Жаңалықтар

Kcell «Сиреневый PRорыв» - 2018» PR жобалары бойынша студенттік конференцияның серіктесі болды

13 сәуірде Алматыда «Кселл» компаниясының қолдауымен «Сиреневый PRорыв» XVI студенттік PR-конференциясы өтті. Тоғыз ЖОО-ның студенттері «PR 360. Интегралданған коммуникация» тақырыбында өз жобаларын қорғап шықты.

Биылғы жылы қатысушылар өздерінің идеяларын үш бөлімде ұсынды: «Елдік PR», «PR-дағы әлеуметтік жауапкершілік», «Бизнестегі PR». Конференцияны жыл сайын Қазақстан PR-мамандарының «PR-шы» клубы ұйымдастырады, қазылар алқасы клуб мүшелерін қамтиды.

Жобалардың көпшілігі әлеуметтік PR бөлімінде болды. Студенттер мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсету мәселелеріне алаңдайды. Бірінші орынды Nuralau бейімделген киім брендін ұсынған Халықаралық Бизнес Университетінің (UIB) командасы алды. Бренд мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған киім тігумен айналысады. Қатысушылар фотосуреттермен үлгі жинағын жасап, әлеуметтік желілерде брендті насихаттайды, іс-шаралар ұйымдастырады.

 «Елдік PR» бөлімінде Endemic жобасымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы жеңіске жетті. Команда Telegram-бот құрған, онда фотосурет бойынша нейрон талшығы арқылы өсімдік түрлерін анықтайды және оның шығу тегі мен қасиеттерін толық сипаттайды. Осылайша, қатысушылар елімізді әлемнің технологиялық картасында насихаттап, онлайн және офлайн режимінде туристерді тартып, біздің елімізге олардың қызығушылығын тудырғысы келеді.

 «Бизнестегі PR» бөлімі  биылғы жылы өте ерекше болды - студенттер Lamoda (онлайн-дүкен) және OFO (велошеринг) сияқты нақты компаниялардың нақты мәселелерін шешті. Бірінші орынды онлайн-дүкен құру ісін шешу бойынша Қазақстан-Германия университетінің командасы алды.

«Біз «Сиреневый PRорыв» студенттік конференциясына тағы да қолдау көрсеткенімізге қуаныштымыз – бұл болашақ PR мамандары қазақстандық брендті дамытуға, қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыруға және бизнесті насихаттауға арналған жобаларды ұсынатын алаң. «Кселл» компаниясы «Баршаға білім беру» стратегиясының шеңберінде тұрақты түрде еліміздің интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған осыған ұқсас жобаларға үнемі  қолдау көрсетіп келеді», - деп атап өтті «Кселл» АҚ байланыс бөлімінің басшысы Наталья Еськова.