Жаңалықтар

Өзбекстандағы сим картасын ауыстыру

Енді Сізде роумингте үйдегідей болудың тағы бір мүмкіндігі пайда болды!

Егер Сіз Өзбекстанда болып, сим картаңыз жоғалатын болса, қапа болмаңыз!
Біздің серіктестер–Ucell компаниясы нөмірді сақтай отырып Kcell немесе Activ сим картасын Ташкент қ., Шахрисабз, 1 мекенжайында ауыстыра алады. 

Сим картаны ауыстыру жөніндегі қажет ақпарат:

  • Егер нөмір Сіздің атыңызға тіркелген болса, өзіңізбен бірге төлқұжатты ала келген жеткілікті. Сим картаны ауыстыру процесі 15 минуттай уақытты ғана алады.
  • Егер нөмір заңды тұлға атына тіркелсе, ұйымыңыздың байланыс телефонын көрсетіңіз, біз олармен байланысып, жайтты хабарлап, хат сұратамыз. Бұл жағдайда да сим-картаны ауыстыру 30 минуттан аспайды.

 

Жақындарыңызбен, туыстарыңызбен және әріптестеріңізбен байланыста қала беріңіз!