Жаңалықтар

Ксеll Орталықтары абоненттерге қызмет көрсетудің жеті күндік кестесіне көшеді 

Осы жылдың 1 мамырынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 20 Kcell орталығы Kcell Store дүкендері сияқты жеті күндік жұмыс кестесіне көшеді. Енді Kcell және Activ абоненттері барлық қажетті қызметтерді жексенбі күні де ала алады. Жексенбі күндері абоненттерге қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты сенбі күнгі сияқты: 9.00-ден бастап 18.00 дейін.

Kcell орталықтарында Kcell және Activ абоненттері SIM—картаны ауыстыру, тіркеу және қайта ресімдеу, тарифтік жоспарды ауыстыру, қызметтерді қосу немесе ажырату, нөмірді бұғаттау және бұғаттаудан шығару мәселелері бойынша қызмет көрсетуді ала алады. Компанияның білікті қызметкерлері Kcell мен Activ арасында немесе басқа операторлардан абоненттік нөмірді көшіруге көмектеседі, шот дерегін береді, интернет-қызметтер мен қосымшалардың баптауларын, сондай-ақ кредиттік лимитті қосу немесе өшіруді орындайды және шартты бұзу кезінде кеңес береді.

2014 жылдан бастап Kcell Орталықтарынан абоненттер тиімді шарттар бойынша бөліп төлеу арқылы және қызметтер топтамасы қосылған байланыс телефондарын сатып ала алады. Қазақстан бойынша барлық Kcell Орталықтарының мекенжайларының тізімін осы сілтеме арқылы табуға болады: https://activ.kz/kk/contacts/about#office-region-40000