Мобильді алаяқтық

Алаяқтардың әрекеттеріне ұшырасаңыз не істеу қажет?


Егер Сіз телефон алаяқтарының әрекеттеріне ұрынсаңыз, Сіз алаяқтық жағдайына қатысты құқық қорғау органдарына хабарласа аласыз. Ұялы байланыс операторы алаяқтардың әрекеттеріне жауапты болмайды және құқық қорғау органдарының абоненттерге қатысты жасалған заңсыз әрекеттері бойынша жауапкершілікке тартатын қызметін атқара алмайды.

Құрметті абоненттер!
Сақ болыңыз және алаяқтардың айласына түспеңіз!

 

Құрметті абоненттер, WhatsApp және Viber қосымшалары арқылы вирусты хабарламаларды тарату жағдайлары жиілеп кеткенін ескеруді сұраймыз.

Қазіргі уақытта, Интернет желісіне тегін рұқсатты пайдалану мүмкіндігі болатындығы тәрізді  көлденең қосымшалар  туралы айтылатын хабарламаларды жолдау жиілеп кетті.  Хабарлама мәтінінде зиян келтіретін қосымшаны жүктеу немесе зарарлы сайтқа жетелейтін сілтемелер қамтылады.

Бұл ретте мұндай хабарламалар мәтіні өзгеруі мүмкін. Таратудың негізгі себептері – абонентке сілтеме бойынша қосылуына түрткі болу. Мұндай сілтемелердің өзгешеліктері сілтемеге шығуға, сонымен қатар хабарламаны өзге абоненттерге таратуды сұрауға ұсынылатын қандай да аса пайдалы ұсыныс туралы жалған ақпарат болып табылады.

Сілтеме бойынша шығу қауіптілігі:

- Сұратылмаған контентке жазылу;

- Жойылған серверге құпия ақпаратты автоматты түрде беруі мүмкін зарарлы БҚ  смартфонды зақымдайды және одан басқалары.

 

 «Кселл» АҚ абоненттерге қырағылық танытуды және келесі қарапайым қағидаларды ұстануды сұрайды:

- Өте пайдалы ұсынысты алу кезінде ақпаратты тексеруді;
- Өз смартфоныңызда вирусқа қарсы БҚ орнатуды және оны мерзімді жаңартуды сұрайды.
- Белгісіз адресаттан хабарламаны алған кезде сілтемені ашпаңыз, егер күдікті хабарлама сіздің танысыңыздан келген болса, онда онымен қосымша ақпарат алу үшін байланысыңыз.

Алаяқтар абоненттік нөмірлерге жаппай SMS жолданымдар жүргізуде. Хабарламада сілтеме көрсетілген, сол сілтемеге өткен уақытта абонент телефонына вирусы бар файл жүктеледі. Вирус Сіздің құпия деректеріңізді алаяқтарға жолдау мен телефоныңыздан рұқсат етілмеген қымбат SMS жіберуге дейінгі түрлі әрекеттерді жүргізуі мүмкін.

SMS мәтінініңмысалы:

"Сіздің достыңыз mms-mobile.ru сайтындағы суретіңізге пікір қалдырды, оны ашу үшін mms mobile.ru/346356 сілтемесіне өту қажет".

Не істеу керек?

Белгісіз және/немесе күдікті нөмірден келген SMSтегі сілтемелерге өтпеген жөн. Осы сайттағы мазмұн операциялық жүйесі бар телефондарға орнатылатын вирустық бағдарлама болуы мүмкін. Осындай хабарламаларды алған кезде алынған ақпаратты растау үшін компаниямыздың ақпараттық-анықтамалық оратылығына қоңырау шалыңыз.

 

Сіздің ұялы телефоныңызға қандай да бір ірі компанияның (радиостанцияның, дүкендер желісінің т.б.) науқан (ұтыс ойынының) өткізіліп жатқандығы туралы қоңырау немесе SMS келіп, Сізге құнды жүлде (ұялы телефон, автомобиль, тұрмыстық техника, пәтер т.б.) ұтып алғандығыңыз хабарланады. Содан кейін алаяқтар Сізден ұтып алынған жүлде салығы немесе жеткізіп беру құны ретінде белгілі бір ақшалай қаржыны нөмірлерге аударуды немесе төлем карталарын сатып алып, олардың құпия кодтарын айтуды ұсынады.

Не істеуге болады?

