Жаңалықтар
30 маусым 2017

«Мобильді интернет+» және «Интернет+» қызметтеріндегі өзгерістер

Құрметті абоненттер! 

2017 жылдың 29 тамызынан бастап «Мобильді интернет+» және «Интернет+» қызметтерін көрсету шарттарына өзгерістер енгізіледі: 

  • «Интернет+» қызметін алғашқы қосқан кезде Welcome-бонустың берілуі тоқтатылады;
  • Интернет-трафиктің жарамдылық мерзімі оның берілген айынан кейінгі келесі айдың соңына дейін орнатылады. Теңгерімнің жеткіліксіз болуына байланысты қызмет бойынша белгіленген уақытта күнделікті абоненттік төлем алынбаған жағдайда сол уақытқа дейін қызмет бойынша барлық жинақталған, бірақ пайдаланылмаған интернет трафик нөлденеді;
  • «Интернет+» қызметі үшін қызметтің бір түрінен екінші түріне Upgrade опциясы арқылы ауысу мүмкіндігі жабылады;
  • «Интернет+» қызметінің келесі түрлерінде интернет-трафиктің көлемі және абоненттік төлемнің мөлшері көбейеді:

Трафик

Күнделікті интернет-трафиктің жаңа көлемі

Абоненттік төлемнің бұрынғы мөлшері, теңге (ҚҚС қоса)

29.08.2017ж. бастап абоненттік төлемнің мөлшері, теңге (ҚҚС қоса)

20 МБ

45 МБ

29

39

175 МБ

190 МБ

69

74

300 МБ

350 МБ

99

115

 

2017 жылдың 29 маусымына дейін «Интернет+» қызметі бойынша берілген Welcome-бонус пен жинақталған интернет-трафиктің көлемі, сондай-ақ «Мобильді интернет+» қызметі бойынша жинақталған интернет-трафиктің көлемі 29.08.2017ж. дейінгі белгіленген шарртарға сәйкес жұмыс істейді.

«Интернет+» және «Мобильді интернет+» қызметтерін көрсетудің басқа шарртары өзгеріссіз қалады.