Жаңалықтар

Енді Шымкент қ-сында! Шымкентте жол ақысын activ және Kcell теңгерімінен төлеу!

2019 жылғы 25 қаңтардан бастап енді Шымкентте де қоғамдық көліктің жол ақысын activ и Kcell теңгерімінен төлеуге болатынын қуана хабарлаймыз.

activ және Kcell абоненттері mobimoney сервисінің аясында Алматы, Астана, Ақтөбе, Орал, енді Шымкент қалаларында қоғамдық көліктің жол ақысын төлей алады.

Теңгерімнен төлеу үшін:

  • 2505 қысқа нөміріне көлік кодымен немесе мем. нөмірімен (көлік коды жапсырмалары алынып қалғанда) SMS жіберіңіз
  • SMS арқылы электрондық билет алыңыз.

2505 қысқа нөміріне SMS жіберудің құны 0 теңгені құрайды.

Теңгерімнен төлегенде қоғамдық көлік жол ақысының құны:

  • Астанада 90 теңгені, экспресс автобустарда — 180 теңгені құрайды;
  • Астаны қаласының маңындағы жол ақының құны жолаушының кету аймағы мен келу аймағына байланысты (№ 1 аймақ — 90 теңге, № 2 аймақ- 200 теңге, № 3 аймақ — 300 теңге, № 4 аймақ — 400 теңге);
  • Алматы, Орал және Ақтөбе қалаларында — 80 теңге;
  • Шымкентте — 70 теңге.

SMS арқылы теңгерімнен төлеуге қолжетімді автобустардың бағыттары .

Қала

Бағыт

Алматы

1, 4, 7, 11, 13, 15, 16, 17, 20, 22, 23, 25, 27, 29, 29P, 31, :34, 47, 48, 49, 50, 54, 57, 60, 62, 65, 67, 72, 78, 81, 102, 104, 104A, 106, 112, 119, 122, 126, 128, 129, 141, 441

Астана

Барлық қалалық, экспресс және қала маңындағы бағыттар

Ақтөбе

1, 2, 5, 8, 8A, 11, 16, 17, 23, 32, 38, 39, 40, 41, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 49A, 51, 52

Орал

5, 7, 20, 35, 39, 43

Шымкент қ.

141, 147, 148

Абоненттік нөмірдің теңгерімінен төлеу мүмкін болатын қызметтердің тізбесі mobimoney.kz веб-порталында көрсетілген.