Жаңалықтар

Автотөлем

Енді теңгерім толтыру үшін кезекте тұрып, уақыт жоғалтудың, төлем картасын сататын орындарды немесе терминалды іздеудің қажеті жоқ!

«Кселл» АҚ ұсынған жаңа «Автотөлем» қызметі Сіздің және Сіз таңдаған кез келген телефон нөмірінің теңгерімін өзіңізге ыңғайлы уақытта кез келген банктің төлем картасы арқылы толтыруға мүмкіндік береді!

«Автотөлем» қызметін үш нұсқада пайдалануға болады:

1) Шот шектік мәнге - 100 теңгеге жеткенде теңгерімнің автоматты түрде толтырылуы.

2) Теңгерімнің Сіз орнатқан кесте бойынша толтырылуы: күнделікті, апта сайын немесе ай сайын.

3) USSD-пәрмен арқылы теңгерімнің сұраным бойынша толтырылуы *911*2*2#ph.

Қызметті қосу және басқару тегін және  my.kcell.kz немесе my.activ.kz сайтында Жеке кабинетте  немесе my.kcell.kz не my.activ.kz тікелей сілтемелері арқылы жүргізіледі.

Картаны бір рет жүйеде сақтап, толтыру ережесін орнатсаңыз, Сізге теңгерім қамын ойлаудың қажеті болмайды. Қызметті қосу үшін кез келген банктердің төлем карталары қабылданады. Бір телефонға бірнеше картаны немесе бір картаны бірнеше телефонға қосуға болады. «Автотөлемді» жақындарыңыздың нөмірлеріне қосыңыз! Қызметті сондай-ақ роумингте *911*2*2#ph USSD-пәрмені арқылы сұраным жолдау бойынша толтыруды қоспағанда пайдалануға болады.  

«Кселл» АҚ осы төлемдерге еш комиссия алмайды.

«Автотөлемді» нөмірі жеке тұлға атына тіркелген және кез келген банк шығарған және Интернеттеге төлемдер үшін ашық Visa, MasterCard, American Express банкік төлем картасының иегері – Kcell, Activ және Vegaline абоненті қоса алады.

Қызметтің толық сипаттамасымен және порталмен жұмыс істеу нұсқаулығымен Сіз сайттарымыздағы Менің Activ және Менің Kcell Жеке Кабинетінен таныса аласыз. Мұнда Сізге Автотөлем межелерін орнатуға немесе өзгертуге, транзакциялар бойынша детализацияны тексеруге, барлық карталарыңыз бен нөмірлеріңіз бойынша төлемдер тарихын шолуға, мәлімдемелер реттеуге  болады – барлығы жылдам әрі оңай!

 

ҮНЕМДІЛІК!  БАҚЫЛАУ! ЫҢҒАЙЛЫЛЫҚ!

 

Қызметті қосу және басқару my.kcell.kz/my.activ.kz жеке кабинетінде жүргізіледі. Қызметке қосылу бір-екі минут уақытыңызды ғана алады! Толық нұсқаулықты мына жерден алыңыз.

 

Қосылу