясын теру қажет.


Менде қоңырауларға тыйым салынған-салынбағанын қалай тексеруге болады?

Чтобы проверить, установлен ли запрет на входящую/исходящую связь на номере, необходимо набрать комбинации:

*#33# - проверка наличия запрета на исходящую связь

*#35# - проверка наличия запрета на входящую связь


Шығыс/кіріс байланысқа қойылған тыйымды қалай алып тастауға болады?

Шығыс/кіріс байланысқа қойылған тыйымды алып тастау үшін #330*0000# комбинациясын теру қажет.


Қоңырау шалуға тыйым салу паролін қалай нөлдеуге болады?

Тыйым салу паролінен бас тарту үшін Сізге компанияның Call Center хабарласу қажет.

SMS орталығының нөмірі қандай болуы тиіс?

SMS орталығының нөмірі +77010002525


Бір SMS-те қанша таңба болуы тиіс?

Бір хабарлама ұзындығы латын әріптерімен 160 таңбадан, кириллица әріптерімен 70 таңбадан аспауы тиіс.


SMS қалай жолдауға болады?

Қысқа хабарламаларды жолдау үшін телефондағы «Хабарламалар» бөліміне кіріп, «Жаңа хабарлама» тармағын таңдап, «Кімге» бағанынан алушының ұялы телефон нөмірін халықаралық форматта теру қажет, +[ел коды][қала коды][телефон нөмірі] (мысалы, +7 701 ХХХ ХХ ХХ) және ары қарай жолдауға арналған мәтінді теру қажет.


SMS адресатқа қанша уақыт ішінде жеткізіледі?

Әдетте, SMS бірнеше секунд ішінде жеткізіледі. Жолдаушы хабарламаның жеткізілгені туралы мәлімдеме ала алады. Хабарламаны алушы телефоны өшірілген немесе телефонның қамту аймағынан тыс қалпында да жолдауға болады. Адресат хабарламаны желіге кіре салысымен алады.

Маңызды! Егер хабарлама алушы телефоны өшірілген немесе телефонның қамту аймағынан тыс қалпында жолданған болса, жолданған хабарлама 24 сағат бойы сақталатын буферге (уақытша жадыға) орналастырылады.


Мен неге SMS түсініксіз таңба түрінде аламын?

Егер аппарат орыс тілін қабылдамаса, хабарламалар мәтіні бос не оқуға мүмкін болмайтын түрде (түсініксіз таңбалармен) келеді.


Жарнамалық-ақпараттық SMS-терденқалайбас тартуға болады?

Жарнамалық-ақпараттық SMS-терден қалай бас тарту үшін Kcell Center кеңсесіне жолығып, 8(727) 2588-914 факсына немесе ccmail@kcell.kz электрондық мекенжайына төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:

  • егер нөмір жеке тұлға атына тіркелген болса – жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі бар өтініш;
  • егер нөмір заңды тұлға атына тіркелген болса – компания мөрі мен өкілетті тұлғаның қолы бар фирмалық бланкіде өтініш хат ұсыну қажет.

Аудио-SMS қалай жолдауға болады?

Аудио хабарлама жолдау үшін - «*» таңбасы мен алушы нөмірін *87XХХХХХХХХ немесе *77XХХХХХХХХ форматында теріп, дауыстық нұсқаулықтарға жүгіну қажет. Маңызды! Аудио хабарламаның барынша ұзақтығы 30 секунд.

Алушы аудио-хабарлама алғандығы туралы SMS арқылы хабардар етіледі. Хабарламаны тыңдау үшін алушы «*0*» теруі қажет.


SMS e-mail-ге жолдауға бола ма?

SMS-ті e-mail-ге жолдау қызметін іске қосу үшін 400 нөміріне DA мәтінін жолдау қажет.

Ұялы телефоннан электрондық хат жолдау үшін 400 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдау керек: [e-mail мекенжайы][<бос орын>][хабарлама мәтіні].

Соңғы кездердегі қаламдағы/аудандағы/үйдегі қызмет сапасының нашарлағанын байқадым.

Қалаңыздағы/ауданыңыздағы/үйіңіздегі нашар байланыс сапасының себебін анықтау үшін сигнал деңгейін тексеру мақсатында бізге төмендегідей ақпаратты алу қажет:

  • мәселе байқалған нақты мекенжай;
  • Сіздің байланыс телефоныңыз;
  • Осы мәселе байқалған мерзім.

Сіз осы ақпаратты:


Антенна жоқ

Сигнал деңгейі көрсеткішінің («антеннаның») болмаған жағдайында SIM-картаның өзін тексергеніңіз жөн. Бұл үшін оны басқа телефонға салып көру қажет. Егер жағдай өзгермесе қызмет көрсету орындарына хабарласып, SIM-картаны ауыстыру қажет.


