Жаңалықтар

«Кселл» АҚ-ның бақылаушы акционері - «Қазақтелеком» компанияға қатысу үлесін сатып алу мәмілесін аяқтағаны үшін беделді сыйлықтың иегері болды

Сыйлықты ұйымдастырушы бүкіл әлемдегі телекоммуникациялар, медиа және технологиялар саласындағы бірігу, жұтылу, инвестициялар, қаржыландыру және кеңес беру мүмкіндіктері бойынша эксклюзивті жаңалықтар мен оқиғаларды жетекші ұсынушы«TMT Finance» болды.

«TMT Finance» және оның ғаламдық желісі басты  жетекші телекоммуникация, медиа және технологиялық компаниялардың, инвестициялық банктердің, инвесторлардың және кеңес беру компанияларының 2006 жылдан бергі негізгі оқиғаларға, марапаттарға және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға негізделген көрнекі жетістіктерін атап өтеді.    

Номинанттар TMT Finance ғаламдық базасынан таңдалады, қорытынды қысқаша тізімдерді тәуелсіз және тәуелсіз сарапшылар алқасы ұсынады, олардың құрамына ең беделді M&A кеңесшілері мен салалық сарапшылар кіреді.

«Жыл мәмілесі - Азия» санатында «Қазақтелеком» АҚ  Etisalat Lanka (Шри-Ланка), M1 (Сингапур), Vodafone New Zeland (Жаңа Зеландия), WTT HK (Гонконг) және Pan Asia Majestic Eagle Ltd (Мьянма) сияқты жетекші телекоммуникациялық компаниялармен бәсекелесті.

«Жыл мәмілесі - Азия» номинациясындағы жеңісті «Қазақтелеком» АҚ-ға компанияның қызметіне ғана емес, сонымен бірге жалпы Қазақстанның телекоммуникациялық нарығына да әсер еткен «Кселл» АҚ-ның 75% қатысу үлесін сатып алу туралы мәміле үшін берілді.  Лондонда өткен қорытынды шығарудың салтанатты рәсімінде мәртебелі марапат «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Ерулан Құсайыновқа табысталды.

Ескетеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың 9 айының қорытындылары бойынша «Қазақтелеком» АҚ құрылымында Кселл барлық негізгі көрсеткіштердің өсуін көрсетті.

Таза сатылым көлемі 2,4 пайызға артып, 114,170 миллион теңгені құрады (K3 2018:  111 447). 9 айдың қорытындысы бойынша біз EBITDA-дің (біржолғы шығындарды қоспағанда) 31,0 пайызға 47,997 миллион теңгеге дейін дейін тұрақты өсуін байқадық (K3 2018: 36 642).

Біржолғы шығыстарды қоспағанда, компанияның операциялық кірісі 47,5 пайызға артып, 24 731 миллион теңгені құрады (K3 2018:  16 763).

Мәміле жасалған сәттен бастап екі компания басшылығының бірлескен күш-жігері корпоративтік басқаруды да, «Кселл» АҚ қаржылық көрсеткіштерін де жақсартты.