Жаңалықтар

21 сәуір 2017

«Комфорт 8», «Комфорт 10», «Активті Light+», «Активті Boom+», «Активті Pro+» тарифтік жоспарларының абоненттері үшін жаңа «Тарифтік жоспарды қайта қосу» қызметі

Интернет-трафикті немесе ҚР-ға басқа ұялы операторларға минуттарды бітірдіңіз, ал Сіздің тарифтік жоспарыңыз бойынша кезектегі абонтөлемді алуға дейін әлі алыс па? Біздің жаңа «Тарифтік жоспарды қайта қосу» қызметімізді пайдаланыңыз!

Егер Сіз өз тарифтік жоспарыңыз бойынша бонустық көлемді немесе оның бір бөлігін 30 күннен бұрын бітірсеңіз, келесі абоненттік төлемнің алынуын күтудің қажеті жоқ.  «Тарифтік жоспарды қайта қосу» қызметі Сізге өз тарифтік жоспарыңызды мерзімінен бұрын қайта іске қосуға мүмкіндік береді.

Тарифтік жоспарды қайта қосу *167# арнайы мәзірі арқылы жүзеге асырылады. Қайта қосу үшін Сіздің теңгеріміңізде тарифтік жоспарыңыз бойынша абоненттік төлем сомасынан кем емес сома болу тиіс.

Қайта қосылған жағдайда, Сіздің теңгеріміңізден тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынады және бонустық көлем беріледі (интернет-трафик, activ/Kcell желісі ішінде SMS және желі ішінде және ҚР басқа ұяы операторларының абоненттерімен сөйлесу минуттары топтамасы). Тарифтік жоспар бойынша келесі абоненттік төлем қайта қосқан сәттен бастап, 30 күннен кейін алынады. 

Қайта қосқан сәтте қайта қосқанға дейін Сізде болған тарифтік жоспар бойынша барлық пайдаланылмаған бонустық көлем («Интернет-трафиктің қалдықтарын аудару» науқаны бойынша мерзімі ұзартылған интернет-трафикті қоса) жойылады.

Теңгерімде қаражат жеткілікті болса, қызметті шектеусіз рет пайдалана аласыз.

Қайта қосардан бұрын, мобильді деректерді сөндіруге және теңгеріміңізде тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткілікті екеніне көз жеткізуге кеңес береміз. Теңгерімді тексеру *111*3#.

Қызмет келесі тарифтік жоспарлардың абоненттеріне қолжетімді: