Жаңалықтар

«Виртуалды марафон 2018» науқаны!

 11.04.2018ж. бастап 22.04.2018ж. дейін қоса алғандағы кезеңде Алматы Марафонда жүгіру аясында activ/Kcell абоненттерінің арасында «Виртуалды марафон 2018» науқаны өтеді!

Науқан екі бөліктен тұрады:

  1. Instagram әлеуметтік желісіндегі конкурс
  2. Марафон қатысушыларына арналған конкурс

Алматы Марафон 2018 қатысушыларына арналған Науқан талаптары

  • «Алматы Марафон 2018» қатысушысы болып табылатын абонент Науқанға қатысу үшін өзінің марафондағы сөрелік нөмірін көрсете отырып, 2018 жылғы 17 сәуірден 22 сәуірге дейін қоса алғандағы кезеңде Астана уақыты бойынша таңғы сағ. 08:00-де 2288 нөміріне СМС жіберу арқылы Науқанға тіркелуі тиіс. Сөрелік нөмір бірегей болып табылады және Науқанда тек 1 рет тіркеле алады. 23.04.2018 ж. күн соңына дейін Науқанға қатысатындықтарын табысты тіркеген және марафонды аяқтаған Абоненттерге жүріп өткен қашықтықтарына сәйкес көлемде интернет-трафик беріледі: қашықтықтың әрбір километрі математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша бүтінге дейін дөңгелектеле отырып, 1 ГБ-қа теңестіріледі (0,5-тен кем шама азырақ жағына дөңгелектеледі).
  • Берілген интернет-трафиктің әрекет ету мерзімі – берілген мезеттен бастап 720 сағат, бұл ретте Науқан бойынша берілген интернет-трафик бірінші кезекте жұмсалады.
  • Сөреге шыққан және марафонды аяқтаған қатысушылардың тізімі 22.04.2018ж. марафон аяқталғаннан кейін Алматы Марафон ұйымдастырушыларына ұсынылады. Осы тізім ақпараты бойынша, жүгіру қашықтығына қарай интернет-трафик беріледі.
  • Дұрыс тіркелмеген немесе қатысушыларға интернет-трафик дұрыс берілмеген жағдайларда, Абоненттердің шағымдарын Компания Алматы Марафон ұйымдастырушысы растаған ресми ақпарат негізінде қарастырады. Шағымды қарастыру қорытындысы бойынша дұрыс берілмеген интернет-трафик жойылады.

Марафон өткізілгенге дейін Instagram әлеуметтік желісіндегі конкурстарға қатысушылар үшін Науқан талаптары

Компанияның ресми парақшалары арқылы Instagram әлеуметтік желісінде Алматы Марафон 2018-бен байланысты конкурстар жарияланады.

Конкурс талаптары оны жариялаған кезде сипатталады.

  • Науқан қатысушысының профилі Науқан өтетін кезеңде ашық болуы тиіс.
  • Конкурс аясында орындалған әрбір тапсырма үшін Науқан Қатысушыларына 3 (үш) жұмыс күні ішінде 5ГБ интернет-трафик беріледі. Интернет-трафиктің әрекет ету мерзімі – берілген мезеттен бастап 720 сағат, бұл ретте Науқан бойынша берілген интернет-трафик бірінші кезекте жұмсалады.
  • Науқан бойынша конкурстар аясында қатысушылардың жарияланымдар саны шектелмейді.
  • Конкурстар 2018 жылғы 11 сәуірден 21 сәуірге дейін қоса алғандағы кезеңде Компания белгілеген жиілікпен өткізіледі.