Жаңалықтар

Activ тарифтік жоспарларында бонустық көлем таусылғандағы тарифтеу логикасының өзгеруі

Құрметті Activ абоненттері, біздің қызметтерімізді пайдаланатындықтарыңыз және сапа туралы кері байланыс беретіндіктеріңіз үшін рахмет!

2018 жылғы 1 наурыздан бастап біз тарифтеудің жаңа логикасын енгіземіз. Бұрын сіздер тарифтік жоспарда қамтылған бонустық қызметтер көлемінен асқан соң абоненттік төлем алынғанға дейін қызметтерді қамтылған көлемнен тыс пайдалану үшін ақша теңгерімнен алынатын. Біз бұл үдерісті оңтайландырдық.

Енді тарифтік жоспардағы бонустық қызметтер көлемі абоненттік төлемнің алыну мерзімі келгеннен бұрын бітсе, теңгерімнен ақша қаражаты алынбайды, ал тиісті қызмет түріне қолжетімділік бұғатталады.

Бұғаттау тарифтік жоспарда қамтылған қызметтердің әрбір түріне: қоңырауларға, интернетке және желі ішіндегі SMS-ке жеке орнатылады (өз тарифтік жоспарларыңыздың талаптарын қараңыздар). Бонустық көлем таусылған бойда, сіздер бұл туралы SMS аласыздар.

Қай уақытта бұғаттау көзделмеген

Абоненттік төлем алынбаған жағдайда, қоңыраулар мен СМС тарифтеу сіздің тарифтік жоспарыңыздың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Назар аударыңыз! Абонент теңгерімнен қаражаттың алынуына рұқсат бермесе, абоненттік төлем алынбаған кезде Интернетке қолжетімділік бұғатталады.

Қызметтерге қолжетімділікті қалай қалпына келтіруге болады

  1. SMS-хабарландырудағы нұсқауларды орындаңыздар.
  2. Кез келген теңгерімде және трафикте қолжетімді болатын http://zero.activ.kz порталына кіріңіздер. Порталда:
    • Теңгерімді толтыру
    • Ағымдағы тарифтік жоспарды қайта қосу (мұндай мүмкіндік болған жағдайда)
    • Басқа тарифтік жоспарға ауысу
    • Қосымша қызметтер топтамасын қосу
    • Тарифтік жоспар талаптарына сәйкес, қосымша интернет-трафик көлемі үшін қаражаттың теңгерімнен алынуына рұқсат беру мүмкіндігі бар.
  1. Ағымдағы тарифтік жоспарды қайта қосу үшін *167# USSD пәрменін теріңіздер (мұндай мүмкіндік болған жағдайда). Қайта қосқан кезде абоненттік төлем толық көлемде алынады, тарифтік жоспар бойынша пайдаланылмаған қызметтер көлемі жойылады.
  2. Ағымдағы тарифтік жоспарды басқасына ауыстыру үшін қосуға арналған тиісті USSD тіркесті теріңіздер немесе SMS жіберіңіздер.
  3. Қосымша минуттар, интернет немесе SMS топтамасын қосу үшін *888# USSD пәрменін теріңіздер (өз тарифтік жоспарларыңыздың талаптарын қараңыздар).
  4. Қосымша қызметтер көлемі үшін қаражаттың алынуына рұқсат беру үшін *325# USSD пәрменін қолданыңыздар. Алдағы уақытта бонустық көлем таусылғанда, таңдалған қызмет түрі бұғатталмайды, ал тарифтеу бонустық көлемнен асқан кезде көзделетін тарифтер бойынша негізгі теңгерімнен жүргізіледі (өз тарифтік жоспарларыңыздың талаптарын қараңыздар).

USSD-пәрмен

Әрекет

*325*1#

Шығыс қоңырауларына арналған минуттарға қолжетімділікті қалпына келтіру (түрі тарифтік жоспарға байланысты) және қосымша қызметтер көлемі үшін қаражаттың алынуына келісім беру

*325*2#

Интернет-трафикке қолжетімділікті қалпына келтіру және қосымша қызметтер көлемі үшін қаражаттың алынуына келісім беру

*325*3#

Желі ішіндегі SMS-ке қолжетімділікті қалпына келтіру және қосымша қызметтер көлемі үшін қаражаттың алынуына келісім беру

*325*4#

Осы тарифтік жоспардағы бонустық қызметтер көлемінің барлық түрлеріне: минуттарға, интернетке және желі ішіндегі SMS-ке (тарифтік жоспарға байланысты) қолжетімділікті қалпына келтіру және қосымша қызметтер көлемі үшін қаражаттың алынуына келісім беру

Қосымша қызметтер көлемін тарифтеуге келісім:

  • басқа тарифтік жоспарды қосқанға дейін;
  • нөмір басқа абонентке қайта рәсімделгенге дейін жарамды.

Келісімді Kcell орталығына жазбаша өтінішпен жүгіне отырып немесе басқа тарифтік жоспарға ауысу арқылы өздігінен қайтарып алуға болады.