Жаңалықтар
26 шілде 2016

Роумингті қалай пайдалануға болады?

Мұнда activ абоненттері үшін роумингті пайдалану бойынша негізгі қадамдар берілген: 

 roaming

activ абонентіне нені білген маңызды:

 

1) Қазақстаннан шыққанға дейін басқа абоненттердің нөмірлеріне қайта адрестеу және дауысты пошта қызметін (#002#) өшірген дұрыс, себебі  қоңырау шалуды табысты қайта адрестеу роумингтегі тарифтерге сәйкес елге тәуелді шығыс қоңырау шалуларға  тарифтеледі;

2) Егер телефон шетелдік оператордың желісін автоматты түрде таңдай алмайтын болса, желіні қолмен теңшеулерден таңдау қажет. Сонымен қатар, 2G стандартының желісінің немесе (2G+3G/UMTS) желілерінің  қосарлы стандартының типін  SIM-картаның дұрыс жұмыс істеуі үшін теңшеулерде қолмен таңдау қажет болады. Қосымша ақпарат  www.activ.kz сайтында «Роуминг» → «Шетелге шығатындарға» → «Смартфондар үшін» бөлімінде;

3) Егер телефон роумингте Internet автоматты теңшелімдерін қабылдамайтын болса, теңшеулерді қолмен тексеріңіз. APN жолында телефонның теңшеулерінде internet сөзін жаза отырып, internet қатынау нүктесін жазу қажет.

4) Қазақстанға қайтқан кезде  абоненттік төлемді есептен шығару шартымен роумингте акциялық ұсыныстарды өшіруге кеңес береміз, себебі төлем қызметті өшіргенге дейін есептен шығарылатын болады, немесе роуминг қызметін толығымен өшіру керек, содан кейін барлық акциялық ұсыныстар автоматты түрде өшірілетін болады.

Шетелде болған кезде, қалай қоңырау шалуға болады:

Kcell-ге, activ-ке,
кез келген басқа
қазақстандық
операторлардың
ұялы телефондарына

 

+7 (ХХХ) ХХХХХХХ
Қазақстанның
қалалық
телефондарына

 

+7 қала коды; телефон нөмірі
Басқа елдер мен
болу еліндегі
қалалық телефондарға

 

+ ел коды; қала коды; телефон нөмірі
Кез келген басқа
операторлардың
ұялы телефондарына

 

+ ел коды; оператордың коды; телефон нөмірі
Дауысты пошта +77012000100