Жаңалықтар

Кселл Электрондық үкімет жаһандық форумына қолдау көрсетті

Осы күндері Астанада электрондық үкімет бойынша жаһандық форум өткізілуде. Форумның басты тақырыбы – «Тұрақты дамуға бағытталған білікті басқару: желілік қоғамдастықта серіктестікті іздеудің жаңа мүмкіндіктері.  «Кселл»  мобильді байланыс операторы аталған форумның  бағалы серіктесі болды.

«Global e-Government Forum-2014» атты форум БҰҰ қолдауымен 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Қазақстанда жаһандық форумды өткізу туралы шешім 2013 ж. жасалған болатын. Біздің мемлекет Ақпараттық-технологиялық байланыс саласы мен электрондық үкімет жүйесін белсенді түрде дамытуда. БҰҰ-ның 2014 ж. рейтингісінде Қазақстан 28-орынды иеленіп, небәрі екі жыл ішінде 10 сатыға жоғарылады.

Бұл форумда «Кселл» мобильдік байланыс технологиясын қолдану, мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыруға арналған мобильдік электронды сандық қолтаңбаны енгізу арқылы,  электрондық үкіметті дамыту жобасымен таныстырды.  Мобильдік электронды сандық қолтаңбаны дамыту жөніндегі эксперт ретінде Дмитрий Фризен, TeliaSonera-ның Эстониядағы бөлімі, «Eesti Telecom» компаниясының О2О бөлімшесінің жетекшісі, қонаққа шақырылды.  

«Қазақстанда барлық тұрғындар санынан тек 2 млн. адам ЭСҚ қолданады. Сонымен бірге қазақстандықтардың 90%-ы, жалпы ену бойынша 180 %-дан асып түсетін, мобильдік байланыс көмегіне жүгінеді. Мобильдік байланыс – мобильдік ЭСҚ  қолдануды оптимизациялауға және электрондық үкіметті дамытуға арналған ыңғайлы инфрақұрылым», - деп есептейді Дмитрий Фризен.

Эстониядан келген эксперттің пікірінше, мобильдік электронды сандық қолтаңба электрондық үкімет жүйесін қолданатындар санын арттырып ғана қоймай, қызметті қабылдау үрдісін де айтарлықтай жеңілдетеді. Мұны жүзеге асыру үшін ЭСҚ бар арнайы SIM-карта және компьютер немесе ғаламтор желісіне кіре алатын смартфон қажет.

«Біздің компания үшін «Global e-Government Forum-2014» серіктесі болу үлкен мәртебе. TeliaSonera  бөлімі ретінде, «Кселл» мобильдік электронды үкімет жүйесін дамыту саласы бойынша бірегей сараптамаға ие. Біздің табысты тәжірибеміз,  тұрғындардың максималды санына жетімді болатындай, Қазақстандағы мобильдік электронды үкіметтің қызметтерін одан әрі дамытуға жақсы қолдау көрсете алады», - дейді Kcell компаниясының атқарушы директор міндеттерін орындаушы, Рикард Слунга.