Қандай да бір әрекеттерді жүргізбес бұрын Компанияның ақпараттық-анықтамалық қызметіне хабарласу арқылы шынымен де осындай науқанның жүргізіліп жатқандығына көз жеткізуге тырысыңыз.

Көп жағдайда осындай хабарламаларды жолдайтын алаяқтар көрсететін компаниялардың шын мәнісінде мұндай ақпаратқа еш қатысы жоқ. Алаяқтар осындай компаниялардың жоғары беделін біле тұра, олардың атауларын (брендтерін, сауда белгілерін) абоненттерді шатастыру үшін пайдаланады.

Науқан өткізетін компаниялар ақшалай қаражатты аударуды, сондай-ақ төлем карталарының құпия кодтарын хабарлауды сұрамайды.

Егер Сізден қысқа нөмірге (көп жағдайда 4 таңбалы) жауап беруді сұраса, бұл - құны жүздеген теңге тұратын контент-провайдерлердің қымбат қызметтері болуы мүмкін.

SMS мәтіндері төмендегідей болуы мүмкін:

"Сіз дауыстық хабарлама (немесе MMS) алдыңыз, және оны тыңдау (қарау) үшін Сізге ХХХХ нөміріне YYYY коды бар SMS жолдау қажет".

Егер Сіз шынымен де дауыстық хабарлама алсаңыз, нөміріңізге келген мәлімдеме 2000 нөмірінен келуі қажет. Егер жолдаушы ретінде кез-келген басқа нөмір тұрса, бұл хабарламаны жіберген алаяқтар екендігі анық, яғни хабарламаны көрсетілген нөмірге жолдағаннан кейін абонент шотынан дауыстық хабарлама тыңдау құнынан әлдеқайда асатын сома алынады.

"Құрметті пайдаланушы! Сізге нөміріңізді іске қосу қажет. Бұл үшін ХХХХ нөміріне YYYY мәтіні бар SMS жолдаңыз. Іске қосу тегін".

Нөмірді іске қосу нөмірді сатып алған кезде бір-ақ рет жүргізіледі және нөмірге қатысты кейінгі әрекеттерді тек абоненттік бөлімдер мен сату орындары арқылы жүргізу қажет.

"Сәлеметсіз бе! Сізге шұғыл операция қажет ететін Жасминнің мамасы хабарласып тұр. ХХХХ нөміріне өзіңіз аямайтындай рет YYYY мәтіні бар SMS жолдасаңыз, Сіз оның жазылуына өз үлесіңізді қосасыз. Құны 25 тг. Рахмет Сізге!

Не істеуге болады?

Осындай хабарламаларды алған жағдайда алынған ақпаратты нақтылау үшін Компанияның ақпараттық-анықтамалық қызметіне хабарласыңыз.

Ұялы телефоныңызға қоңырау келіп түседі. Қоңырау шалушы өзін Сіздің туысыңыз немесе досыңыз (әріптесіңіз) екендігін айтып, уайымға толы дауыспен қайғылы оқиғаға ұшырағандығын айтады. Мысалы, жол апатына ұшырағандығын, адамды қағып кеткендігін т.б. айтады және дәл сол сәтте "туысыңыздың" ("досыңыздың"/ "әріптесіңіздің") телефоны сынып, қуаты таусылып қалғандықтан, басқа біреудің телефонынан қоңырау шалып тұрғандығын хабарлайды. Және осы жағдайға байланысты оған біраз жерге қоңырау шалу керек болғандықтан ол Сізден телефон балансына ақша салуыңызды өтінеді. Ары қарай төлем картасын сатып алып, құпия кодты хабарлау сұралады. Не істеуге болады? Ең алдымен, қайғылы оқиғаға ұшырады-ау деген туысыңызға немесе досыңызға хабарласып, ол туралы мәліметтерді сенімді дереккөздерден алуға тырысыңыз. Ал егер алаяқтың өзі Сізге туысқаныңмын (досыңмын, әріптесіңмін) деп аталған болса, оған Сізге қоңырау шалушының шынымен де сол адам екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік беретін бірнеше сұрақ қойыңыз. Алаяқтардың көп жағдайда әлеуметтік сайттарда келтірілген ақпаратты пайдаланып, Сіздің қоңырау шалушы тұлғасын анықтау мақсатында қойған кейібр сұрақтарыңызға жауап бере алатындығын ескеріңіз. Осылайша, алаяқтар тұратын орныңызды, көлік маркасын, отбасы жағдайыңызды, туысқандарыңыздың аты-жөндерін т.б. білулері мүмкін.