Неліктен кешкі уақытта интернет жылдамдығы азаяды? Жылдамдық неге байланысты?

Деректерді беру жылдамдығы көптеген факторларға байланысты, олардың бірі белгілі бір уақыттағы желі мен нақты бір ұяшықтың жүктемесі болып табылады. Осыған байланысты біз, өкінішке орай, GPRS/EDGE желісінің үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік бере алмаймыз.

Роуминг деген не?

Роуминг – бұл Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде демалыс немесе іссапар барысында нөмірді өзгертпестен және достарыңызбен, отбасыңызбен және әріптестеріңізбен қалыпты сұхабаттарды үзбестен байланыста қала беруге мүмкіндік беретін қызмет.


Нөмірде роуминг қызметінің қосылған-қосылмағанын қалай тексеруге болады?

Нөмірде роуминг қызметінің қосылған-қосылмағанын тексеру үшін:


Роуминг қызметін қалай қостыруға болады?

Роуминг қызметіне алғаш қосылу үшін:

  • Жеке тұлғалар өздерімен бірге жеке куәлік пен СТН алып келулері шарт;
  • Заңды тұлғалар компанияның фирмалық бланкісінде толтырылған, мөр мен өкілетті тұлғаның қолы қойылған хат ұсынулары тиіс.

Қызмет көрсету орындарына біріне хабарласып, қалыпты үлгідегі өтініш толтыру қажет. Сондай-ақ жоғарыдағы құжаттарды факске: 727-2588914, немесе e-mail:ccmail@kcell.kz арқылы жолдауға болады.

Енді Роуминг қызметін сондай-ақ төмендегі тәсілдердің бірімен қостыруға болады:

*123*4*4# пәрменін теру немесе *145# және шақыру пернесін басу. Қызметті қосу үшін «1» таңдаңыз, қызметті өшіру үшін «2» таңдаңыз, сондай-ақ 3330 нөміріне DA деген мәтіні бар (мәтінді латын әріптерімен жазу қажет) тегін SMS жолдауға болады, өшіру үшін NET мәтінін жолдау қажет.


Қызметті абоненттік нөмірге алғаш қостырған кезде теңгерімде қандай сома болуы керек?

Қызметті абоненттік нөмірге алғаш қостырған кезде нөмірдің дербес шотында оң теңгерімнің болуы шарт.

Маңызды! Қазақстаннан тысқары жерлерге шықанда Дербес шотыңыздағы қалдық:

  • есеп айырысудың аванстық әдісі үшін тұрақты 1000 теңге дейінде сақталуы тиіс;
  • теңгерім 1000 теңгеден кем түскенде қызмет автоматты түрде өшіріледі (бұғатлалады);
  • есеп айырысудың несиелік әдісі үшін: несие шегін асырмай, соңғы шотты төлеу қажет.

Шетел операторының желісіне қалай қосылуға болады?

Басқа елге кіргенде телефоныңызды қоссаңыз, ол автоматты түрде пайдалануға болатын желіні таңдайды. Ұялы байланыс операторын телефон мәзіріндегі «Желілер» функциясы арқылы қолдан таңдауға немесе ауыстыруға болады (операторды қолдан ауыстыру туралы толық ақпаратты телефоныңыздың нұсқаулығынан ала аласыз).


Роумингте теңгерімді қалай толтыруға болады?

Роумингте болғанда теңгерімді төмендегі тәсілдермен толтыруға болады:


Роумингте Қазақстанға қалай қоңырау шалу керек?

Роуминг барысында Қазақстанға қоңырау шалу үшін нөмірді төмендегі форматта теру қажет: + [ел коды][ қала коды /ұялы оператор коды][телефон нөмірі].

Мысалы:

  • Алматыдағы 2588300 қалалық нөміріне қоңырау шалу үшін: +7 (ел коды) 727 (қала коды) 2588300 (телефон нөмірі);
  • Kcell ұялы нөміріне қоңырау шалу үшін: +7 (ел коды) 701 (оператор коды) ХХХХХХХ (абонент нөмірі).

Роумингте интернет қызметін қалай өшіруге болады?

Роуминг қызметін өз бетіңізше телефон реттеулерінде қол жеткізу нүктелерінің барлығын алып тастау немесе қызмет көрсету орындарында ұсынуға немесе 727-2588914 факсына не ccmail@kcell.kz арқылы жолдауға болатын болатын өтініш арқылы өшіре аласыз.


Роуминг қызметін қостырғым келеді. Осы қызметті пайдаланбас бұрын мен не білуім қажет?

