Жаңалықтар

Әр адам 1945-ке өз үлесін қоса алады

"Кселл" "Жеңіс" атты республикалық әлеуметтік жобамен біріге отыра 1945 қысқа нөмірін енгізіп, #kcellzhenys70 хэштегі арқылы "Мәңігілік полк" қайырымдылық онлайн марафонын іске қосты. Ешкім де, ешнәрсе де ешқашан ұмытылмайды.

Жетпіс жыл бұрын біздің аталарымыз бізге бейбіт өмір мен егеменді елдегі бүгінгі күнді сыйлады. 1945 қысқа нөміріне SMS жолдау арқылы әрқайсымыз жеңіске өз үлесімізді қоса аламыз.

Барлық Kcell және activ абоненттері қысқа нөмірге хат жолдай алады. SMS құны – 250 теңге. Барлық жиналған қаражат "Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы" РҚБ-ға жіберіліп, ардагерлердің тұрғын үйлерін жөндеуге және оңтайландыруға, олардың ем алуына және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне, коммуналдық төлемін жасауға, үй тұрмысы заттарын алуға және ардагерлер ұйымдарымен қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне жұмсалады.

Сіз жалғыз өзіңіз ғана көмек көрсетіп қоймай, сонымен қатар достарыңыз бен таныстарыңызды да көмек көрсетуге шақыра аласыз. Facebook және Instagram желілерінде #kcellzhenys70 хэштегі арқылы "Мәңгілік полк" атты марафон іске қосылды. Мұнда әрбір адам қазақстандықтарды ұлы жеңіспен құттықтап, ардагерлерге зор алғыс білдіру ретінде жәрдем көрсете алады.

"Жеңіс күні – ұлық мереке. Ардагерлер – беріктіктің, туған жерге деген сүйіспеншіліктің және ерліктің белгісі. Біз қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысушыларды құттықтай алғандарын және 1945 нөміріне SMS жолдау арқылы көмек көрсеткендерін қалаймыз. Ардагерлер біздің бақытты күн кешуіміз үшін соғысты. Осыған орай біз бірігіп, еліміздің шынайы батырларына бақытты өмір сыйлайық" - деді "Кселл" АҚ-ның Бас атқарушы директоры, Арти Отс.