Жаңалықтар

«Кселл» LTE жабдығын сынауды бастады

Алматы, 25 ақпан 2016 жыл. Табыс көлемі және абоненттік базасы бойынша Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторы болып табылатын «Кселл» компаниясы 5 қалада: Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе мен Атырауда LTE жабдығын сынауды бастағанын хабарлайды. Осылайша, компания бұрын жоспарланған кестеге және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму миистрлігінің бұрын берілген жиілікте 2016 жылдың 1 наурызына дейін LTE енгізу қажеттігі туралы ұсынысына сәйкес LTE енгізуге дайындық жұмыстарын жалғастыруда.