Жаңалықтар
30 қараша 2015

«Кселл» деректерді тарататын желісін дамытуды ірі қалаларда және ауылдық жерлерде жалғастыруда

«Кселл»   мобильдік операторы қазан айында деректерді тарататын желісінің сапасын жақсартуға, сондай-ақ, халықаралық стандартталған көрсеткіштерге сәйкестендіруге бағытталған жұмыстарды үлкен қалаларда және де ауылдық жерлерде жалғастырды.

Желі сапасын дауыстық және де интернет байланыстың қолжетімділігі мен үзілмей жұмыс жасауына қарап бағалайтын «Кселл» компаниясының негізгі өлшемдері қазан айында халықаралық стандартталған көрсеткіштерге сәйкес келген, тіпті кейбір көрсеткіштерден асып түскен. Осылайша, мысалы, деректерді беру жылдамдығы, орташа есеппен «Кселлде» секундына 1,9 Мбит құрады, бұл Ericsson компаниясы орнатқан орта әлемдік секундына 1,2 Мбит көрсеткішіне қарағанда жоғарырақ.

Компания дауыстық байланыспен және ұтқыр интернетпен қамтуын кеңейту үшін бүкіл Қазақстан бойынша 2G және 3G технологияларында жұмыс жасайтын негізгі стансаларын орнатуды жалғастырды. 2015 жылдың қазан айының бір өзінде 76 негізгі станса орнатылып, олардың ішіндегі 34 станса 3G желісінде жұмыс жасауда. Атап айтқанда, 3G технологиясында жұмыс жасайтын қосымша 18 станса Алматы, Қарағанды, Павлодар, Семей, Петропавл, Ақтөбе, Көкшетау, Тараз және Орал қалаларында орнатылды. Ал дауыстық байланысты жақсарту мақсатында аталған қалаларда қазан айында 2G технологиясын пайдаланатын 17 негізгі станса іске қосылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласының орталық бөлігінде кластерлік оңтайландыруға бағытталған жұмыс аяқталып, Шымкентте ол толығымен атқарылып шықты. Аталған шара 3G желісіндегі дауыс сапасын жақсартуға арналған. Желіде жүргізілген жұмыстардың арқасында абоненттер енді 3G желісінде уақытын көбірек өткізуге мүмкіндік алып отыр. Онда қоңырау шалу сапасы жоғарырақ, ал дауыстық байланыстардың үзілу жиілігі барынша аз және сапалы ұтқыр интернетті пайдалануға жағдай жасайды. Бұл - «Кселл» компаниясының желі сапасын жақсартуға бағытталған 2015 жылдың екінші жарты жылдығына арнап жоспарлап қойған іс-шараларының тек үштен бірі ғана.

Сонымен қатар, «Кселл» ауылдық елдімекендерде мобильдік интернетті дамытуды жалғастыруда. Енді Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында 3G желісімен қамтамасыз ететін 16 жаңа станса пайда болып отыр. Осы ретте 3 негізгі станса осыған дейін «Кселл» компаниясының мобильдік интернеті болмаған ауылдарда орнатылған. Атап айтқанда, Майский (Қостанай обл.), Құмшағал (Жамбыл обл.), Сарысай (Ақтөбе обл.) ауылдары 3G желісімен қамтылды.

«Кселл» компаниясында басымдық берілетін міндеттердің бірі – тұрғын саны 500-ден асатын шағын елдімекендерді дауыстық байланыспен қамту. Осы міндетті шешу мақсатында қазан айында ауылдық жерлерде 2G желісіне жататын 17 жаңа негізгі станса іске қосылды. Атап айтқанда, Ақмола облысындағы Бестоғай кенті және Солтүстік Қазақстан облысындағы Тынық мұхиты ауылының тиісінше 548 және 642 тұрғыны енді «Кселл» компаниясының қызметтерін қолдануға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, енді Батыс Қазақстан облыс орталығынан 130 шақырым қашықтықта орналасқан Чинарев мұнай-газ кенорнының 300 вахташысы Kcell немесе active нөмірлері арқылы отбасына немесе әлемнің кез келген нүктесіне қоңырау шала алады. Қазіргі таңда тұрғын саны 500 адамнан асатын ҚР елдімекендерінің 86%-ы компанияның байланысымен қамтамасыз етілген.

Дауыстық байланыстың және де деректерді таратудың сапасына қатысты желінің ахуалын бақылау мақсатында қазан айында бірқатар драйв-тестер өткізілді.  Жалпы ұзындығы 2300 шақырымды құраған драйв-тестер кезінде Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларында бақылау жүргізілді. Сонымен қатар, осы қалаларды бір-бірімен жалғайтын жалпы ұзындығы 12900 шақырымды құрайтын тасжолдардағы желі сапасына тест сынақтары жасалды. Үш мобильдік оператордың Шымкент және Атырау қалаларындағы желісі де салыстырмалы тестілеуге алынып, «Кселлдің» Алматы, Атырау, Қызылорда, Ақтау, Жаңаөзен қалаларындағы желісіне инжинирингтік тестілер өткізілді. Дауыстық байланыс және деректерді тарату жағынан ең үздік нәтижелер Шымкентте байқалып отыр.