Роуминг қызметін қоспас бұрын төмендегілерді орындау қажет:

  • Сіздің операторыңыз бен Сіз баратын ел арасында роумингтік келісімнің бар-жоқтығын білу;
  • Сіз таңдаған оператордың қандай байланыс стандартын қолдайтынын білу (GSM 900/1800, CDMA) және Сіздің телефоныңыздың моделі осы стандартты қолдайтынына көз жеткізу;
  • Сіз баратын елдің операторлары бойынша ұялы байланыс қызметтерінің тарификациясымен танысу.

Интернетті өз бетімше қалай реттеуге болады?

Егер Интернет/MMS/WAP автоматты реттеулерін алғыңыз келсе, 800 нөміріне «internet»/«mms»/«wap» мәтіні бар SMS жолдаңыз.

Сіз сондай-ақ *123# комбинациясын теріп, мәзірге жүгіне отырып қажет қызметті таңдай аласыз.


«Мобильді интернет плюс» қызметі бойынша теңгерім қалдығын қалай өз бетімше тексеруге болады?

Теңгермдегі қалдықты өз бетіңізше *444*3# тексеруге болады.


Егер шотта: "Интернет топтама" және "Мобильді Интернет плюс" қызметіне қосылған болса, трафик қалай жұмсалады?

Егер Сізде бірден 2 қызмет қосылған болса, осы қызметтердің қайсысы бұрын қосылғанына қарамастан алдымен Интернет топтаманың трафигі жұмсалады, содан кейін Мобильді интернет плюс қызметімен ескерілген трафик жұмсалады.


ҚР сыртында (роумингте) бонустық интернет трафиктерді пайдалануға бола ма?

Жоқ, бонустық трафик тек ҚР аумағында ғана жарамды. Интернет қызметтерді Роумингте пайдалану роуминг-серіктестің тарифтеріне сәйкес жүргізіледі.


Телефондағы SIM-картаны пайдалана отырып «Модем» топтамасын қосуға бола ма?

Иә, болады. Топтамалардың атаулары шартты түрде ғана келтірілген, оларды интернетке қол жеткізуге арналған кез келген құрылғыларда пайдалануға болады.


3G желісіне қалай қосылуға болады?

Kcell, activ SIM-картасы бар әр абонент оның телефоны 3G стандартын қолдайтын жағдайда 3G технологиясының негізіндегі қызметтерді пайдалана алады. 3G қамту аймағындағы абонентке және осы стандартты қолдайтын телефонның немесе модемнің болған жағдайында: телефонында осы опцияның қосылған-қосылмағанын тексеру қажет. Телефонда мұны «Желі реттеулерінен» тексеруге болады. Көптеген телефондарда 3G желісінде болған жағдайда сигнал деңгейін көрсеткіш («антенна») жанында «3G» белгісі пайда болады. Бұл телефонның қазіргі уақытта 3G желісін пайдалануда екендігін білдіреді. Сіздің телефоныңыз 3G желісін пайдалануды қалай көрсететінін білу үшін телефоныңыздың нұсқаулығын қараңыз. Телефонда мұны сондай-ақ «Желі реттеулерінде» тексеруге болады – «Екі режимді» (GSM және 3G) тармағын таңдау қажет (телефоныңыздың нұсқаулығын қараңыз). Бұл опция абонентке 2G және 3G стандарттарының арасында автоматты түрде ауысуға мүмкіндік береді. Қамту аймағын Сіз 3G қамту картасынан қарай аласыз.


3G Интернет қалай тарифтеледі?

Деректерді беру қызметінің құны 3G пайдалану барысында өзгермейді. Тарификация Сіздің ағымдағы тарифтік жоспарыңыздың/қосылған науқанның/ сатып алынған топтаманың шарттарына да байланысты.


3G желілеріндегі деректер қандай жылдамдықпен беріледі?

Үшінші буын желілерінде деректерді берудің жылдамдығы оны біртіндеп өсіру арқылы 14 Мбит/с дейінгі көлемде ескерілген.


Телефонымда 3G опциясы қосылып, алсигнал жоқ болса не істеуім қажет?

Мүмкін, Сіздің аумағыңыз әлі желіні қамту аясына кірмеген болар. Егер желі бұрын аумағыңызда жұмыс істесе, Анықтамалық қызметке хабарласыңыз.


Егер мен интернетке WAP арқылышығатын болсам, деректерді беру жылдамдығы көбейеме?

Иә, WAP протоколы GPRS, EDGE және 3G форматтары арқылы да жұмыс істей береді.


3G желісінің күнделікті өмірде қандай пайдасы бар?