Компьютеріңіздің/смартфоныңыздың экранында төмендегідей мазмұндағы хабарлама пайда болады:

- Компьютеріңізде вирус табылды. Оны жою үшін YYYY мәтінін ХХХХ нөміріне жолдаңыз.

- Windows операциялық жүйеңіздің лицензиясы таусылған, оны ұзарту үшін ХХХХ нөміріне YYYY мәтіні бар SMS жолдаңыз.

- Құрылғыңыз сіздің тыйым салынған сайтта болуыңызға байланысты бұғатталды, айыппұл төлеуді сұраймыз. Ақпарат министрлігі, т.с.с.

Не істеуге болады?

Ешбір жағдайда көрсетілген нөмірге хабарлама жолдамаңыз, оның орнына компанияның анықтамалық-ақпараттық қызметіне хабарласып, одан арғы әрекеттеріңізге қатысты кеңес алыңыз.

Көп жағдайда осы іспеттес хабарламалар алаяқтардың әрекеттері болып табылады, сондықтан мұндай SMS жолдау мәселеңізді шешпейді.

- Sim-картаңызға қол жеткізген алаяқтар арнайы құрылғылар арқылы Sim-картаңыздың көшірмесін (клонын) жасауы мүмкін. Кейіннен осы көшірмені пайдалану арқылы олар Сіздің атыңыздан және Сіздің абоненттік нөміріңіздің дербес шотындағы ақша есебінен қоңырау шалып, SMS жолдау және басқа да ұялы байланыс қызметтерін пайдалану мүмкіндігін алады;

- Бүгінгі таңда Sim-карталарды клондаудың белгілі тәсілдері Sim-карта түпнұсқасын физикалық тұрғыдан пайдалануға негізделген. Яғни өздерінде Sim-карта түпнұсқасы болмаған жағдайда зиянкестер оны клондай алмайды.

Қауіпсіздік шаралары:

  • Телефонды үшінші тұлғаларға (жөндеу т.б.) үшін берген жағдайда сим-картаны телефоннан шығарып алып қалған жөн;
  • Sim-карта дубликатын заңсыз жасауға тыйым салынғандығын және оған Қазақстан Республикасының заңмен орнатылған қылмыстық жауапкершілік ескерілгендігін есте сақтаған жөн.

Бүгінгі таңда Сіз түрлі төмендегідей сервистерді сатып алу ұсыныстарына тап болуыңыз мүмкін: "Оның SMS-терін оқу бағдарламасы", "Оның телефонын тыңдау бағдарламасы", "Телефондардың контроллері", "Мобильді детектор", "Мобильді локактор" т.б. Атауларында көрсетілгендей, алаяқтар абоненттерге өзгелердің SMS хабарламаларын оқуды, басқа абоненттің қоңырау шалу тарихын көруге немесе абоненттің орналасқан орнын анықтауды т.б. ұсынады.

Қазіргі кезде Компанияда ақпаратты оқып, үшінші тұлғаларға беру бағдарламаларының бар-жоқтығына қатысты ақпарат жоқ. Мүмкін, мұндай әрекеттерді алаяқтар алдау жолымен абонент телефонына түрлі құрылғыларды немесе бағдарламаларды орнату арқылы жүргізетін болар.

Әрекет ету амалы:

  • Мұндай әрекеттердің алдын алу үшін телефоныңызды үшінші тұлғаларға бермеңіз. Ұялы телефоныңызды заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін бұғаттан шығару паролін орнатыңыз (телефоныңызды пайдалану нұсқаулығын оқыңыз);
  • Хат алмасу құпиясын, телефон сұхбаттарын және басқа да хабарлама құпиялығын заңсыз бұзуға тыйым салынғандығын және мұндай әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңмен орнатылған қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін есте ұстау қажет.

Төлем картасынан ұялы байланыс қызметтерін төлеу немесе тауарларды сатып алу есебіне алаяқтық банктік аударым жағдайлары жиілеп кетті.

Біздің кеңестеріміз:

  • Төлемді дүкендерде, тек өзіңіздің қатысуымен жүргізу;
  • Ешкімге ауызша да, жазбаша да банктік картаңыздың деректемелерін бермеу;
  • PIN немесе құпия сөзді жазбаша сақтамау;
  • Банктен SMS мәлімдеме қызметін қосу. Осы қызмет сізге картаңыздағы ақшалай қаражатпен жүргізілетін өзгерістердің барлығы туралы бірден хабарлама алуға мүмкіндік береді.

