Жаңалықтар

Али Аган Түркияның Bloomberg телеканалына тiкелей эфирде сұхбат бердi

ЖҮРГІЗУШІ: Түріктер, түрік компаниялары және түрік басшылар шетелде өте тиімді жұмыс істеп жүр. Бізде қонақта Түркияны шетелде табыспен паш етіп жүрген бизнесмен, менеджер. Али Аган Қазақстандағы ірі ұялы байланыс операторы болып табылатын «Кселл» компаниясының бас атқарушы директоры біздің студиямызда.

Қош келдіңіз, Али-бей! 

АЛИ АГАН: Рахмет!

ЖҮРГІЗУШІ: Шетелде компанияларды сатып алу, серіктес болу, және де инвестиция салуда түріктер өздерін табысты көрсете білді. Және біздің мақтан етуге болатын қасиеттеріміз жөнінде айтсақ, бұл солардың бірі. Қазақстан Орта Азияның көкжиегіндегі жарқыраған жұлдыз, оның ішкі жалпы өнімі жоғары, бай табиғи ресурстары бар және өсу деңгейі де жоғары. Және де Қазақстан БРИК бірлестігінің мүшесі болады дегені күтілуде. Өзіңіздің және ортаңыз жайлы айта кетсеңіз. Содан кейін біз телекоммуникация секторы жөнінде сөйлесеміз.

АЛИ АГАН: Қазақстанға қарасақ, бұрынғы Кеңес одағы аймағындағы елдер арасында оның экономикасы көрнекті болып келеді, жалпы ішкі өнім 200 миллиард доллар және адам басына 13 мың доллардан келеді. Бұдан 22 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіз ел болғанда, оның ЖІӨ 13 миллиард доллар болған еді. Соңғы он жылға қарасаңыз, ЖІӨ 8 есе көбейді. Бұл ғажап көрсеткіш. Түрік тыңдаушыларымызға түсінікті болсын деп, атап өтейік, Түркияда қазір ЖІӨ халық басына 15 мың доллар, ал Қазақстанда – 13 мың доллар. Және жылдың аяғына біз 14 мыңға жақындаймыз. Осылайша, біздің экономикаларымыз дамуы бойынша ұқсас болып келеді. Басқаша қарасақ, Қазақстан географиялық тұрғыдан, бұл жер көлемі бойынша тоғызыншы орындағы ел, үлкендігі континентальді Еуропадай. Қазақстан табиғи газ бен мұнаймен қоса, алтын, уран және дәнді дақылдардың, аса ірі өндірушілерінің бірі болып табылады, оның әлеуеті өте зор. Демографиялық тұрғыдан қарасақ, Қазақстан Түркияға ұқсайды, өйткені халқының жартысына жуығы 25 жасқа жетпеген. Және бұл өте белсенді халық. TeliaSonera Еуразия аймақтағы жеті елде жұмыс істейді. Бұл компаниялардың көпшілігі түрік менеджерлердің басшылығымен ұйымдастырылған. Сырт көзге, дамыған батыс елдері белсенді көрінуі мүмкін, бірақ біз жұмыс істейтін секторда барлығы тез өзгереді, бұл өте технологиялық орта. Ақиқатында біз «ми экспортын», яғни білімділердің экспортын жасап отырмыз. Бұл жерде мен тек қана Түркиялық менеджерлерді ғана емес, сондай-ақ жергілікті компанияларда кәсіби дамытып отырған қызметкерлерімізді де айтып отырмын.

ЖҮРГІЗУШІ: Осылайша, сіздер білікті мамандарды экспорттайсыз ғой.

АЛИ АГАН: Әлбетте.

ЖҮРГІЗУШІ: Жақсы, Сіз Өзбекстанда, Әзербайжанда телекоммуникация секторында басшылық қызметте істедіңіз. Қазақстанның ұялы байланыс нарығында Кселлдің орны қандай? Сонымен бірге Қазақстанда ұялы байланыс ену деңгейі өте жоғары, 125% асады. Бұл Қазақстандағы әр адам бір телефоннан артық пайдалана алатынын білдіреді. Бұл санға балалар да кірген. Балаларды есепке алмағанда, кейбір адамдар үш телефоннан және үш желіні пайдаланады деген ой қорытындылаймыз.

