Жаңалықтар

Digital Life жобасының алғашқы айы: бүкіл отбасы бір партаның алдында

Бір ай бұрын Digital Life жобасының жаңа маусымы басталды. Жоба Қазақстанда Kcell компаниясының бастамасы бойынша E-event.kz агенттігімен бірлесе отырып іске асырылуда. 

Биылғы жылы Шымкент қаласындағы «Әжелер, аталар және смартфон» курсына әжелер ғана келді. Таяуда 80 жылдық мерейтойын атап өткен жасы ең үлкен тыңдаушы Валида Кариева ең іскер қолданушы болып шықты. Музыкаға аса құштар зейнеткер әжей мессенджерлер мен әлеуметтік желілерден бөлек өз смартфонына музыкалық сервистер мен қосымшалар орнатты.   

Мобильді сауаттылық курсына адамдар бүкіл отбасыларымен бірге жазылып жатқаны қызықтырады. Мысалға, келіні, енесі мен құдағи бір партаның алдына жиналған жайттар да бар. Жасы 50 келген Галина Кочкина курстар туралы хабарламаны көрген сәтте өзімен бірге анасы мен енесін шақырған. Мессенджерлермен танысқаннан кейін олар ең алдымен WhatsApp қосымшасын орнатып, «Туыстар» жалпы тобын құрды. «Отбасылық» оқудың тағы бір мысалы Қостанай қаласында тіркелді. Нина Николаевна мен Петр Тимофеевич Пирняк компьютермен жұмыс істеп үйренген екен. Курс барысында ерлі-зайыптыларды әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен фотолардан бөлек, интернет-төлемдер қызықтырды. «Айналамызда көптеген мүмкіндіктер бар кезде, уақытыңды коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін кезектерде өткізу өкінішті», - дейді смартфонның көмегімен өз өміріндегі алғашқы коммуналдық төлемді жүргізген Нина Николаевна. 

Қостанайда «Әжелер, аталар және смартфон» курстарына арналған топтарға барлығы 30 астам тапсырыстар келіп түсті. Биылғы жылы жасы үлкен жаттықтырушыларға еріктілер де көмектесті.   

Бұдан бөлек, «Мобильді қауіпсіздік» тренингінің маусымы басталды. Жаңа бағдарламада смартфондардағы қауіпсіз қосылудың реттемелеріне баса назар аударылған. Бұл балаларды құқыққа қарсы контенттерден сақтауға мүмкіндік береді.  Ақтөбе қаласында Digital Life командасын ата-аналардың облыстық слетіне шақырды. Мұнда тренингке шамамен 40 адам қатысты. 

Digital Life үшінші маусымы енді басталуда, Қазақстанның барлық облыс орталықтарында 60 астам білім беру іс-шаралары жоспарланған. Барлық шеберлік сабақтар мен курстар тегін өткізіліп жатқанын атап өту қажет. 

Жалпы, екі жыл ішінде жобаға Қазақстанның 16 қаласынан 6,2 мың адам қатысты. Мобильді медиа, мобильді қауіпсіздік, мобильді мемлекет, мобильді бизнес және басқа да тақырыптар бойынша 230 тегін мастер-класстар өткізілді.