Жаңалықтар

activ-тен жаңа жылдық сыйлық! Қаңтар бойы activ-пен Ақтөбе қаласында жол ақысы екі есен арзан

2021 жылғы 01 қаңтардан бастап 31 қаңтарға дейін Кселл Ақтөбе қаласында Visa-мен бірге «Visa QR-мен Кэшбэк» науқанын бастауда.

activ абоненттері қоғамдық көліктермен жол жүру ақысының 50% көлемінде кэшбэк алады. 

Кэшбэк алу үшін абонентке:

- activ қолданбасы арқылы Visa QR кодын сканерлеп, қоғамдық көлікпен жол жүру ақысын өз нөмірінің теңгерімінен төлеу

- электрондық билеті бар SMS алу қажет.

Содан кейін абонент нөмірінің теңгеріміне жол ақысының 50% көлемінде кэшбэк түседі!

Төлемнің көрсетілген түрін көлік құралы салонының ішінде Visa QR коды бар жапсырмалар бар барлық қалалық маршруттарда пайдалануға болады.

Төлеу сәтінде абонент теңгерімінде операцияны жүргізу үшін жеткілікті сома болуы тиіс, төлемді алғытөлемдік есеп айырысу тәртібіндегі абоненттер ғана жүргізе алады.

Науқанды өткізу кезеңінде нөмір теңгеріміне кэшбэк беру шарттары:

- Кэшбэк бір абоненттік нөмір бойынша күніне (Visa QR арқылы төленетін) төрт сапарға ғана беріледі.

«Visa QR бар Кэшбэк» науқанының шарттарымен толығырақ мына жерден танысуға болады qr.activ.kz