Жаңалықтар
Жаңалықтар
Комиссия төмендетілді!
2018 жылғы 26 қарашадан бастап «Қазпочта» АҚ-ның 3000-нан астам бөлімшелерінде activ және Kcell абоненттік нөмірінің теңгерімінен қолма-қол ақша қаражатын алған кезде комиссия 4%-дан 2.5%-ғадейін төмендетілгенін қуана хабарлаймыз (Ең төменгі комиссия — 150 теңге).
Жеке тұлғалар болып табылатын және есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібін қолданатын activ және Kcell абоненттері mobimoney сервисінің аясында «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшелерінде абоненттік нөмірдің теңгерімінен ақша қаражатын ала алады.
«Қазпочта» АҚ бөлімшесі арқылы activ және Kcell абоненттік нөмірінің теңгерімінен ақша қаражатын алу үшін мыналар қажет:
- қолма-қол ақша алу бойынша операция жүргізу үшін «Қазпочта» АҚ кез келген бөлімшесіне бару;
- жеке куәлік ұсынып, теңгерімінен ақша қаражаты алынатын абоненттік нөмірді айту;
- теңгерімінен қолма қол ақша алынатын абоненттік нөмірге келетін растау кодын алу;
- растау коды мен алынатын соманы «Қазпочта» АҚ бөлімшесінің операторына айту;
- оператор растау кодын тексерген соң, қолма-қол ақша қаражатын алу.
Абоненттік нөмірдің теңгерімінен төлеу мүмкін болатын қызметтердің тізбесі mobimoney.kzвеб-порталында көрсетілген.