Сенімді сертификат

Сенімді сертификатын орнату

«Кселл» АҚ Kcell және аctiv абоненттеріне Интернетке қолжетімділігі бар дербес құрылғыларға «Қауіпсіздік сертификатын» орнату қажеттілігі туралы хабарлайды

Дербес және есептік деректердің, сондай-ақ қазақстандықтардың банктік шоттарынан ақшаның ұрлану жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты, ақпараттық кеңістікті хакерлерден, интернет-алаяқтардан және түрлі киберқауіптерден қорғаудың тиімді құралы болатын қауіпсіздік сертификатын енгізді.

Қауіпсіздік сертификатын енгізу ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғауға, сондай-ақ еліміздің ақпараттық кеңістігі жүйесіне, жеке, соның ішінде банктік секторға интернет-алаяқтардың хакерлік, кибершабуылдарын зиян келтіргенге дейін анықтауға көмектеседі.

Қауіпсіздік сертификаты — бұл шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы. Осылайша, ол Интернет желісінің қазақстандық пайдаланушыларын хакерлік шабуылдардан және заңға қайшы контентті көруден қорғауға мүмкіндік береді.

Компания абоненттерге ҚР «Байланыс туралы» Заңына және «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларының» 11-тармағына сәйкес Интернетке қолжетімділігі бар дербес құрылғыларға «Қауіпсіздік сертификатын» орнату қажеттілігі туралы хабарлайды Заңнаманың талаптарына сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан абоненттері арасында қауіпсіздік сертификатын таратуды қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік сертификатын орнату Интернетке кіру үшін қолданылатын әрбір құрылғыдан (iOS/Android негізіндегі мобильді телефондар және планшеттер, Windows / MacOS негізіндегі дербес компьютерлер және ноутбуктер) орындалуы қажет екеніне назарыңызды аударамыз.

Абоненттік құрылғыларда қауіпсіздік сертификаты болмаған жағдайда, жекелеген интернет-ресурстарға қол жеткізуде техникалық шектеулер туындауы мүмкін.

Сертификатты жүктеу

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Қауіпсіздік сертификаты — бұл Интернет желісін пайдаланушыларды ҚР заңнамасымен тыйым салынған контенттен, сондай-ақ зиянды және ықтимал қауіпті контенттен қорғауға мүмкіндік беретін электрондық сертификат. Қауіпсіздік сертификаты Қазақстанның ұялы байланыс абоненттеріне Интернетке ең қауіпсіз режимде кіруді ұсынуға бағытталған.

Бұл қауіпсіздік сертификаты Қазақстанда әзірленген және оны ақпараттық жүйелер және құзырлы мемлекеттік орган ұсынған.

Қауіпсіздік сертификаты Сізге Интернет желісінде өзіңізді алаяқтардан, хакерлік шабуылдардан және заңға қайшы контенттен қорғауға мүмкіндік береді. ҚР Заңнамасының талаптары бойынша Қауіпсіздік сертификатын орнату қажет. ҚР «Байланыс туралы» Заңына және «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларының» 11-тармағына сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан өз абоненттері арасында қауіпсіздік сертификатын таратуды қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік сертификаты ДК-ге, смартфондарға, планшеттерге және Интернет желісіне кіру үшін қолданылатын басқа құрылғыларға орнатылуы керек.

Қауіпсіздік сертификатын орнатпайтын болсаңыз, Интернет желісіне қолжетімділікке қатысты қиындықтар болуы мүмкін.

Cіздің дербес деректеріңізге Қауіпсіздік сертификатының қолжетімділігі жоқ.

аctiv абоненттері үшін 3030 және Kcell абоненттері үшін 9090 нөмірі арқылы қоңырау шалу орталығына немесе Нұр-Сұлтан қаласының барлық абоненттік бөлімдеріне хабарласыңыз.

Қауіпсіздік сертификатының көлемі — 2 Кб.