Жаңалықтар

Тарифтік жоспардағы өзгерістер

Сіздерге 06.10.14 бастап 11.11.14 дейінгі мерзімде «Активті уақыт», «Сынақ», «Оңтайлы», «Жинақтық», «Жинақтық -3», «Activ Connect», «Джуни», «Сөйлесу уақыты» тарифтік жоспарларының күші жойылатынын хабарлаймыз. Осы тарифтік жоспар абоненттері бір рет күші жойылатын тарифтік жоспарды кез келген қалауларына сәйкес басқа тарифтік жоспарға тегін ауыстыра алады. Егер абонент күші жойылатын тарифтік жоспарды көрсетілген мерзімге дейін ауыстырмаса, оған қызмет көрсету «Базалық» тарифтік жоспар шарттарында жалғасады. Ағымдағы заңнамаға сәйкес Оператор жоғарыда көрсетілген абоненттерге қысқа мәтіндік хабарлама арқылы күші жойылғанға дейінгі 30 күннен кем емес мерзімде тарифтік жоспар күшінің жойылу күні нақты көрсетілген мәлімдеме жолдайды.