Жаңалықтар

«Кселл» компаниясының туған күні

"Кселл" компаниясы жұмысының іске қосылғандығына тура 17 жыл толды. Қазақстан секілді жас мемлекет үшін бұл аз мерзім болып табылады. Алайда әлемдегі кез келген мемлекеттегі ұялы телефон байланысының операторы үшін бұл айтарлықтай ұзақ мерзім. Осы уақыт бойы біз дамуын қалыптастырып және бағыттандырып келе жатқан Қазақстанның мобильдік нарығындағы ұзақ мерзімді инвестор болдық және солай болып қала береміз. Біз Қазақстанда негізіміз қаланып, дамып, табысты компания ретінде орнықтық. Үлкен татулы отбасымыздың әрбір мүшесінің ерен еңбегі "Кселл" компаниясын Қазақстанның ұялы телефон байланысы нарығында жетекші орынға ие болуға әкелді.

Осы жылдары біз күллі серіктестерімізбен бірге бірте-бірте алдыға қойған мақсаттарымызға жетіп отырдық. 17 жылдық туған күнде өзімізді және клиенттерімізді қуандыратын керемет нәтижелер жайлы сенімділікпен мәлімдей аламыз. Қазіргі таңда біздің байланысты 10 млн-нан астам қазақстандық таңдап отыр. Бұл еліміздің тұрғындар санының жартысынан көбі. Біз іс жүзінде барлық жерде жұмыс жасайтын ауқымды және сапалы желіні құрдық: 15 377 137 адам, ал бұл еліміздің тұрғындар санының 96%-ы, біздің компанияның мобильдік байланысына деген қолжетімділікке ие. Қазіргі таңда "Кселл" ауылдық жерлерді желімен қамтамасыз ету жұмысымен айналысуда. Еліміздің төңірегіндегі тұрғындар саны бір мыңнан асатын ауылдық жерлерді желімізге деген қолжетімділікпен қамтамасыз еттік. Бүгінгі күндері компания тағы да адамдар саны 500 болып келетін ұсақ елді-мекендерді байланыспен қамту жұмысымен айналысуда. Қазіргі таңда осы ауылдардың 86%-ында дауыс байланысы бар.

Біздің клиенттер компаниямыздың басты назарында. Әрбір клиентімізге сенімділік танытып, біздің байланысты таңдағаны үшін алғыс білдіреміз. Олар үшін негізгі әрі қалайтын байланыс операторы болып қала беру үшін қолымыздан келгенді жасаймыз.