Жаңалықтар

Али Аган CNBC каналына сұхбат берді

Құрметті әріптестер!

Бас атқарушы директор Али Аганның 24 қазан күні Лондонда CNBC телеканалына берген интервьюның мәтінін ұсынамыз.

 

Бағдарлама жүргізушісі Джефф Катмор:

Қазақстанның ірі ұялы байланыс операторы болып табылатын Кселл компаниясының осы жылдың тоғыз айындағы таза пайдасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға төмендеген. Компания бұл арнайы дивидендтерді төлеуге байланысты дейді, ал абоненттік база мен трафик өсуді көрсетті. Бүгінгі бағдарламаға қатысқалы отырған Кселлдің бас атқарушы директоры Али Аганды қуанышпен қарсы алайық. Қайырлы таң!

 

Али Аган: Қайырлы таң!

Жүргізуші Джефф Катмор: Қош келдіңіз! Анығын айтсақ, сандар әрдайым толық жағдайды суреттей бермейді. Сондықтан, неліктен инвесторлар сіздердің акцияларға қызығушылық таныту керек екенін түсіндіре кетсеңіз.

Али Аган: Кселл туралы айтпас бұрын біз жұмыс істейтін ел – Қазақстан және нарығы туралы бірнеше фактілер келтіре кетсем. Қазір біз 17 миллион халқы мен жан басына шаққанда 13 000 АҚШ доллары бар ЖІӨ туралы айтып отырмыз. Ал елдің ЖІӨ 200 миллиард АҚШ долларынан асады, бұл көрсеткіш мемлекет 1991 жылы тәуелсіздік алғанда шамамен 16 миллиард АҚШ долларын құраған болатын. Осылайша, егер сіз 2002 – 2012 жыл арасындағы онжылдықты қарасаңыз ЖІӨ 8 есе өсуін көресіз. Бұл тұрғыда біз өте жоғары әлеуеті бар мемлекет туралы айтып отырмыз. Және елдің болашағын нақты болжап отырған басшылық туралы және қойнауында тек қана мұнай қоры шамамен 80 миллиард АҚШ долларын құрайтын ел туралы айтып отырмыз. Осылайша, жағдай жақсы деп сенеміз.

Жүргізуші Джефф Катмор: Біз әрине Қазақстан географиясы туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Егер біреулер Қазақстанға инвестиция салғысы келсе, бұл мәліметтерді тауып алады деп сенеміз. Менің білгім келетіні Кселл нарықтағы бәсекелестерінен қалай ерекшеленеді? Біз сіздердің мүмкіндіктеріңіз бар екенін түсініп отырмыз, бірақ неліктен адамдар өзгелердің емес, дәл сіздердің акцияны сатып алу керек?

Али Аган: Мынаған қараңыз, табыс тұрғысынан біздің нарықтағы үлесіміз 55 пайыз, EBITDA көрсеткіші 55 пайыздан жоғары, дивиденд төлеу кемінде 70 пайыз, ІРО-ға шыққаннан кейін біздің көрсеткіштер: алғашқы орналасқаннан кейін тоғыз айдың ішінде акциялар 60 пайызға өсті. Менің ойымша, бұл инвесторларға жақсы көрсеткіштер.      

Жүргізуші Джефф Катмор: Тез дамушы нарықтар өсу қарқынын қарасақ, еселенген қостаңбалы сандарды көруді күтеміз, бірақ соңғы 9 айдың нәтижесі бойынша мен бар болғаны 3.7% көріп отырмын. 3.7% ондыққа әлдеқайда алыс екенімен келісесіз бе?

Али Аган: Шын мәнінде, біз өсу жайында айтқанда бәсекелестік жағдайын ескеру керек, жалпы нарықтағы бәсекені де ескере отырып. Қазір бізде Қазақстанда үш жылдан кем уақыт әрекет ететін салыстырмалы түрде жаңа ойыншы бар, сондай-ақ LTЕ технологиясы болып табылатын 4G пайдаланып жұмыс істеп жүрген төртінші ойыншы да бар. Нарық 15 жылдан бері жұмыс істейді және ұялы байланыста «дауыстың» үлесі 180 пайызды құрайды – мұның бәрі өсуді тежеуші факторлар. Алайда, әлеует туралы айтатын болсақ, мәліметтерді тарату тоқсан сайын 40 пайызға өсуде. Егер елдің кең жолақты ұялы байланыспен, смартфондар мен 3G қолдайтын ұялы телефондармен қамтылмағанын есепке алсақ, бұл бізге өсу мүмкіндігін береді. 

