Жаңалықтар

19 сәуір 2017

«Кселл» компаниясының қолдауымен «Ситуативный казахский» тегін мобильді қосымшасы шықты

«Кселл» компаниясы «Білім-барлығы үшін» стратегиясы шеңберінде тегін мобильді қосымшаны құруға қолдау білдірді. Бұл қосымша қазақ халқының мәдени мәнмәтініне  ене отырып, қазақ тілін меңгеруге ниет білдіргендер үшін аса пайдалы болмақ.

«Ситуативный казахский» қосымшасы – Қанат Тасыбековтың осы аттас кітабының бірінші томының ресми электронды нұсқасы. Қосымша IOS және Android қолдауы бар смартфондар үшін қолжетімді, ыңғайлы интерфейсі бар, ал ең бастысы- әрқашан қол астында. 

Онда қазақ тіліндегі фразеологизмдерді, қалыптасқан сөз тіркестері және сөз түрлерін ахуалдық, мәнмәтіндік дұрыс қолданудың басты белгілері ашылған. Қосымшаның мәтіндік контенті аудио-файлдары бар иллюстрациялармен бекітілген.

«Түрлі өмір жағдайларында қолданылатын тілдің сөз орамдарын меңгеру, қазақ тіліндегі танымал мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің орыс тіліндегі баламаларына мағыналық сәйкестіктерін білу, бізді қоршаған атаулардын мағыналарын ұғу, соларды қазақ халқының менталитетімен танысу арқылы бекіту,- мұның барлығы қазақ тілінде дұрыс әрі көркем сөйлеуге көмектеседі. Кітабымды мейлінше мол оқырмандар үшін қолжетімді еткен «Кселл» компаниясына алғыс білдіргім келеді. Қазіргі уақытта мобильді технологиялар - жаңа білім алуға жәрдемдесетін басты құрал екендігі құпия емес. Миллиондаған қазақстандықтар қазіргі уақытта смартфондарды қолданады. Сол себепті осы мобильді қосымша қазақ тілін оқу үдерісін жеңіл, ыңғайлы және тиімді ететіне сенімдімін», - дейді  кітаптың авторы Қанат Тасыбеков.

Қосымша 14 тараудан тұрады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпты ашады. Өз кезегінде әр тарау бірнеше бөлімдерге бөлінген. Қосымшада отбасы, ата тегі, мінез, мирас, дүниетаным, әдептілік, тілек және күнделікті өмірдің басқа да аспектілерінде кездесетін тақырыптармен байланысты қалыптасқан сөйлемдер мен сөз тіркестері жинақталған.

«Қазақ тілін білу- еліміздегі әрбір азаматтың міндеті. Сол себепті кейінгі кезде «Кселл» компаниясы мемлекеттік тілді көпшілікке тарату және оны жаппай қолдануға бағытталған көптеген жобаларды іске асыруда. Осылайша, «Кселл» компаниясының қолдауымен 2015 жылы қазақ тілінде 4 мыңнан астам кітап жинақталған kitap қазақ әдебиеті кітапханасына кіруге рұқсат беретін тегін мобильді қосымша іске қосылған болатын. Биылғы жылы да біз «WikiBilim» бірлесе отырып, көпшілік үшін еліміздегі жетекші жоғарғы оқу орындарының  IT, телекоммуникация және бизнес бойынша қазақ тіліндегі курстарын қолжетімді еттік.  

Бүгінгі күні жаңа, тегін «Ситуативный казахский» мобильді қосымшасының іске қосылғандығы жөнінде хабарлағымыз келеді. Бастапқыда, біз алдымызға- қазақ тілін оқу және меңгеру үдерісін барынша көп отандастарымыз үшін қолжетімді ету үшін мобильді технологияларды қолдану мәселесін қойдық. Белгілі бір өмірлік жағдайға ену мәнмәтіндік тұжырымдамасы тілді меңгеру үдерісін тартымды және танымды етеді, қазақ тілі мен жалпы қазақ халқы мәдениетінің орасан зор байлығы мен көркемдігін ашады. Біздің қосымша кең аудиторияға пайдалы болатынына және қазақ тілі мен қазақтың төл мәдениетін меңгеру барысында тамаша әрі ыңғайлы көмекшіге айналатынына үміттенеміз»,- дейді «Кселл» АҚ  коммуникация бөлімінің басшысы Наталья Еськова.

«Ситуативный казахский» мобильді қосымшасын AppStore және Google Play арқылы тауып, жүктеуге болады.