Күдікті транзакциялардың анықталған жағдайында сізге барынша жылдам банкке хабарласып, картаны бұғаттау қажет, сондай-ақ құқық қорғау органдарына өтініш жазу керек.

Өздері SMS жолдайтын қосымшаларды анықтап, олардың Сіздің келісіміңінсіз SMS жолдауларын шектеу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

- Егер телефоныңыз (Samsung, HTC, LG, Sony Ericsson Xperia, Alcatel) Android оперативті жүйесінде болса Реттеулерге өтіп -> Қосымшалар -> Қосымшаларды басқару тармақтарын таңдаңыз. Телефонға орнатылған барлық қосымшалардың тізімі шығады. Әр қосымшаға кіріп, сипаттамасын көру қажет. Өздері SMS жолдайтын қосымшалардың сипаттамаларында төменде "SMS жолдау мүмкіндігінде" қанат белгісі тұрады.

- Егер телефоныңыз (Nokia C, E, N) Symbian оперативті жүйесінде болса, Параметрлерге өтіп -> Қосымшалар диспетчері -> Орнатылған қосымшалар тармақтарын таңдау қажет. Телефонда орнатылған барлық қосымшалардың тізімі пайда болады. Әр қосымшаны бөліп алып, оларға келесі әрекеттермен SMS жоладуға тыйым салуға болады. Функциялар -> Қосымшалар параметрлері -> SMS пайдалану -> Tыйым салу.


- Сіздің туысыңыз, досыңыз, танысыңыз болып өзін таныстырып, ақшалай қаражат аудару, төлем карталарын енгізу, қысқа нөмірге SMS жолдау сияқты әрекеттерді шұғыл орындауды талап еткен бейтаныс тұлғалардан алынған ақпаратты тексеріңіз!

- Қандай да бір науқанға/жүлделердің ұтыс ойындарына қатыспас бұрын Компаниямыздың анықтамалық-ақпараттық қызметіне хабарласып, науқан/ұтыс ойынының шын мәнісінде өткізіліп жатқандығына көз жеткізіңіз және де қоңырау/SMS құнын біліңіз.

- Бейтаныс нөмірден келген қандай да бір ақпаратты/MMS/дауыстық хабарламаны т.б. ашуға арналған сілтемені жүктеуге асықпаңыз.

- Кейбір бейтаныс/тексерілмеген қосымшаларды телефоныңызға орнатпастан бұрын олардың сипаттамасымен танысыңыз. Бұл - өз бетінше қоңырау шалып, SMS жолдайтын вирус болуы мүмкін.

- Телефоныңызды тек ресми/тексерілген сервис орталықтарында жөндеуден және техникалық қызметтен өткізген жөн. Телефоныңызды үшінші тұлғаларға (жөндеу, т.б. үшін) берген уақытта сим-картаны телефоннан шығарып алып қалыңыз.

- Сақ болыңыз! Компьютеріңіздегі вирустан құтылу үшін немесе бағдарламалық жабдық лицензиясының мерзімін ұзарту үшін SMS жолдамаңыз, өйткені қазіргі кезде ондай әрекеттер жүзеге асырылмайды.

- Компанияның өз бетінше немесе серіктестерімен бірлесіп өткізілетін түрлі науқандарды, викториналарды, ұтыс ойындарын өткізу шарттарына қатысты ақпаратты компанияның корпоративті сайттарында (www.kcell.kz, www.activ.kz) немесе абоненттік бөлімдерде алуға болатынына назар аударыңыз. Сонымен қатар, Компания басқа тұлғаларға төлем карталарының кодтарын беруге байланысты ешқандай жарнамалық науқандарды, сондай-ақ абоненттерді тарту мақсатында ұялы телефоннан қандай да бір ақпаратты енгізу, жолдау, қоңырау шалуға немесе пароль ауыстыруға байланысты ешқандай техникалық жұмыстарды жүргізбейді.


Кеңес алу үшін Сіз 8(727)2588300, 8(727)2588000 нөмірлері арқылы немесе ұялы телефоннан Activ абоненттері үшін 3030, Kcell абоненттері үшін 9090 нөмірі арқылы Компанияның тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық қызметіне хабарласа аласыз (қызмет құны Kcell/Activ тарифіне сәйкес).