Жүргізуші Карен Тсо: Смартфондардың таралуы туралы білу қызықты болар еді, өйткені мәліметтерді тарату қызметінің өсуі сіздің көздеген мақсатыңыз. Адамдар қандай ұялы құрылғыларға басымдық береді: қымбат Iphone 5S немесе Apple Қазақстан сияқты нарықтарға арнайы шығарған орта деңгейдегі Iphone 5C ма? Сіз қалай ойлайсыз, қандай телефондар үлкен сұранысқа ие?

Али Аган: Мен әртүрлі нұсқалардың үйлесуі деп айтар едім. Бізде Apple – ден басқа ұялы құрылғылардың барлық өндірушілері бар. Қазақстанның нарығы басқа тез дамушы нарықтардан өзгеше, ал смартфондар жайында айтатын болсақ, олардың нарықта таралуы әзірше 15 пайызды құрайды.

Жүргізуші: Адамдар арзанырақ құрылғыларды таңдайды ма? Басқа тез дамушы нарықтарда көріп отырған жағдай – адамдар «жоғары класс» бағасы бар заттарды алмай, олардың арзанырақ түрлерін таңдайды. Сіз осыны меңзеп отырсыз ба? 

Али Аган: Ия, солай. Біз әлемдік, ғаламдық көрсеткіштерді алсақ, әлемде смартфондардың таралуы 21 пайызды құрайды, еуропада бұл сан 40 пайызды құрайды, ал Қазақстанда әлемдік орта көрсеткішке жақын. Біз нарықтың тенденциясын, ұлғаю тенденциясын есепке алуымыз керек. Мысалы, өткен жылы Скандинавияда сатылған жаңа телефондардың 100 пайызы – смартфон, біздің нарыққа жақын Ресейде жаңадан сатылған ұялы құрылғылардың 50 пайызы – смартфондар. Яғни, нарыққа смартфондардың әртүрлі үлгілерінің кіруін байқаймыз, бұл ұялы операторларға мәліметтерді таратудан пайданы үстемелеуге көмектеседі.  

Жүргізуші Джефф Катмор: Қазақстан үшін және Ресей үшін де қиындықтардың бірі ол тек қана мұнайлы экономика болуында. Сондықтан біз осындай елдердегі орта класты тұтынушыларға қатысы бар телекоммуникация саласынан табысты оқиғаларды естігенде, инвесторлар мұнайлы елден артық ештеңе көрмейтіндей әсер қалдырады. 

Али Аган: Сіз дұрыс айтасыз, әлі де мұнай Қазақстан экономикасының ЖІӨ ең үлкен бөлігі болып табылады. Бірақ та мұнай ЖІӨ жалпы мөлшерінің шамамен 40 пайызын құрайды. Бізде басқа нарықтармен салыстырғанда қызмет көрсетудің жоғары дамыған нарығы бар. Бұл дегеніміз ЖІӨ диверсификациясы ғана емес. Менің ойымша, экономиканың тұрақтылығы жөнінде сөз болып отыр, мен айтып өткендей, мұнай қорының резервтері мен қаржы қорлары. Тағы бір айта кететін маңызды нәрсе. Бұл халықтың 50 пайызының орта жасы 25 жасқа дейінгі нарық туралы. Бұл да өз алдына өсу факторы. Егер тұтынушылық кредиттерге көз салсақ, ол жылдан жылға өсуде. Осылайша, бұл ЖІӨ жақсы өсуі бар серпінді демография.

 Жүргізуші Джефф Катмор: Осында келіп, қызықты әңгіме айтып бергеніңізге үлкен рахмет, Али!