Жаңалықтар
Жаңалықтар
activ ұсынған ұялы көмекші сіздің қалтаңызда
Енді сіздің ұялы телефоныңыз өнімдер мен қызметтер туралы бәрін және одан да көп нәрсені біледі! Өзіңіздің ұялы байланысыңызды дербес түрде басқаруға «My activ»* жаңа ұялы қосымшасы көмектеседі.
«My activ» қосымшасы – бұл компанияның қызметтері мен өнімдері жөніндегі анықтамалық ақпаратқа тәулік бойы және тегін кіруге болатын смартфондағы дербес қызмет көрсету орталығы.
- Өзіңіздің тарифіңізді білмейсіз бе? Нөміріңізге қандай қызметтердің қосылғанын және компания ұсынатын қызметтердің қайсысы ең көп таралғанын білгіңіз келе ме? «My activ» көмекке асығып келеді!
- Ұялы байланысқа кететін шығындарды басқарғыңыз келе ме? Сізге шотты талдау және ағымдағы теңгерімді тексеру көмектеседі.
- Ең тиімді тарифті таңдап алғыңыз келе ме? Арнайы сіз үшін барлық тарифтік жоспарлардың ыңғайлы тізімі мен оларға тегін қосылу ұсынылады.
- Ең оңтайлы Ғаламтор-топтамасын немесе SMS-топтамасын таңдау қажет пе? Өзіңізге ұнаған ұсынысты жәй ғана басып, оны қосып алыңыз.
- Сізге әрдайым байланыста болу керек пе? Сізге «Экстра-теңгерім», «Онлайн-төлеу», төлем картасын белсендіру қызметтері көмектеседі.
- Арнайы ұялы қосымшаның пайдаланушылары үшін – күніне 15-ке дейін тегін SMS және өзге де бонустар.
- Өзіңіздің ұялы байланысыңызды кез-келген уақытта және жеке түрде басқарыңыз!
* «My activ» ұялы қосымшасын PlayStore (бұрын «PlayMarket») және AppStore-дан тегін жүктеп алуға болады.
Толығырақ: