Жаңалықтар

«Автоматты қоңырау шалу» және «Жауапсыз қалған қоңыраулар» қызметі жұмысының тәртібіндегі өзгерістер

Құрметті абонент! 2016 жылдың 1 маусымынан бастап «Автоматты қоңырау шалу» және «Жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімдеме» қызметтерінің шарттарына өзгерістер енгізіледі:

-  «Автоматты қоңырау шалу» қызметінің қосулы кезінде егер қоңырау шалушы абонент «Автоматты қоңырау шалу» қызметін пайдалану ұсынысына келіспесе, келесі 30 минут ішінде кіріс қоңырауларды қабылдау үшін қолжетімді болған шақырылатын абонент «Автоматты қоңырау шалу» қызметінің платформасынан жауапсыз қалған қоңырау алып, ол шақырылатын Абоненттің абоненттік құрылғысында шақыратын Абоненттің абоненттік нөмірінен жауапсыз қалған қоңырау ретінде белгіленеді. Егер шақырылатын абонент 30 минут және одан астам уақыт өткеннен кейін кіріс қоңырауларды қабылдау үшін қолжетімді болатын болса, бұл жағдайда ол жауапсыз қалған қоңырау туралы SMS мәлімдеме алады.

- «Жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімдеме» қызметінің қосулы кезінде шақыратын абонентке алдымен «Автоматты қоңырау шалу» қызметін пайдалану ұсынысы түседі. Егер шақырушы абонент «Автоматты қоңырау шалу» қызметін пайдаланып, шақыратын және шақырылатын абонент арасында осы қызмет арқылы автоматты түрде табысты қосылыс орнатылса, шақырылатын абонент осы абоненттің жауапсыз қалған қосыру туралы қысқа хабарлама алмайды.