  • Сіз жақындарыңызбен тек тілдесіп ғана қоймай, оларды бейнеқоңырау арқылы көре аласыз.
  • Әлеуметтік желілерде достарыңызбен жаңа жылдамдықта хабарласа аласыз.
  • Телефон арқылы түсірілген бейнетаспаларды басқа пайдаланушыларға жолдауға немесе интернетке жүктеуге болады.
  • Мобильді телефон арқылы интернетте немесе файл алмасу жүйелерінде берілген фильмдер мен бейне роликтерді көруге болады.
  • Музыка мен басқа да өзіңізге қажет ақпаратты интернеттен тезірек жүктей аласыз.

Бейнеқоңырау функциясын қалай қосуға болады?

Бұл функция ұялы телефоныңыздың 3G форматын қолдап, оның 3G желісінің қамту аймағында болған жағдайда ұялы телефоныңызда іске қосылады. Мұнда Сізге:

  • Бейнеқоңырау жасау барысында Сізге телефон нөмірін тергеннен кейін бейнеқоңырау немесе дауыстық қоңырау сияқты қоңырау түрін таңдау қажет;
  • Басқа абоненттен бейнеқоңырау қабылдаған сәтте Сізге шақырушы абонентпен бейнеқоңырау арқылы тілдескіңіз келетін жағдайда бейнеқоңырауды қабылдау қажет, егер бейнеқоңырауды қабылдағыңыз келмесе, Сізге бейнеқоңыраудан бас тарту қажет (бұл жағдайда Сіз өзіңізге қоңырау шалушы абонентті көресіз, бірақ ол Сізді көрмейді).

Роумингте жүрген нөмірге бейнеқоңырау шалуға бола ма?

Қазіргі уақытта Роумингте және халықаралық қоңырау шалу барысына бейнеқоңырау қызметін пайдалану мүмкін емес.


Android операциялық жүйесінде өз бетінше SMS жолдайтын қосымшаны қалай анықтауға болады?

Назар аударыңыз! Android операциялық жүйесінің пайдаланушылары үшін.

Теңгерімнен бақылаусыз ақшалай қаражаттың алынуына жол бермеу мақсатында қысқа нөмірлерге SMS жолдаған кезде келесі қадамдарды орындау қажет.

  • Телефонның бас мәзіріне кіру;
  • Реттеулер -> Қосымшалар -> Қосымшаларды басқару;
  • Телефонда орнатылған барлыққосымшалар тізімі пайда болады;
  • Әрқосымшаға жекелей кіріп, сипаттамасын көру қажет;
  • Өздері SMS жолдайтын қосымшаларда төмендегі сипаттамада «SMS жолдау мүмкіндігі» немесе «Қызмет ақылы негізде көрсетіледі» деген қанат белгісі тұрады.

Солай болған жағдайда осы қосымшаны жою қажет. Қосымшаны жою үшін «Реттеулер» бөліміне өтіп, «Қосымшаны басқаруды» басыңыз, содан кейін жойылатын «Қосымшаны ашу», «Жоюды» таңдау.

  1. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді ауыстыру өтініші;
  2. 1-қосымша нөмірді қайта тіркеуге өтініш;
  3. 2-қосымша келісім нысаны;
  4. 3-қосымша келісім нысаны;
  5. Жабдықты қабылдау-қайтару актісі;
  6. Сауалнама (жабдықты қайтару);
  7. Сауалнама (шартты бұзу);
  8. Ағымдағы шотқа қате аударылған қаражатты қайтару;
  9. Роумингті қосуға кепілдік хат;
  10. Жеке тұлғаларға арналған шот детализациясы;
  11. Заңды тұлғаларға арналған шот детализациясы;
  12. SIM және нөмірді ауыстыру және қалпына келтіру, бұғаттау, тарифтік жоспарды ауыстыру;
  13. SIM ауыстыру, пайдаланушы атына тіркеу;
  14. Заңды тұлғаларға арналған SIM ауыстыру;
  15. Корпоративтік қызмет көрсетуге өтінім;
  16. Шартты бұзу өтініші;
  17. Kcell нөмірін қайта тіркеу;
  18. Роумингті қосу;
  19. Заңды тұлғалар үшін роуминг қосу;
  20. Бұзу өтінішіне №1 қосымша;
  21. Бұзу өтінішіне №2 қосымша;
  22. Қалпына келтіруге аналған нөмір белсенділігін тексеру;
  23. Пайдаланушы деректерін тексеру;
  24. Телефонды бұғаттан шығару;
  25. Өтініштің еркін нысаны;
  26. Дербес деректерді өңдеуге келісім;
  27. Қайта тіркеуге келісім;
  28. Қаражат алуға келісім;
  29. Ата-ана келісімі;
  30. Қайта ресімдеу туралы хабарлама;
  31. Байланысушы тұлға нысаны;
  32. Ілеспе хат нысаны.