Жаңалықтар

«Құшақтар әлемі» викторинасы!

Назарыңызға «Құшақтар әлемі» атты жаңа викторинаны ұсынамыз! Науқан әлем халықтарына, олардың дәстүрлеріне, тағамдарына, ұлттық ерекшеліктері мен елеулі өкілдеріне және қаһармандарына арналған!
Викторинаны өткізу мерзімі: 2012 жылдың 23-қаңтарынан 6-ақпанына дейін. USSD-викторинаға қатысу үшін *780# нөміріне қоңырау шуалу қажет. Жауабына Сіз викторина сипаттамасы мен Науқанның бірінші сұрағы бар SMS-хабарлама аласыз. Барлығы 20 негізгі және 2 қосымша сұраққа жауап беру қажет. Әр дұрыс жауапқа Сіз қай халыққа қатысты сұраққа жауап беруіңізге байланысты сол халық өкілінен бір «құшақ» аласыз! Ең көп «құшақ» жинап, бес планшеттік компьютердің біріне ие болыңыз! 

Барлығы 5 жеңімпаз анықталады.
Жүлде қоры: 5 планшеттік компьютер:
1-ші орын: iPad-2, WI-FI + 3G, 16 Gb
2-ші орын: Galaxy Tab 10.1, 16 Gb
3-5-ші орындар: ACER A501 3G(10S), 32 Gb

*780# нөміріне бір сұраным жолдау құны ҚҚС есебімен 45 теңге. Сұраным деп Абоненттің USSD-сессия ішіндегі әр қадамын айтамыз. *780*10#, *780*20#, *780*30#, *780*40#, *780*50# сұранымдарының құны ҚҚС есебімен 90 теңге. Кіріс SMS-хабарламалар тегін. 

Ережені http://quiz.gsm-tm.kz сайтынан алуға болады. 
* Бұл қызметті Провайдер - «GSM Tech Management» ЖШС ұсынады. Провайдер Kcell және Activ абоненттеріне түрлі жадыратушы және анықтамалық-ақпараттық қызметтерді (оның ішінде шектелместен: суреттерге, әуендер мен ойындарға т.б. тапсырыс беру, ТВ-дауыс беру мен викториналар, анықтамалық ақпарат) ұсынатын дербес компания болып табылады. Қызметтердің мазмұнына, көрсетілу сапасы мен жылдамдығына Провайдер жауапты. Провайдер Оператор, үшінші тұлғалар, абоненттер алдында Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының талаптарын, оның ішінде лицензиялау, лицензиялық келісімшарттар, интеллектуалдық жекеменшік, авторлық және салалас құқықтарды қорғау туралы патенттік заңнаманы орындауға толық жауапты.