Жаңалықтар
26 желтоқсан 2017

Ёлочка

Достар, Kcell мен activ абоненттері үшін «Ёлочка» атты қызық сервисті іске қосқанымызды хабарлаймыз.

Енді балаларыңыз 620 нөміріне қоңырау шалса, нағыз Аяз Атамен немесе Ақшақармен тілдесіп, тақпақ түрінде жаңажылдық құттықтау ести алады.

Бар болғаны 620 нөмірін теріп, сөйлесу тілін таңдау қажет және Аяз Атаның немесе Ақшақардың бірнеше жұмбағын шешу керек. Сервисті 25 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін қазақ және орыс тілдерінде пайдалануға болады.

Біздің абоненттеріміз үшін қоңырау шалу тегін!

Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!