Жаңалықтар

"Кселл" өз желісінің сапасын дамыту жөнінде есеп берді

Бүгінгі күні ұялы байланыс саласындағы бәсекелестік өзінің шырқау шегіне жетіп, компаниялар клиенттер үшін текетіресе тартысып, сан алуан бақастық әрекеттерді жасап жатқанда, нарық көшбасшысы "Кселл" өз қызметтерінің сапасын жақсартуға басты назар аударып отыр.

2015 жылдың шілдесіне қарай "Кселл" өз желісін еліміздің барлық жерлерінде дерлік жұмыс жасатып, 15 377 137 адамды, яғни еліміздің 96% тұрғынын компанияның ұялы байланысымен қамтамасыз етуге қол жеткізіп отыр. "Кселл" қазірдің өзінде бүкіл ел ауқымында тұрғын саны бір мың адамнан асатын барлық ауылдарды желімен қамтыған, осы ретте олардың 95%-нда EDGE ұтқыр интернеті бар.

Бүгінгі күні компания тұрғын саны 500-ден басталатын шағын елдімекендерді байланыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс жасауда. Қазірдің өзінде "Кселл" ауылдық жерлерде өз желісін кеңейткен: бүгінгі таңда осындай ауылдардың 86%-нда дауыстық байланыс бар. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығының бір өзінде Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Жамбыл секілді Қазақстанның бес облысындағы тұрғын саны 500-ден асатын сегіз ауылдың тұрғындары 2G желісімен қамтылған. Осы ретте олардың ішіндегі ең шағын ауылда - Павлодар облысындағы Ольгино ауылында бар-жоғы 355 адам ғана тұрады. "Кселл" байланысымен жаңадан қамтылып отырған ауылдардың ішіндегі ең үлкенінде - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Қарасуда 951 адам өмір сүреді.

Сондай-ақ, "Кселл" компаниясы 3G желісін кеңінен дамытуда: 2015 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанның 72%-ға жуық тұрғыны тұратын аумақ осы желімен қамтылған. Оған бүкіл қалалар мен 10 000-нан аса тұрғыны бар елдімекендер кіреді, бұл тұрғын саны 5 000-нан асатын ауылдардың 86%-ға жуығын құрайды. Үстіміздегі жылдың алғашқы алты айы ішінде "Кселл" компаниясының арқасында интернет 57 жаңа ауылға жетті. Ұялы интернетті жақсарту мақсатында компания 185 жаңа стансаны орнатып, қосымша 286 негізгі станса 2G стансаларымен бірге орнатылды.

- Біз болашақтің кілті ұялы интернеттің қолында деп есептейміз, сондықтан ауылдық жерлерді интернетпен қамтамасыз ету үшін өз желісіміз дамытудамыз, - дейді "Кселл" АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс. - Біз клиенттердің жоғарғы талаптарына толығымен жауап беру дегеніміз лайықты сападағы қызметтерді ұсына білу деп түсінеміз. Осы үшін еліміздің кез-келген түкпіріндегі клиенттердің көңіл үдесінен шыға алатындай желіні құру үлкен маңызға ие.

Өз қызметін жақсарту мақсатында компания арнайы "кластерлік тәсілдемені" дайындады. Бұл мақсатта негізгі қалалар көлеміне қарай арнайы сегменттерге, яғни кластерлерге бөлінді. Бұл "түйткілі көп" нүктелерді, яғни байланыстың сапасына қатысты ең көп шағымдар түсетін аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді. Желі сапасын жақсарту үшін осы жерлерге компанияның басты қорлары жіберіліп отырды. Соңғы 6 ай ішінде Алматыдағы 8 кластердің 6-уында талдау жүргізіліп, Шымкенттегі кластерлердің барлығында бұл жұмыс аяқталды. Келесі кезеңнің міндетінде Қарағанды, Атырау және Ақтау қалаларында, кейін еліміздің қалған аймақтарында осы жұмыстарды жалғастыру бар.

Осындай тәсілдеме өз жемісін беріп те үлгерді. NPS индексінің (Net Promoter Score) өлшеулері осыны көрсетуде. "Тұтынушылардың компанияға деген ниеттестігінің индексі" деп аталатын бұл өлшем тұтынушылардың тауар немесе қызметті қайта сатып алу мүмкіндігін немесе оларды басқаларға ұсынуға қаншалықты дайын екендігін бағалау арқылы олардың брендке деген айнымастығын анықтайды. Бүкіл әлем бойынша бұл индекс жағдайдың жалпы шынайы көрінісін, яғни клиенттердің компанияға көңілі қаншалықты толатынын көрсететін ең дұрыс метрика болып есептеледі. Мамандандырылған маркетингтік агенттік кластерлік оңтайландыру жүргізілген қалаларда осы өлшеулерді жүргізіп, Қазақстанда алынған индекс нәтижелеріне сәйкес Kcell және activ абоненттерінің NPS индексі байланыс сапасының жақсаруына байланысты көтерілген.

- Биыл біз кішігірім ауылдарды дауыстық байланыспен қамтамасыз ету үшін ауылдық жерлерге басты назар аудара отырып, өз желімізді дамытуға белсенді түрде инвестиция құйып отырмыз. Біз қалаларды және тұрғын саны 5 000-нан басталатын ауылдарды жылдамдығы жақсы интернетпен қамтамасыз ету үшін 3G желісін кеңейтуге инвестиция құюды жалғастырып келеміз. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде біздің желіміз арқылы таратылған деректердің көлемі 63,8%-ға артып, 21,7 млрд. гигабайтты құрады. Біз бизнестің ұзақ мерзімдегі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін желіміздің сыйымдылығы мен сапасын арттыруға инвестиция құюды жалғастыра бермекпіз, - деп атап өтті Арти Отс.