Жаңалықтар

«Кселл» клиенттерге жақсы қызмет көрсеткені үшін Хрусталь гарнитура® алды

Клиенттерге сервистік қызмет көрсетудің жоғары деңгейі үшін «Кселл» АҚ кезекті рет халықаралық құрметке ие болды. Хрусталь гарнитура® конкурсында «Кселл» бірден екі номинацияда жеңімпаз атанды – «Клиенттердің өзіне-өзі қызмет көрсетуінің таңдаулы тәжірибесі» және «Әлеуметтік желілерде клиенттерге қызмет көрсетудің таңдаулы тәжрибесі».

Хрусталь гарнитура® - бұл 2005 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Call Center Guru* кәсіпқойлар Қауымдастығының клиенттерге қызмет көрсету саласындағы таңдаулы тәжірибелерді номинациялау бағдарламасы. Осы жылы конкурсқа Ресейден, Украинадан, Қазақстаннан және Белорусиядан келген 100 аса байланыс орталықтарының 270 жобасы қатысты, бұл саны жағынан конкурсты өткізудің соңғы 12 жылындағы рекордтық көрсеткіш болды.

Интернетпен жұмыс жөніндегі топта және «Кселл» компаниясында контент-провайдер болып небары 6 адам жұмыс жасайды, олар күнделікті 6 ірі әлеуметтік желілерде «Кселл» компаниясының корпоративтік парақшаларындағы 370 мыңнан астам жазылушылармен байланыста болады және 15 жергілікті қазақстандық форумдарда жауап береді. Корпоративтік парақшаларда пайдаланушыдан келіп түскен сауалға жауап беру 15 минутқа дейінгі уақытты құрайды, бұл ретте 74% пайыздарда мамандар 10 минутқа жетпейтін уақытта сауалдарды өңдеуді бастайды. Тәулігіне бұл топ, орташа, желі сапасының мәселелері бойынша, көрсетілетін қызметтер және өнімдер бойынша абоненттердің 400 сауалдарын өңдеп үлгереді. Бұған сонымен бірге оларға клиенттердің өзіне-өзі қызмет көрсету құралдары - Kcell және activ-навигаторлары, компанияның ресми сайттарындағы жеке кабинеттер, MyActiv, MyKcell мобильдік қосымшалар, сонымен қатар Kcell және activ сайттарындағы виртуалдық кеңесшілер көмектеседі. Сонымен қатар, виртуалдық кеңесшілер орташа есеппен «тірі» операторлардың жұмысын 70%-ға жеңілдетеді, бұл ретте абоненттердің сайттарға ағыны компанияның ресми сайттарына барлық келушілердің 40%-нан көбіне ұлғайды.