АЛИ АГАН: Дұрыс. Кселл TeliaSonera-ның Еуразиядағы аса ірі операторы. 2012 жылдың қорытындысы бойынша біздің табыс 1,2 млрд долларды құрады. Өткен жылы біз Қазақстан және Лондон қор биржаларында табысты IPO өткіздік.

ЖҮРГІЗУШІ: Осылайша, Сіз екі қор нарығына да кірдіңіздер ме?

АЛИ АГАН: Иә, біз қор нарығының екеуіне де кірдік.

ЖҮРГІЗУШІ: Ашық орналасудың көлемі қандай болды?

АЛИ АГАН: 25 пайызды құрады. Жыл әлі аяқталмағанына қарамастан, акциялар бағасы 70 пайызға өсті. Біздің команданың еңбегінің арқасында соңғы бірнеше айда табысты ІРО үшін 3 сыйлық алдық. Сіз айтып өткен 120 пайыз ену, бұл аймақ бойынша орта көрсеткіш. Бұл тұрғыда Қазақстан әлдеқайда алда, 180 пайыз. Бұл, Сіз айтқандай, егер біз балалар мен ұялы телефонға ие бола алмайтын адамдарды есепке алсақ, әр абоненттің 2 аса қалта телефоны бар. Бұл өте бәсекеге қабілетті орта. Бұған қарамастан, біздің компания, 15 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Егер компания жұмысының тиімділігінң негізгі көрсеткіші болып табылатын EBITDA деңгейін алсақ, біз әлемде 55 пайызбен жетекші болып келеміз. Біздің тыңдармандарымыз салыстыра алатындай, айтып өтейік: Түркияда бұл сан шамамен 25 – 30 пайыз. Біз бұдан да бәсекесі мықты нарықта 55 пайыз тиімділікпен жұмыс істейміз. Және де мен айтқандай, компания акциялары лондон қор биржасында саудаланады, Лондондағы инвесторлардың қанағаттанушылығы, акция курсының бір жылдың ішінде долларлық көрсеткіште 70 пайызға өсуі – еңбектің жемісін көру өте жағымды.

ЖҮРГІЗУШІ: Сіз Орта Азияда сатып алуды немесе серіктестік жасауды жоспарлап отырсыз ба? Кселл Орта Азияда аса ірі ұялы байланыс операторы екеніңіз белгілі. Меніңше, соншама жұмыс атқарғаннан кейін Сіз шетелге өсетіндей, кеңейіп, жаңа стратегияларды, жаңа бағыттарды дамытатындай кезеңге жеттіңіз.

АЛИ АГАН: TeliaSonera Еуразия Молдова, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Непалда жұмыс істейді.

ЖҮРГІЗУШІ: Біраз ғана ел қалды, егер Сіз сол нарықтарға кірсеңіз, Сіз аймақ операторы атана аласыз.

АЛИ АГАН: Бірақ мен Ресейді есептемедім, ал біздің негізгі компаниямыз TeliaSonera Ресейдегі «Мегафон»-да және Turkcell-де үлесі бар. Алайда аймақтық сатып алулар Ыстамбұл мен Стокгольм қалаларындағы бас офиспен шешіледі. Қазіргі уақытта мен Ксел бас атқарушы директоры ретінде сөйлеп тұрмын, және Кселл ретінде біз шетелге қарай кеңеюді қарастырмаймыз. Біз ішкі нарыққа бағытталғанбыз, әсіресе деректерді жіберу, біздің қызметтерді көбейту мен жақсарту. Осылайша біз сатып алулар мен әріптестік мүмкіндігін қарастырамыз.

ЖҮРГІЗУШІ: Ыстамбұлдың қор нарығына шығуды қарастырып жатырсыздар ма? Сондай жоспар бар ма? Егер бар болса, бұл маңызды жаңалық.

АЛИ АГАН: Дәл қазір жоқ, бірақ болашақта қарастырып көруге болады.

ЖҮРГІЗУШІ: Дегенмен, нақты бір мақсатты жоспарыңыз бар шығар?

АЛИ АГАН: Жақын келешекте емес, біздің жоспарда әзірше жоқ. алайда мен бар болғаны компания басқарушысымын, ал бұл деңгейдегі шешімдерді Директорлар Кеңесі қабылдайды. Табысты ІРО жасай алатын компания екенін ескерсек біз тарихи және мәдени байланыстары мықты және түрік менеджерлері өндірісті басқаруда табысты елдер ретінде маған осындайдың Ыстамбұлда болғанын да қалар едім.

