Жаңалықтар

Youtube, WhatsApp, Instagram-ға тарифтелмейтін «Шектеусіз қолжетімділік» науқанына қосылу мерзімін ұзарту туралы

Құрметті Абонент!  

Youtube+ WhatsApp+ Instagram- ға тарифтелмейтін шектеусіз қолжетімділік бойынша науқанға қосылу мерзімі 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды!

Youtube+ WhatsApp+ Instagram- ға тарифтелмейтін шектеусіз қолжетімділік бойынша науқан «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша ай сайынғы төлем алынған жағдайда ғана,  «Contract_2», «Contract_3», «Contract_4», «Contract_5», «Contract_6»  науқандық топтамалары қосылған activ абоненттеріне қатысты қолданылады.    

Науқан мерзімі – 31.12.2018 ж. қоса алғанға дейін

Науқанды қосу және өшіру *201# USSD тіркесі бойынша жүзеге асырылады. 

Қосылғаны туралы SMS-растама алғаннан кейін, Науқан дұрыс қосылуы  үшін телефонды қайта жүктеңіз. Нөміріңізде Науқанның қосылғанын тексеру үшін *201*3# теріңіз.        

Науқан 31.12.2018 ж. қоса алғанға дейін тек «Contract_2», «Contract_3», «Contract_4», «Contract_5», «Contract_6» науқандық топтамаларында ғана әрекет етеді және қосу 31.12.2018ж. қоса алғанға дейін қолжетімді.  

Назар аударыңыз!
Науқанға қатысатын және қосылған абоненттерге төменде аталған барлық талаптар орындалған жағдайда, YouTube бейнесервисіне, WhatsApp мессенджеріне және Instagram  қолданбасына/әлеуметтік желісіне тарифтелмейтін лимитсіз қолжетімділік беріледі:

  1. «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша ай сайынғы төлем толық мөлшерде алынған жағдайда;
  2. Абонент теңгерімінде Тарифтік жоспар бойынша бонустық интернет-трафик көлемінің қалдығы болған жағдайда (0-ден көп), бұл ретте activ.kz сайтында орналастырылған резервтеу ережелеріне сәйкес резервтелген интернет-трафик көлемі Науқан бойынша интернет-трафиктің қолжетімділігін анықтау мақсатында есепке алынбайды;
  3.  iOS пен Android-қа арналған «WhatsApp», «YouTube», «Instagram» ресми қолданбаларының өзекті нұсқалары арқылы интернетке шыққан жағдайда.

Браузерлерді пайдалану, push-хабарламаларды алу (соның ішінде әлеуметтік желілердегі оқиғалар туралы хабарламаларды алу), бағдарламалық қамтамасыздандырудың автоматты түрде жаңартылуы немесе орнатылған басқа қолданбалардың фондық жұмысы, басқа ресурстарға сілтемелерді, баннерлік жарнаманы, техникалық трафикті пайдалану, Google Play, App Store дүкендерінен қолданбаларды жүктеу, приваттық көру режимін пайдалану, смартфонды модем режимінде пайдалану, VPN-арналарды, прокси-серверлерді, анонимайзерлерді, InstagramStories, тікелей эфирлерді көру, сондай-ақ Whatsapp арқылы қоңырау шалу кезінде интернет-трафик қызметтердің науқандық топтамасынан, бар болған жағдайда, қосымша интернет-қызметтерден (интернет-топтамалардан) жұмсалады, ал олар таусылған немесе болмаған жағдайда, интернетке қолжетімділік бонустық интернет-трафик көлемінен асқан жағдайларда қолданылатын тариф бойынша тарифтеледі .

Интернет-трафикке тарифтелмейтін қолжетімділік Науқанға қосқан мезеттен бастап (Абонент осы Науқанның талаптарын сақтаған жағдайда) «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша келесі белгіленген ай сайынғы төлем толық мөлшерде алынатын күнге дейін қолданылады. «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша ай сайынғы төлем алынбаған кезде, Науқан бойынша интернет-трафик қолжетімді болмайды, оған қолжетімділік «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша ай сайынғы төлем толық мөлшерде алынғаннан кейін қалпына келеді. Науқан мен Науқан бойынша интернет-трафик әрекет ететін соңғы күн – 31.12.2018ж.

Науқан бойынша интернет-трафикке қолжетімділік «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша келісімшарттық кезең аяқталған/тоқтатылған жағдайда тоқтатылады.  

Науқан бойынша интернет-трафик роумингте қолданылмайды. 

Науқан бойынша интернет-трафикті пайдалану кезінде activ.kz сайтында орналастырылған резервтеу ережелеріне сәйкес, интернет-трафикті жеке резервтеу жүргізіледі. 

Интернет-трафикті жұмсау басымдылығы: ең алдымен Науқан бойынша интернет-трафик, содан кейін қосымша топтамалар (Абонент оларды қосқан жағдайда), ең соңында қызметтердің науқандық топтамасының трафигі жұмсалады.