Жаңалықтар

Kcell ҚР Паралимпиялық құрамасының серіктесі болды

«Кселл» компаниясы ҚР-ның паралимпиялық байланыс құрама командасының ресми мобильді серіктесі болды. Ұялы байланыс операторы Сочидегі Паралимпиадаға қатысушы құрама командасы мүшелеріне өз жақын-туыстарымен еркін қатынас жасау үшін өз байланысын ұсынды. 

Өзгелерге ұқсамай отырып, ең үздіктер қатарынан табылу – аса жоғары жетістік. Паралимпиялықтардың сөзіне жүгінсек, олар өздерін барлық мүмкіндігі шектеулі адамдардың елшісі деп санайды. Олардың міндеті – адамның қолынан келмейтін нәрсенің жоқ екенін көрсетіп, өмірден күдер үзгендердің үмітін жалғау.

Сочиде өтіп жатқан XI-ші Қысқы Паралимпиялық ойындарға қатысып жатқан құраманы бүкіл Қазақстан қолдауда. Ал қазақстандық спортшылар табыс табуға бар күшін салуға уәде берді. Алайда спортшыға ғана тәуелді болмайтын, бірақ оған аса қажетті жалғыз нәрсе бар – ол туыстарының, достарының және бар ынта-жігерімен өзінің жоғары нәтижесін бағыштайтын туған елінің қолдауы. Спортшы үшін бүкіл қиындықтарды жалғыз өзі ғана еңсермей, оған мыңдаған жанкүйерлерінің, баршаға ортақ жеңіске жетуге деген миллиондаған тілектердің қосылатындығын сезінудің маңызы аса зор. Сондықтан «Кселл» ұялы байланыс операторы Қысқы Паралимпиадада еліміздің намысын қорғауға аттанған спортшыларға тегін байланыс ұсынды.

Осы жайтты баяндай отырып, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Али Аган: «Спортшының аса зор еңбегінің, табандылығы мен мақсатқа талпынысының, батылдығы мен шексіз ерік күшінің арқасында жеңіске жететіні баршаға аян. Бұл қасиеттер кейбір адамдарға ғана туа бітеді және олардың ішінде санаулысы ғана оларды көрнекті нәтижеге айналдыра алады. Барлық қазақстандықтармен бірге біз де Паралимпиялық құрама команданың Сочидегі ойындарына табыс тілейміз. Өміріндегі осы аса маңызды жарыс кезінде жақын-туғандарымен байланысып тұруы спортшыларға ең биік белестерден өтуге септігін тигізіп, Қазақстанның әлемдік спорттық жетістіктері қатарына жаңа жеңістерді қосуға мүмкіндік беретініне үміттіміз», – деп атап көрсетті.

Паралимпиялық қысқы ойындардағы жарыстарда 5 түрлі қысқы спорт ойындары ойналады: следж хоккей, арбадағы керлинг, шаңғы жарысы мен биатлон, тау шаңғысы және сноуборд. Қазақстандық спортшылар спорттың түрінде ел намысын қорғайды. ҚР ҰПК Президенті Дархан Калетаев былай деп атап өтті: «Қоғамдық ұйым болып табылатын Ұлттық Паралимпиялық комитет 2002 жылы құрылған. Оның негізгі мақсаты – Қазақстанда паралимпиялық қозғалысты дамытып, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізуіне жағдай жасау. 2013 жылы біздің паралимпиялық ойыншыларымыз әртүрлі спорттық іс-шаралар барысында 19 алтын, 22 күміс және 22 қола медаль жеңіп алды. Сочидегі Паралимпиададан біз бұдан зор нәтижелер күтеміз, ал біздің спортшылар, әрине, қазақстандықтардың белсенді қолдауына үмітті».

Қызмет атқарып келе жатқан 15 жыл ішінде «Кселл» компаниясы ондаған спорттық жобаны іске асырды. Ұялы байланыс операторы 2000-ші жылдан бері Special Olympics Kazakhstan ұйымына қолдау көрсетуде. Бұл қозғалыс мыңдаған қазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшыны біріктіріп, оларға жергілікті және халықаралық ауқымдағы спорт турнирлерінде өз дарынын көрсетуге мүмкіндік туғызып отыр.