Жаңалықтар
27 шілде 2016

Kcell және activ виртуалды кеңесшілері енді Telegramда бар

«Кселл» компаниясы абоненттерге қызмет көрсетудің интеллектуалды жүйесін кезекті жетілдіру жұмыстарын жүргізді. Енді виртуалды роботтар – Жанна және Камила атты кеңесшілер Kcell және activ абоненттерінің сұрақтарына kcell.kz және activ.kz сайттарында ғана емес, Telegram мессенджерінде де жауап бере алады.

Жанна мен Камилаға сұрақтар жөнелту үшін келесі бірнеше қадамдарды жасау керек:

  1. Telegram мессенджеріндегі @ActivKcellBot атауы бойынша «Байланыстар» бөлімінен виртуалды кеңесшілерді табу;
  2. «Start» басу;
  3. Мәтін алаңына /kcell немесе /activ теру және «Send» басу;
  4. Қызықтыратын сұрақтарды қою.

 

Виртуалды кеңесшілер Kcell, activ көрсететін қызметтер, акциялар, тарифтер туралы сұрақтарына жауап береді. Мобильді байланыстың сапасымен байланысты сұранысқа жүгіну кезінде немесе абонентке kcell.kz және activ.kzсайттарынан ақпарат табу кезінде кеңесшілер абоненттің бұдан арғы әрекеттерін үйлестіріп отырады және де сайттағы қажетті бетке тікелей сілтеме жасап отырады.

Кеңесшілер абоненттің құпия ақпараттарын ұсынуға байланысты сұрақтарға, яғни, мысалы, «Менің балансым қандай?» немесе «Менің тарифім қандай?» деген жеке сұрақтарға жауап бермейді, бірақ осындай мәліметтерді қалай алуға болатындығы туралы ақпарат ұсынады.

Виртуалды роботтар-кеңесшілерден Kcell және activ абоненттері, негізінен, мобильді интернет, мобильдік байланыстың төлем тәсілдері, роминг сияқты қызмет көрсетулер қызықтыратынын ескере кеткен жөн. Олар сұрақтардың 60% құрайды. activ клиенттері тарифті көбірек сұрайды, Kcell тұтынушылары - 35% сұранысқа 15% қарсы. Осы орайда Kcell абоненттері «Кселл» компаниясы туралы activ тұтынушыларына қарағанда 20% артығырақ сұрайды, ал виртуалды кеңесшілер activтен компанияның қызметі туралы 10% сұрақ алады.

Ақпарат үшін:

Telegram – смартфондар мен басқа қондырғылар үшін мәтіндік хабарламалармен және әр түрлі форматтағы медиафайлдармен алмасуға мүмкіндік беретін ақысыз кроссплатформалы мессенджер.