ЖҮРГІЗУШІ: Иә, мен жеке өзім, Лондон қор нарығында 70 пайыздық өсім нормасына ие болған компания Ыстамбұл қор нарығына кіргенін қалар едім, шын мәнінде мен инвесторлар тұрғысынан ойлап тұрмын. Жақсы, деректер ағыны жөнінде біраз сөз қозғайық. Өйткені кейінгі кезде дыбыс ағыны Интернет арқылы өсе бастады. Сондықтан ұялы байланыс операторларына Интернет арқылы байланысты ұлғайту жөнінде жасалатын шараларды тездетіп ойластыру керек. Бұл операторларға артықшылық бере ме?

АЛИ АГАН: Бұл жақсы сұрақ. Өйткені ол барлық ұялы байланыс операторлары келешекте не істеуіміз керек екені туралы айтуда. Өзіңіз білетіндей, дыбыстық ағын, дыбыс көпшілік тұтынатын тауар болып келе жатыр. Ұялы байланыс операторлары өзінің өсуін деректерді жіберуге шоғырландырды. Бір қызықты ақпарат келтірейін: бір минут ішінде 277 мың твит жазылады, Google-да 2 миллион іздеу орындалады, бұл басқа жүйелерді алмай, тек Google жөнінде ғана айтып тұрмыз. Бір минут ішінде YouTube-те ұзақтығы 72 сағат болатын бейнетүсірілім жүктеліп жатады және 100 миллион электрондық хабар жіберіледі. Бұл дәл қазір, сізбен сөйлесіп отырған кезде, дүниеде болып жатқан құбылыс. Басқаша қарасақ, беделді зерттеу институттарының және телекоммуникация секторындағы компаниялардың болжамдарын оқысақ, олардың айтуынша, 10 жылдан кейін деректерді алмасу көлемі 70 есе өседі. Бұл біздің өсу үшін керемет әлеует. Алайда мәселе мынада: деректер алмасуды дыбыс сияқты кеңінен тұтынылатын тауарға айналдырғанымыз жөн бе, әлде ұялы операторлар қызметтер тұрғысынан белсендірек болуы керек пе?

ЖҮРГІЗУШІ: Иә, бұл жерде таңдауға болады екен.

АЛИ АГАН: Әрине болады. Көптеген операторлар бұл бағытта жұмысты бастап жіберді. Біз әлемдегі жетекші операторлардың біріміз, біз де сондай мүмкіндіктер қарастырып жатырмыз. Қазіргі уақытта жер бетінде ұялы телефондар адамнан көп. Бір қызық жәйт, ұялы телефондар біздің тіс ысатын щеткамыздан да көп. Біз 3G, 4G және басқа да болашақ технологиялар арқылы деректерді алмасуда ұсынарымыз көп. Кселл ғана емес басқа да қаманауи ұялы байланыс операторлары деректерді алмасу құбыры болып қалмай қызмет көрсету нарығына кіреді.

ЖҮРГІЗУШІ: Қалай ойлайсыз, бұл жерде ақша көбірек болғандықтан қызметтердің келешегі зор ма, әлде болашақ қызметтер көрсету саласында ма?

АЛИ АГАН: Дәл солай.

ЖҮРГІЗУШІ: Жақсы. Мен Сіздің көңіліңізді Түркия нарығына аударайын деп едім. Менің ойымша, Сізде шетелде жүрген маман ретінде басқа көзқарас бар. Түрік нарығының GSM секторындағы жағдайы қандай?

