Жаңалықтар

activ абоненттері үшін www.activ.kz сайтында онлайн төлем

Құрметті абоненттер!

Сіздерге www.activ.kz сайтында телефонның теңгерімін онлайн толықтыруға болатынын хабарлаймыз.

Онлайн төлем — бұл банк картасын пайдалана отырып, Интернет арқылы мобильді телефонның теңгерімін толықтыру тәсілдерінің бірі. Абонент Интернет қамтуы бар кез келген жерде www.activ.kz сайтына кіріп, теңгерімі толықтырылуы тиіс телефонның нөмірін, толықтыру сомасын және банк картасының деректерін көрсете отырып, теңгерімді толықтыра алады.

Төлем жүргізу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Кез келген жерде оңай әрі жылдам толықтырыңыз!