Жаңалықтар

«Ерекше» тарифтік жоспарында бағалардың төмендетілуі

Құрметті абоненттер, 2019 жылғы 10 қаңтардан бастап «Ерекше» тарифтік жоспарында қызметтер құны төмендетілетіндігі туралы қуана хабарлаймыз:

  • мобильді интернетке тариф бір МВ-ға 2 теңгеден бір МВ-ға 0,5 теңгеге дейін
  • activ/Kcell желісі ішіндегі қоңырауларға тариф — минутына 2 теңгеден минутына 1 теңгеге дейін
  • activ/Kcell желісі ішіндегі SMS — бір SMS-ке 2 теңгеден бір SMS-ке 1 теңгеге дейін

Тарифтік жоспардың басқа талаптары өзгертілмейді. «Ерекше» тарифтік жоспары activ-тің мүмкіндіктері шектеулі абоненттері: 1 немесе 2 топ мүгедектері, сондай-ақ есту бойынша кез келген топ мүгедектері үшін арнайы әзірленген.