Жаңалықтар
21 қазан 2016

Activ 2 миллионнан астам музыкалық

Activ 2 миллионнан астам музыкалық композицияларды тыңдау және жүктеп алу үшін лимитсіз интернетті ұсынды

Бүгінгі күннен бастап «Активті Start», «Активті  Light», «Активті  Drive» тарифтік жоспарларына қосылған activ абоненттеріне  «activ music» сервисінде 2 миллионнан астам композицияларды тыңдау, жүктеп алу және «activ ұсынған Bookmate» сервисінде 12 тілде 650 000 астам кітаптарды оқуға, жүктеп алуға лимитсіз трафикті ұсынады.

Аталған сервистерге  «Кселл» компаниясының  4G арқылы да, және де 3G мен 2G арқылы да интернет-желілерімен қамтылатын кез келген жерде лимитсіз қол жеткізуге болады.

«Смартфондардың қолданылуының өсуімен байланысты пайдаланушылардың мультимедиялық контентке деген сұраныстары барынша артып отыр. Міне осы себепті де, біз өз абоненттеріміздің арасында бір жылдан аз уақыт ішінде аса танымал бола бастаған жаңа ойын-сауық сревистеріне  барынша баса назар аударып отырмыз. Сондықтан да, бүгін біз өз абоненттеріміздің өмірін  олардың сүйікті әуендерінің   ырғағында  жарқын әсерлермен және ұмытылмас сәттермен жандандырып, толықтыра түсу үшін сүйікті орындаушылары мен композицияларын  лимитсіз тыңдау  үшін қосымша мүмкіндіктерді ашып отырмыз», - деп атап өтті Арти Отс,  «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры.

21 қазаннан бастап «Активті» тарифтік желісінің абоненттеріне қол жетімді ойын-сауық сервистерінің тізімін келесі түрде көруге болады:

 

«Активті Light» -  «activ music»

«Активнті Start» – «activ music»

«Активті Drive» - «activ music»

«Активті Boom» – «activ music»

«Активті Pro» - «activ music», «activ ұсынған Bookmate»  қоса. 

 

Бұл ретте, «activ music» сервисінде музыканы тыңдау  немесе жүктеп алу үшін, сондай-ақ «activ ұсынған Bookmate»   сервисінде кітаптарды оқу және жүктеп алу үшін қажетті трафик тарифтелмейді және  қолдану  абонентпен қолданылатын технологияға байланысты лимитсіз беріледі.

Жоғарыда көрсетілген тарифтік жоспарларда мобильдік интернеттің көлемі толығымен  таусылған кездің өзінде, абоненттің сервисті ары қарай пайдалана, сондай-ақ онлайн режімде өлеңдерді тыңдай және оларды қосымшаға жүктеп ала алатындығын атап өткен жөн.

«activ music» сервисіне қосылу үшін «Активті» желісінің жоғарыда аталған тарифтік жоспарларының абоненттеріне  өз смартфондарына AppStore немесе PlayMarket-тен  «activ music» қосымшасын жүктеп алу қажет. Сол жерден «activ ұсынған Bookmate» қосымшасын таба алуға болады, онда 650 000 астам онлайн кітаптар, оның ішінде қазақ тілінде де, қол жетімді.

«Активті Start», «Активті Light», «Активті Drive»  тарифтік жоспарларына қосылған activ абоненттері үшін «activmusic» сервисіне қол жеткізу үшін лимитсіз интернетті ұсыну бойынша акция 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.

Акция туралы егжей-тегжейлі ақпаратты www.activ.kz  сайтынан білуге болады.  «Активті» тарифтік жоспарларының желісінде 4G интернетін активті пайдалануға бейімделген  қосылу туралы  егжей-тегжейлі ақпаратты *166*1#ОК арқылы алуға болады.