Жаңалықтар

Наурыз: мерекелер, құттықтаулар және мобильдік интернет уақыты

Өткен жылмен салыстырғанда мәліметтерді таратудың аса жоғары болғанын көрсетеді. Мысалы, 2016 жылдың 6 наурызынан 8 наурызына дейінгі мереке күндерінде «Кселл» компаниясының желісінде ол 145% өсті, ал 21 нен 23 наурызға дейін – 2015 жылмен салыстырғанда рекордтық 247% жетті. Бұл ретте 21-23 наурызда мәліметтерді тарату бойынша компанияның абоненттерінің белсенділігі осы жылғы Жаңа жылдық көрсеткіштерден 20 пайызға артқан (31.12.15 ж. бастап 02. 01.16 ж. дейін).

«Кселл» компаниясының абоненттерінде мобильдік интернеттің танымалдылығының екпінді қарқынмен өсіп отырғанына қарамастан, қоңырау шалулар мен SMS осы көктем мерекелерімен туыстары мен жақындарын құттықтау үшін белсенді пайдаланылып келеді. Наурыз айындағы мереке күндерінде компанияның абоненттері шамамен 640 миллион қоңырау шалған және 18 млн. SMS жіберген. Ал бұл күндері телефон арқылы сөйлесулердің табыстылығы 99% астам болды, ал SMS-хабарламаларды жеткізу жылдамдығы 8 секундтан аспады.