Жаңалықтар

аctiv - Special Olympics атлеттеріне арналған жазғы лагердің серіктесі

22 маусым күнi ақыл-ой мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған "Camp Shriver" спорттық-сауықтыру жазғы лагерi ашылды. Лагерьдi "Кселл" компаниясының қолдау көрсетуiмен "Special Olympics" Қоғамдық бiрлестiгi ұйымдастырып отыр.

22 маусымнан бастап 3 шiлде аралығында "Haileybury Almaty" халықаралық мектебiнiң аумағында 70 жас спортшы, 10 жаттықтырушы және 15 ерiктi бас қосып, жас атлеттер жеке және командалық спорттық жарыстарға қатысуға, жаңа спорт түрлерiн игерiп, пiкiрлес жолдастарды табуға мүмкiндiк алады. Бүкiл әлем бойынша "Camp Shriver" қозғалысы 1962 жылдан бастап қызмет жасап келедi, ал Алматыда тұңғыш лагерь бес жыл бұрын өткiзiлген болатын. Осындай аз уақыттың iшiнде "Camp Shriver" Қазақстандағы ақыл-ой мүмкiндiгi шектеулi балаларға көмек және қолдау көрсетуде маңызды рөл атқарып келеді.

"Бiздiң компания осымен 15 жыл бойы "Special Olympics Kazakhstan" серiктесi болып табылады. Бiз балалар спорттық лагерінің ерекше ортасында мүмкiндiгi шектеулi атлеттер өздерiнiң спорттық жетiстiктерiн шыңдап қана қоймай, сонымен бiрге, жаңа достармен, пiкiрлес жолдастармен араласудан қуаныш алады деп ойлаймыз. Бiз инклюзивтi қоғам идеясын қолдаймыз және осындай жолмен қоршаған адамдармен араласу және өзара әрекеттесу мүмкiндiгi шектеулi жандарға қоғамның толыққанды мүшесi болуға мүмкiндiк бередi деп сенемiз", - дедi "Кселл" АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.

Биыл жас спортшылар шағын футбол, бадминтон, баскетбол, жүзу, бочча және флорбол секiлдi спорттың алты түрiнде өзiн көрсетуге мүмкiндiк алады. Сондай-ақ, "Кселл" компаниясының қызметкерлерінен құралған еріктілердің қатысуымен шағын футбол бойынша достастық матчы өтеді. "Camp Shriver" шеңберіндегі спорттық іс-шараларға "Кселлдің" әлеуметтік желілердегі корпоративтік топтарына жазылушылар да қатыса алады.

"SpecialOlympics" - ақыл-ой мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнап жыл бойы өткізілетін спорттық жаттықтырулар мен жарыстардың әлемдегі ең үлкен бағдарламасы. Аталған бағдарламаның негізін Кеннеди отбасысы (АҚШ) 1968 жылы қалаған Әлемнің 170 еліндегі бір миллионнан аса адам жазғы және қысқы олимпиадалық спорттың 26 түрі бойынша жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейлерде жаттыға алады. "SpecialOlympics" Қазақстандағы балалар мен ересектерге арнап жаттықтырулар, сайыстар мен басқа да спорттық жарыстарды өткізіп қана қоймай, сонымен бірге, арнайы атлеттердің халықаралық жарыстарға қатысуына мүмкіндік жасайды.