Жаңалықтар

«48 сағатта түсіру»: ең үздік қысқа метражды фильм Kcell-ден сыйлық алды

30 мамырда «48 сағатта түсіру» атты қысқа метражды фильм байқауының Үлкен финалы өтті. 334 ұсынылған туындының ішінен қазылар алқасы ең үздігін таңдап алды. Гран-приді Қырғызстан командасының «Кет out»   фильмі  жеңіп алды.

48 HourFilmRace немесе «48 сағатта түсіру» - бұл қысқа метражды фильмдер байқауы, бұл сайыс Қазақстанда осымен үшінші рет Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының қолдауымен  өткізіліп отыр. Бұл жылы тек қазақстандықтар ғана емес, Орталық Азияның басқа да елдерінің өкілдері  қатысты.

Ұйымдастырушылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстаннан 1540 ұсыныс алды, бұл 2015 жылға қарағанда 20 есе көп. Бірақ тек 334 команда ғана қысқа метражды фильмдерін жіберді.

Таңдаудың бірінші кезеңі сюжеті қызықты және тиісті талаптарға сәйкес 48 фильмді анықтады. Барлық қатысушыға 4 минуттық фильм түсіруге  және онда «DoyouspeakEnglish» сөзін, шляпа киген кейіпкерді, алма және инелі жіпті пайдалануға тапсырма берілді.  

Үлкен финалдың қазылар алқасы киноиндустрия өкілдері Санжар Мәдиев пен Әсел Сәдуақасова, киносыншы Олег Борецкий, қоюшы оператор Азамат Дулатов және басқалар болды. Қазылар алқасының бірауызды шешіміне сәйкес комедия жанрында түсірілген «Кет out» фильмі үздік деп танылды.

Қырғызстаннан келген жеңімпаздар тобы байқаудың бас серіктесі «Кселл» компаниясының бағалы жүлдесін iPhone 8 SpaceGrey 256 GB смартфондарының сыйлыққа алды.

«Жеңімпаздарды лайықты жеңісімен құттықтаймыз. Киноиндустрия - бұл экономика, саясат, өнер, әлеуметтік саланың дамуының және біздің өміріміздің басқа да аспектілерінің айнасы. 48 Hour Film Race секілді конкурстар кинематографияның шынайы дарындарын табуға көмектесетініне қуаныштымыз. Біз бұл іс-шараға mobi мобильді өнімдердің экожүйесінің бір бөлігі саналатын mobi kino мобильді қосымшасымен бірге қолдау көрсеттік, сондықтан бізге бұл сала өте жақын, біз оның қалай дамып келе жатқанын қадағалап қана қоймай, дамуына да көмектесеміз. Сондықтан біз жеңімпаз командаға кино түсіруді жалғастыра беріңіздер, смартфонға да түсіріңіздер, шабыттарыңыз өссін, өздеріңіз де өсіңіздер, жақсы кино түсіріңіздер деген тілекпен iPhone 8 256 GB смартфондарын сыйладық,», - деді «Кселл» АҚ корпоративтік коммуникация бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.