Жаңалықтар

Ақылы жолдармен жол жүру мобильді нөмір теңгерімінен төлем жасаған кезде 2 есе арзан 

Ақылы жолдармен жол жүруге мобильді телефон теңгерімінен төлем жасау ақшаны үнемдеуге көмектеседі.

Қазақстанның барлық ақылы жолдарында кіретін және шығатын жерлерде төлем жасау бекеттері орнатылған. Олармен жол жүруге екі түрлі әдіспен төлем жасауға болады: кіру алдында алдын ала төлем жасау немесе шығатын кезде төлем жасау. Бұл ретте жеңіл автомобильдер үшін жол жүру ақысы алдын ала төлем бойынша 2 есе арзан. Және оны мобильді нөмірдің теңгерімінен жасауға болады*. 

Камера автомобиль нөмірін белгіленген жолақпен жүріп өткен кезде тіркейді, ал ақысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның жеке есеп-шотынан алынады. Жеке есеп-шот нөмірі автомобильдің мемлекеттік нөміріне сәйкес. 

Жеке есеп-шотты activ немесе Kcell абоненттік нөмірдің теңгерімінен толтыруға болады. Жолдың ақылы учаскесіне кірер алдында ХХХ жолақы YYYYYYYY форматында 5505 нөміріне SMS жіберу қажет, мұндағы «X» – бұл жеке есеп-шотты толтыру сомасы, теңгемен, «жолақы»** - бұл қызметтің сәйкестендіргіш-сөзі, ал «Y» – бұл автомобильдің нөмірі, ол сіздің жеке есеп-шотыңдың нөмірі болып табылады.

Мысалы: 100 жолақы 123AAA02.

SMS жібергеннен кейін 5505 нөмірінен төлемді растауға сауал келеді. Осы нөмірге 1 цифрын жіберіп (бұл SMS тегін), төлемді растаңыз. Көрсетілген сома мен комиссия мобильді нөмірдің теңгерімінен алынады, ал төлем растау ретінде SMS келеді. 

Бірнеше жол жүруге соманы көрсетуге болады, мысалы: 1000 жолақы 123AAA02. Сонда ақылы жолға кірген сайын SMS жіберудің қажеті болмайды. 

 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да жеке есеп-шотты толтыруға комиссия мобильді нөмірдің теңгерімінен 1,5 пайызды құрайды. Яғни, мысалы, 1000 теңгеге толтырған кезде, комиссия 15 теңгені құрайды. 

Төлем туралы ақпарат сілтеме бойынша бар. 

Ақылы жолдармен жол жүру ақысы жеңіл автомобильдер үшін бір бағытқа:

Бағыт

Алдын ала төлеммен

Қол-қол төлеген кезде

Алматы - Қапшағай

100 тг

200 тг

Нұр-Сұлтан – Щучинск

200 тг

400 тг 

Нұр-Сұлтан – Теміртау 

200 тг

 

*техникалық партнер - Wooppay

**Сәйкестендіргіш-сөз ретінде проезд, proezd, жолақы, жолакы, zholaky, passage сөзін қолдануға болады.