Жаңалықтар

Kcell листинг сәтінен бастап жеті жылға толуын атап өтуде

2019 жылдың 17 желтоқсанында «Кселл» АҚ (бұдан әрі - «Кселл» немесе «Қоғам») өзінің ғаламдық депозитарлық қолхаттарын Лондон қор биржасында (LSE) листингке енгізіп, өз акцияларын Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырғанына жеті жыл толуын атап өтті.

Осыдан жеті жыл бұрын «Кселл» қазақстандық және халықаралық инвесторлардың үлкен қызығушылығын тудырған ашық компания болды. Соңғы жеті жыл ішінде біз Kcell-де Қазақстандағы жетекші ұялы байланыс операторы ретінде елдегі макроэкономикалық өсімді қалпына келтіретін маңызды инвестициялық ұсыныс бар екенін дәлелдедік.

IPO кезінде біз сондай-ақ корпоративтік басқаруды қоса алғанда, Компанияның барлық бағыттарындағы ең үздік халықаралық тәжірибеге берік екенімізді көрсеттік. Бүгін біз соңғы жеті жыл ішінде уәдемізге адал болдық деп мақтанышпен айта аламыз. Сонымен бірге біз Kcell-дің нарықтағы жетекші позициясын нығайтуды және клиенттерімізге қызмет көрсету сапасын жақсарту және компанияның барлық акционерлері үшін экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында технологияны жетілдіруді жалғастырудамыз.

Kcell ұжымы өз қызметінде келесі жеті жылдық кезеңді өткермек.