Жаңалықтар
27 желтоқсан 2017

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында байланыс сапасының нашарлауы

Құрметті абоненттер!

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы нашар ауа райы жағдайларына байланысты электр энергиясының берілу проблемаларына орай қазіргі уақытта осы облыстарда байланыс сапасының нашарлауы орын алып отырғандығына назар аударыңыздар. Байланыс осы облыстардағы энергиямен жабдықтаудың қосылу және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілу шамасына қарай қалпына келтіріледі. Компания инженерлері байланысты қамтамасыз ету үшін өз тараптарынан мүмкін болатынның бәрін жасауда. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.