Жаңалықтар
28 желтоқсан 2016

«Кселл» АҚ бас кеңсесінде оныншы Kcell Store ашылды

«Кселл» ритейл-желісінде оныншы Kcell Store ашылды. Дүкен Алматыда, компанияның бас кеңсесінің ғимаратында орналасқан, және оңтүстік астанада саны бойынша бесінші болып табылады.  

«Жаңа дүкенге арналған орынды біз кездейсоқ анықтаған жоқпыз. Ай сайын Алматыдағы компанияның бас кеңсесіне қызмет көрсету мәселелері бойынша 60 абонентке дейін жүгінеді, сондықтан кеңсе ғимаратында Kcell Store ашу біздің клиенттерімізге қолайлылық үшін қажетті және маңызды шешім болды. Екі жылдың ішінде еліміздің алты қаласында он Kcell Store дүкендерін іске қостық. Осы уақыттың ішінде дүкендерге 1,3 млн. жуық қазақстандықтар келген, олар 215 000 мобильді құрылғылар сатып алған», - деп түсіндірді «Кселл» АҚ атқарушы директоры Арти Отс.   

Оныншы Kcell Store ерекшелігі тағы 2017 жылдан бастап қызмет көрсетілуі үшін осы дүкенге сонымен бірге компанияның корпоративтік клиентттері де (В2В) жүгіне алады. 

 Келушілер, қызмет көрсетілуі үшін өздерінің кезектерін күтіп отырған кезде, Samsung және Apple флагмандарына дейінгі LTE қолдауы бар Huawei бюджеттік модельдерінен бірқатар мобильді девайстарға тестілеу жүргізе отырып, уақыттарын өткізе алады. Ал ОТТ-сервистер ойын-сауық аймағында  mobi TV және mobi music сервистерімен таныса алады.  

Сонымен, клиенттердің дүкендерде болуының орташа уақыты 10-нан 20 дейін минут алады. Осы уақыт ішінде келушілер Apple компаниясынан арнайы оқудан өткен Kcell Store қызметкерлерінен  компания қызметтері және девайстар бойынша, сонымен қатар Samsung өнімінің ресми өкілінен  кеңестер алады.   

Компания дүкендерінде смартфондарды ең сатып алынатын модельдері – бұл iPhone 7, Samsung Galaxy J5, iPhone 5S. Ал ең жиі көрсетілетін қызмет – бұл «келісім-шарттық» телефондар туралы кеңес беру және сату.   

Kcell Store супервайзерлерінің айтуы бойынша дүкенге мобильдік технологиялар трендінде болуға тырысатын және «мобильдік» жаңалықтарды бірінші болып тестілеуге асығатын адамдар келеді.  

2017 жылы «Кселл» Қазақстанда жаңа дүкендер ашуды және Kcell Store-мен бірге инновациялық технологиялар фанаттарының санын ұлғайтуды жалғастырады! 

Оныншы Kcell Store мекен-жайы: Алматы қ., Тимирязев к-сі 2Г, Наурызбай батыр к-нің қиылысы.

Жұмыс режімі: Күнделікті 9.00 бастап 21.00 дейін. 

Жаңа жылдық мерекелердегі жұмыс режімі: 31 желтоқсан 10.00 бастап 18.00 дейін; 1 қаңтар – демалыс күн; 2-3 қаңтар 9.00 бастап 21.00 дейін.