АЛИ АГАН: Өзбекстанда және Әзербайджанда бас атқарушы директор болғанға дейін мен қызметтер жеткізушінің өкілі болып жұмыс істедім. Және түрік нарығын Еуразия мен ТМД елдерімен салыстырсақ, түрік нарығы алда екені мәлім. Және де атап өту керек, біздің осы нарықтарда болғанымыздың бір себебі – ол түрік инвесторлары, мысалы, Turkcell сияқты. Біздің барлық компаниялар Turkcell инженерлерімен құрылды. Әсіресе біз Turkcell-мен және басқа да компанияларымызбен мақтана аламыз. Егер түрік нарығын Қазақстан нарығымен салыстырсақ, әсіресе қызмет көрсету жағынан, түрік нарығы бір-екі жылға алда келе жатыр. Бұл қалыпты нәрсе. Кселл Turkcell-ден бірнеше жылдан кейін құрылған болатын. Бұған қоса, ұялы байланыс нарығы көптеген қызметтер мен өнімдер жеткізушілерін тудырады. Осындай қызметтер мен өнімдер жеткізушілері қазіргі уақытта біз істеп жатқан нарықта да жұмыс істейді. Бұл тұрғыдан Түркия сектордың өзіне ғана емес, сондай елдердің сауда көлемінің дамуына да үлкен үлес қосты. Егер Басқа деректерді алмасуды қарастырсақ, түрік нарығы жеделірек әрі дамыған. Сонымен бірге жай телефон желісіне қатысты түрік нарығы даму жағынан да алда болып келеді, өйткені Қазақстан –топографиясы өте күрделі ел. Бірақ, ұялы байланыс операторлары үшін бұл артықшылық. Нақты алғанда, бұл ұялы байланыс операторлары артықшылық болып келеді. Айтып өткендей, Түркия бір-екі жыл алда. Мен түрік нарығын мақтанышпен, қуанышпен және алғыспен қадағалап жүремін.

ЖҮРГІЗУШІ: Әлем 3G-ден 4G-ге өтіп жатыр. Біздің транспорт министіріміз Бинали Йылдырым Түркияның GSM инфраструктурасы 3,5G-де жұмыс істейді деді. говорит, что сейчас инфраструктура в Турции 3,5G. 3G бізде ұтқыр әрі дамыған, сондықтан оның сөзіның жаны бар. Сіздердің 4G-ге дайындықтарыңыз қандай? Және Түркияның 4G-ге өтуін қалай бағалайсыз?

АЛИ АГАН: Министрдікі дұрыс. Техникалық терминді қолданайын, 3G технологиясында Dual Carrier-ге көшкен кезде, жылдамдық 42Мб/сек дейін көтеріледі. Бұл 4G-ғы теориялық 100 Мбит/сек жылдамдығының жартысына жуық. Жай пайдаланушы ретінде қарасақ, сондай маңызды айырмашылық емес. Алайда, бұл бізге күннен күнге көп жылдмадық керек емес екенін білдірмейді. Еуразияда біз Түркиядан озып кеттік, өйткені кейбір елдерде біз 4G технологиясында қызмет ұсынамыз.

ЖҮРГІЗУШІ: Осылайша, 4G бойынша бізді озып кеттіңіздер ғой?

АЛИ АГАН: Әлбетте. Мен Әзірбайжанда СЕО болған кезде мен 3G және 4G іске қосуға қатыстым. Қазір Қазақстанда 4G технологиясы жоқ, біз оны енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, кез-келген уақытта 4G қосуға дайынбыз. Сондықтан жақын арада қосатынымызға сенімдімін.

ЖҮРГІЗУШІ: Түркияға географиялық жақын елдерді қарастырсақ, Сириядан Орта Азияға дейін сосын Таяу Шығыс, Балқан елдерінен Молдоваға дейін картаға көз салсақ, бұл жерлерде көптеген GSM операторлары мен телекоммуникациялық компаниялар түріктердің, басқаша айтқанда аты мен ұлты түрік адамдардың басқаруында. Біз оны мақтан етеміз. Келешекте операторларды басқарудан өз иелігімізге аударуға болады ма?

АЛИ АГАН: Түркияның әрбір азаматы түрік фирмаларының ел аумағынан тыс жерлерде кең қанат жайып, Түркияда ғана емес, шетелде де дамуын қалайды. Егер әлемнің жылдам жаһандануына қарасаңыз, енді «меншік иесі» кім екені маңызды емес. Сіз Түркия жағдайына қарасақ, көптеген операторлардың иесі түрік емес. Алайда басқару деген – маңызды нәрсе, және бірігіп күш салған да – маңызды нәрсе. Көптеген елдердің сіз атап өткен елдермен Түркия сияқты күшті мәдени және тарихи бастаулары жоқ. Меніңше, осы жерде Түркияның осы бағытта әріптестікті дамытуы жөн болады. Менің пікірімше басшының шыққан жері емес, операторды кім басқарып отырғаны әлдеқайда маңыздырақ. Әрине, мен түріктердің меншіктерінің көбейгеніне қуанамын

ЖҮРГІЗУШІ: Мен Сізге сәттілік тілеймін.

АЛИ АГАН: Көп рахмет.

Сұхбат