Жаңалықтар

Activ-тің 20 жылдығына орай минуттар мен интернет-трафиктерді ойын арқылы ұтып алыңыз

2019 жылдың 3-30 қыркүйегі аралығында activ абоненттері брендтің 20 жылдығына орай науқанға қатысып, бонустық интернет-трафик немесе дауыстық байланысты ұтып алуға мүмкіндіктері бар.

Науқанға қатысу жүргізілетін айда Супер Комфорт XS, Супер Комфорт S, Супер Комфорт M, Супер Комфорт L, Супер Комфорт Promo Тарифтік жоспарлары бойынша абоненттік төлем алынған Абоненттер ғана қатыстырылады. Егер абонент басқа тарифтік жоспарды пайдаланса, ол Науқанға қатыса алады, бұл ретте Жүлделер беріледі, бірақ Абонент оларды тарифтік жоспарын «Супер Комфорт» желісіндегі тарифтік жоспарлардың біріне ауыстырмағанынша пайдалана алмайды.

Науқан MyActiv мобильді қосымшасында жүргізіледі. Осы Науқан лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа да шара болып табылмайды. Науқанға қатысушылар — 18 жасқа толған жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары немесе Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар тұлғалар. Ұтыс ойынына қатысу тегін. Ұтыс ойыны тәулік сайын жүргізіледі (бір абонент Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша тәулігіне бір рет қатыса алады). Науқанды Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының аумағында 2019 жылдың 1-қыркүйегінен бастап 30-қыркүйегіне дейін жүргізеді.

Науқанға қатысу тәртібі

Күнделікті әр Қатысушыға Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 00:00:00 бастап ойынға қатысудың күніне бір мүмкіндігі беріледі.

Қатысу үшін MyActiv қосымшасында күнделікті ойынға қосымшадағы баннер арқылы сілтемені ашып, «Ойнау» пернесін басу қажет.

Абонент/қатысушы activ түс гаммасындағы көпіршіктерге/шарларға тиген уақытта жүлде ала алады. Шарлардың барлығы ұтысты емес, шарлар әрдайым қозғалыста болады. Жүлде шарының жарылған кезінде ойын аяқталып, пайдаланушыға жасырылғна жүлде — интернет-трафик, ҚР басқа ұялы операторларына минуттар немесе қалалық бағыттарға минуттар беріледі.

Жүлде қоры

номинал

саны

100МБ

500 000

500МБ

200 000

1ГБ

200 000

ҚР басқа ұялы операторларына 5 минут

10 000

Қалалық бағыттарға 5 минут

10 000

Жүлделердің әрекет ету мерзімі — берілген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн. Жүлделер абонентте осы сияқты басқа қызметтердің болған жағдайында бірінші кезекте жұмсалады.

Жүлделерді анықтау және алу тәртібі

Жүлделерді науқанға қатысу жүргізілетін айда Супер Комфорт XS, Супер Комфорт S, Супер Комфорт M, Супер Комфорт L, Супер Комфорт Promo Тарифтік жоспарларында ғана пайдалануға болады.

Трафик ұтыстан кейін бірден беріледі. Егер абонент басқа тарифтік жоспарды пайдаланса, ол Науқанға қатыса алады, бұл ретте Жүлделер беріледі, бірақ Абонент оларды тарифтік жоспарын «Супер Комфорт» желісіндегі тарифтік жоспарлардың біріне ауыстырмағанынша пайдалана алмайды.

Егер абонент тарифтік жоспарын жоғарыда аталған тарифтік жоспарларынан басқа тарифтік жоспарға ауыстыратын болса, ол Жүлдені абоненттің тарифтік жоспарын қатысу жүргізілетін айға абоненттік төлем алынған «Супер Комфорт» тарифтік жоспарлар желісіндегі тарифтік жоспардың біріне аустырмағанынша пайдалана алмайды.

Жүлде туралы ақпаратты Қатысушы Қосымшада қарай алады.

Науқанның қосымша шарттары

Ұйымдастырушы кез келген уақытта өз қалауына сәйкес Науқанды тоқтатуға немесе оның шарттарын, өткізу мерзімін өзгертуге, оның ішінде жүлделердің атауын және/немесе санын өзгертуге құқылы болады. Мүмкін болатын барлық өзгерістер мен толықтырулар өзгерту/тоқтату күніне дейінгі 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын жарияланады, бұл туралы ақпаратты Науқан сайтынан алуға болады.